Асанәлі Құдірет,
Үлытау облысы Жезқазған қаласы
№21 жалпы орта білім беретін мектебінің
8ә сынып оқушысы
Мен көркем еңбек сабағын жақсы көремін. Сурет салғанды қатты ұнатамын. Бұйымдар жасаған да ұнайды.
Бір күні ұстазым Канатбек Мустафовичтің саздан жасаған бұйымдарын көрдім. Жануарлардың, аң-құстың, мыс қорытушының мүсіндерін жасаған екен. Мен қызығып кеттім. Сурет салу қолымнан келмейді, бірақ қарап отырып, көшірмесін сала аламын. «Жасап көрейінші» деп Канатбек ағайлан сұрадым. Ол кісі қарсы болмады.
Ненің мүсінін жасауды ойландым. Өйткені Канатбек мұғалім қарарайым мүсіннен бастап көруіме болатынын айтқан болатын. Әке-шешем мені қолдады. Сыныптастарым да көмектесуге тырысты. Содан мен ең оңайы кірпі деп, соның мүсінін жасап бастадым. Басында маған оңай көрінді. Уақыт өте келе оның да оңай емес екенін түсінгендей болдым.
Менің қиналғанымды көрген Канатбек Мустафович, маған не істейтінімді
Қалай бастап, қалай аяқтайтынымды айтып өтті. Мен мүсін жасаудан бастағанмын. Олай жасауға болмайды екен. Мүсіннің суретін (сұлбасын) салудан басиау қажет екен. Содан кейін әр бөлігін жеке жасап құрастыру керек екен. Жасаған кірпінің мүсіні әдемі шықпаса да, аяқталғанда кеудем қуанышқа толды.
Қазір ойлап отырсам, менің болашақта мүсінші болуыма ұстазым Мустафин Канатбек Мустафовичтен басталады-ау деймін. Мен өз мақсатымды биік ұстап, осы бастан дайындалуға бет бұрдым. Көптеген балалар көркем еңбек сабағын құлшына қабылдамайтын. Менің жұмыстарымды көріп, олар да қызығушылық таынта бастады. Ұстазыма алғысым шексіз.
Өте жақсы жазылған. Әрбір оқушы осылай ойланса, біразы мақсатына жетеді
Керемет👏👏👏
Өркенің өссін! Биіктен көріне бер, азамат!
Қанатың талмасын армандарың орындалсын сәттілік серік болсын тек қана алға
Сәттілік! Өте маңызды!
Керемет жазылған!!!
Өмірде әр адам ойларын өзгертсе, армандары орындалады. Әрекет жасаса, берекесін көреді
Тамаша, сәттілік