Home » Мақалалар » Балалардың тілдерін дамытуда қазақ ауыз әдебиетінің орны

Балалардың тілдерін дамытуда қазақ ауыз әдебиетінің орны

 

Опабек Айнагүл Серікбайқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№75 » Балалық шақ» балабақша тәрбиешісі

 Балалардың тілдерін дамытуда қазақ ауыз әдебиетінің орны

Педагогтар – тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағын тәрбиелеушілер. «Ұстаздық – ұлы тұлға» — деп М.Әуезов айтқанындай педагогика саласында қандай маман болмасын әдістемелік іс-тәжірибені жетік меңгерген біліктілікті, баланың жан-дүниесіне үңіле білетін кәсібилікті талап етеді.

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері — ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазақ ауыз әдебиеті халық тарихымен тамырлас, біртұтас біте қайнасып келе жатқан ғылым. Әдебиеттен ұлтымыздың рухын, мінезін, болмысын сезінеміз.

Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.  Көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл ғылымның негізін қалаушы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» кітабында былай дейді: «Өнердің ең алды сөз өнері деп танылады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама-қадірінше сөз өнері атқара алады.

Балаларға арналған қазақ ауыз әдебиетіндегі шығармалар: Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелеумен бірге, халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады.

Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш баланың сөздік қорын байытады. Мысалы балаларды төрт түліктің бірі түйемен таныстыруған соң  «Түйе маған шұбат береді, Шұбат маған қуат береді» деген, сөздерді анық айтуға жаттықтыруға болады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра  сөйлеуге үйретеді.

Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздермен байланыстыра отырып, сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұраққа толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.

15 комментариев

  1. Ханзада

    Ұстаз менің ұлымның бала бақшасында тәрбиеші ұлағатты ұстаз бұйырғанына қуаныштымыз , сабырлы ,биязы, сенімді кісі , ісіңізге береке берсін күліп ойнап жүре беріңіз. ❤️❤️❤️Амирхан Ержан анасы💐💐💐

  2. Айнагүл Серікбайқызы менің қызымның тәрбиешісі, өте тәжірибелі, мейірімді ұстаз! Қызым ол кісінің арқасында балабақшаға тез бейімделіп кетті, дамыту жаттығуларына қызыға қатысады, тілі дамып жатыр. Ол кісіге алғысымыз шексіз! Томиристің анасы.

  3. Асемгуль

    Айнагүл Серікбайқызы, менің қызымның тәрбиешісі. Кызым өте жақсы көреді. Әрқашан жақсы көніл күемен балабақшаға барады.
    Орысша жазғанда: очень тактичный, и человек находиться на своем месте. Отличный воспитатель.
    И по смыслу статьи соглашусь на 100%.
    Мама Акботы

  4. Айгерим

    Айнагүл Серікбайқызы воспитатель нашей доченьки. Хочу выразить огромную благодарность этому прекрасному Человеку за то, что у неё огромное любящее детей сердце. Спасибо вам за вашу человечность, профессионализм, самоотдачу в этом нелегком деле. Всей нашей семьей вам искренне благодарны🙏🏻.

  5. Ұстаз ұлы тұлға, сіздердей ұстаздар елімізде көп болсын, өз ісінің маманы деп сізді айтар едім, еңбегіңіз жана берсін, тек сәттілік тілеймін, Жұмыста табысты болыныз!

  6. Айнагүл Серікбайқызы көп жылдық тәжірибесі бар білікті де білімді маман.Өз маманының шебері.Әр түрлі әдістемелерді қолдана отырып балаларға жылулық,білімі мен шеберлігін қатар беріп отырған маман иесі.

  7. Айгүл Серікбайқызы керемет тәрбиеші. Сәттілік сізге

  8. Керемет, мыкты, билимди устаз

  9. Айнагүл Серікбайқызы өз ісінің маманы, тәжірибелі ұстаз. Жұмысыңызға табыс тілеймін.

  10. Өте білікті маман, еңбегіңіз жана берсін, сәттілік!

  11. Айгерим

    Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
    Ұстаз деген – анасы ол адамның. демекші үлгілі ұстаз,білікті маман Айнагул Серікбайқызы өз ісінің шебері. Ұстаздық жолында еңбегіңіз әр қашан жана берсін!!! Сізге сәттілік тілеймін!!!!

  12. Айнагул Серикбайкызы енбегиниз жана берсин. Жумысынызга табыс тилеймин.

  13. Айнагул Серикбайкызы тек табыс тилеймиз!!! Оз исинин маманы

  14. Айнагүл Серікпайқызы жақсы тәрбиеші, балаларды дұрыс дамытады!!! Апайға сәттілік!!!

  15. Гаухар Абжапаровна

    Айнагүл Серікбайқызы, Сізді жақсы көреміз, мейірімділігіңіз бен кәсіби денгейіңіз жоғары дәрежеде, тек бииктерден көріне беріңіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.