Джуркабаева Индира Досымхановна
Алматы қаласы, «№ 200 мектеп –гимназиясы»
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бәсекеге қабілетті болу көрсеткіші — білім мен ғылым. Демек, балаларды мектепке дейінгі оқу –тәрбиемен қамтамасыз етуден бастап сауат ашып, хат тануына, іргелі білім алуына, талабы болса ғылыммен айналысуына жағдай жасау мемлекет үшін жауапкершілік жүгі.
Ал еліміздегі жаңа оқу жылы қарсаңында түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізіліп, қайырымдылық қорлары , жекелей қолұшын созатын ізгі жандардың қатарының артуы қуантарлық жай. Бұл да мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп отырған иігілікті іс.
Осыған орай оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы жүріп жатқаны баршаға аян. Біздің білім ошағы Алматы қаласы «№ 200 мектеп –гимназиясы » да қайырымдылық шарасынан тыс қалмады. Жылдағы дәстүр бойынша алдын ала тізім жасалып, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан білім алушылардың саны анықталды. Мемлекеттік қордан 331 оқушы қаржылай көмек алды. Жергілікті әкімдіктің тарапынан қайырымды жандардың арқасында 241 баланың қазіргі күні 65-і мектеп формасымен қамтылған. Мектеп табалдырығын енді аттаған 1 сыныптың 22 оқушысына да көмек көрсетілді.
Мектеп әкімшілігі де игі істен тыс қалмай 2 оқушыға қаржылай қолдау, 5 оқушыға мектеп формасын, 5 шәкіртін мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
Қайырымдылық — көмекке мұқтаж жандарға білдіретін сүйіспеншілікке толы нақты көмек. Әрі жақсылық жасау халқымыздың мақтан етер дәстүрлерінің бірі. Бір елде өмір сүріп отырған әр жанның тату-тәтті күн кешіп, ұрпағы білімді болғанын армандайтыны белгілі. Демек, «Қуантсаң — баланы қуант» дегендей осындай игі шараға үлес қосу адами қасиеттердің ең қадірлісі. Қайырымды іске үлес қосқан ізгі жандарға шексіз алғыс біліреміз.
Қайырымдылық жасау ізгі іс
Жарайсың тек биіктен көріне бер
Makusya28_07@mail.ru