Абен Назгүл
Түркістан облысы, Сауран ауданы
Қазыбек би ЖОМ КММ
10 «А» сынып оқушысы
Ұстаз болу арманым
Хан да, қара да ұстаздан білім алады. Өйткені ұстаз барлық мамандық атаулының жүрегі. Сондықтан, менің де болашақтағы арманым ұстаз болу.
Ұстаз бейнесі оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Біліммен бірге тәрбие бере отырып, жарқын болашаққа бағыт беретін шамшырағымыз. Себебі, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болу – тек біліммен өлшенетін болғандықтан, «білім берудегі ұстаз жетістігі оқушы жетістігімен өлшенуде» (Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу ағарту министрі). Біздің үлгілі оқушы болып, білім деңгейін көтеруге қосқан үлесіміз – ұстаз еңбегін ақтағанымыз. Бір өзі бірнеше баланың жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындыра білу үлкен өнер. Ал өнерлі болу үшін жан-жақты іздену қажет. Яғни, үнемі өзін дамытып отырған адам ғана ұстаздықтың ұлы жолының кілтін таба алады. Менің мұндағы айтпағым, ұстаздың бізге берген білімімен шектелмей, өз бетімізше іздену үлкен жетістіктерге жеткізіп, болашақта мықты шәкірттерді дайындауға мүмкіндік береді. Болашақта мұғалім мамандығы беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандыққа айналу үшін берген білімі мен ақылын және ізгі қасиеттерін ақтау керек деп ойлаймын. Өзімнің білім алып жүрген мектебімдегі ұстаздардың еңбегі ерен. Әртүрлі отбасынан келген әртүрлі балалармен жұмыс жүргізу қаншама жүйкені және тапқырлықты да қажет етеді. Өнерлі және білімді ұстаз қашан да біздің екінші анамыз. Ұстаздың бізге берген адал, таза еңбегін елей келе, болашақта ұстаз болуды мақсат тұттым. Ұстазымнан алған білімімді одан ары ұштастыра отырып болашақта білімді шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өзіндік үлесімді қосқым келеді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, болашақ шәкірттеріме білім үйретуден жалықпай, әр баланың білім жолындағы шамшырағы болығым келеді. Неге десеңіз, білім кезек күттірмейтін ағартушылық жолындағы өркендеу деп білемін.
Құрметті оқушы, білімге зейініміз, ұстазға құрметіміз тоқтамаса екен!!!