Home » Балабақша » Асық-алтын бесігім

Асық-алтын бесігім

 

Муханалиева Куралай Шайкеновна,
Астана қаласы әкімдігінің
 56 «Береке» балабақшасы
ересек топ тәрбиешісі

Асық-алтын бесігім
 Топ: Ересек
Бөлімі: Математика негіздері.
Мақсаты: Балалардың  оюлар, асықтар түстер туралы білімдерін толықтыру. Сөздік қорын дамыту. Тәртіпті, ақылды, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер:  Көрпеше, геометриялық пішіндер, асықтар, себет
Технология : асық
Мотивациялық қызығушылық
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң! Алтын күн,
Қайырлы таң! көк аспан.
Қайырлы таң! Достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Тәрбиеші: Балалар, менің телефоныма хабарлама келіпті. Қазір оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдаңдар!
(Әженің видео хабарламасы)
«Сәлеметсіңдер ме, балаларым! Мен  үлкен, табиғаты әдемі, жақсы адамдар тұратын  ауылда тұрамын. Біздің ауылда мектеп, балабақша, балалардың ойнайтын алаңы да бар. Сендер сияқты немерелерім де бар. Біздің ауылға келіңдер, қонақ болып кетіңдер. Сәлеммен Әмина әжелерің.» (Интерактивті тақтадан  әженің видеосын көрсетуге болады)
Тәрбиеші: Балалар, әже бізді ауылға шақырып жатыр екен. Барамыз ба?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші: Олай болса менде сиқырлы қамшы бар, сендер көздеріңді жұмыңдар, мен сиқырлаймын.
(Балалар көздерін жұмғанда желдің, қардың сықырлаған  дауысы шығады)
Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дыбысы?
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші: Ия, балалар жел соғып тұр, қардың сықырлаған дыбысы шығады. Бір-біріміздің қолымыздан ұстайық, ұшып кетпейік.
Балалар, бұл құбылыстар қай кезде болады?
Балалар: күз мезгілінде болады.
Тәрбиеші: Балалар, ауылға келдік.
Алдарынан әже шығады.
Әже: Амансыңдар ма, балаларым, шырақтарым! Келіңдер, қонақ болыңдар.
Балалар,  құрақ көрпе құрап жатыр ем, үйдегі немерем  бөгет жасап құрай алмай жатырмын.   Жарайсыңдар, балалар, өздерің көп екенсіңдер. Ендеше ұлдар менің немереммен асық ойнап, қыздар маған құрақ құрауға, оларды оюмен безендіруге көмектессеңдер жақсы болар еді.
Тәрбиеші: Балалар, әжеге  көмектесеміз бе?
Балалар: ия, көмектесеміз.  Ендеше ұлдар малдас құрып отырамыз, қыздар әженің құрағын құрауға көмектесеміз. (Ұлдар жай отырмай қамшы өріп отырады)
Әже: Жарайсындар балалар менің сендерге сыйлығым бар, кеуделеріңе тағатын тұмар, бұл тұмарда асықтың бейнесі бейнеленген (асықтың қасиеті туралы айтып өтеді)
Тәрбиеші: балалар әженің берген тұмарындағы асықтың түстеріне байланысты 3 топқа бөлініп, әженің бізге берген тапсырмаларын орындаймыз
Топтық жұмыс
Үстелдің үстінде асықтар мен қарандаштар орналасқан. Тәрбиешінің айтқан санын асықтар арқылы корсетіп, қарандашпен қоршайды.
Дидактикалық ойын «Сандарды асық арқылы құрау»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар. Сергіп, дем алып алайық.
Ән асықтар
Әже: Рахмет, шырақтарым. Маған көп көмектерің тиді.  Жарайсыңдар. Менің бір жыл бойы сендерге арнап жинаған асықтарым сендердің пайдаларыңа жарағанына өте қуаныштымын.
Тәрбиеші: Балалар Енді асықтың қасиетін білдіңдер, сондықтан мен сендерге қолымдағы сақаларды сыйлағым келіп тұр, Бұл қасиетті асық әр бірінің үйлеріңде тұруы керек. Осы асықты  төс белгілеріңнің түсіне сай  бояп әшекейлеңдер.
Тәрбиеші: Балалар, біз көп жұмыс жасап, әжемізге көмектестік. Балабақшаға оралатын уақыт та келіп қалыпты.
Әже: Рахмет, балалар сендердің көмектерің көп болды. Өркендерің өссің. Сау болыңдар.
Менің сыйлығымды қабыл алыңдар.Өзім пісірген бауырсақ алыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, шеңберге тұрып, көздерін жұмады, сиқырлы музыка әуенімен балабақшаға оралады.

Рефлексия Қорытынды сұрақтар.
-Балалар әженің ауылында біз не істедіңдер?
Асық ойнаған ұнады ма?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма:
Несімен ұнады?

One comment

  1. Керемет туынды, ой өрісін дамытуға, ата бпба салт дәстүрін еске алуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, геометриялық фигураларды талдай білу сұрақтары қамтылған.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.