Ибраева Айдана Беркиновна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы МКҚК
әдіскері
Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Өз тәуелсіздігімізді алғаннан бері Қазақстан халқының алдында келешек ұрпақтың рухани тәрбиесі туралы міндет тұрды. Әр баланы шыдамдылыққа, мейірімділікке, әділдікке баулу, бір-біріне қолұшын беретіндей, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, адами қасиеттерді қалыптастыру күнделікті жұмысымыз болуы тиіс. Әдіс-тәсілдерімен оқу-тәрбие технологиясына түбірімен өзгерістер енгізу де қажет болды. Заман талабына сай білім беру жүйесінде тұлғаның қалыптасып, дамуына жаңа жол ашылды.
Бүгінгі педагогқа қойылатын талап- ол тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, мақсатына жетуіне, қоғамның табысты болуына көмектесетін қасиеттерді қалыптастыру. Соның алғашқы баспалдағы балалық шақтың мекені балабақша қабырғасында қаланатынына дау жоқ. Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін, ең алдымен адам өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Баланы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде, достарының тәрбиелі болуы, айналасында үнемі жақсы сөздер айтылуының әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Бала өз елінің, халқының мәдениетін, ұлттық құндылықтарды сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық адамгершілік сияқты қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мен тәрбие ошақтарының басты міндеті.
Ұрпақтың тағдыры дегеніміз-ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашагы оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халқымыздың дана қағидалары ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелейді. Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани – адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Бала ерекшелігі оның жасына байланысты жетістіктері көбінесе бірлескен іс — әрекет жағдайларында ашылады. Рухани – адамгершілік ұғымның мәні мен мағынасы да осында. Біздің балабақша ұжымы береке бірлікпен жұмыс жасай білетін, ата-аналарға дұрыс жол сілтеп, ұрпағын тануда ақыл кеңес айта алатын білікті педагогтардан жасақталған. Қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым — ұжымның ұстанымы. Ұрпақ тәрбиесі жолдында аянбай еңбек етіп келе жатқан әр әріптесіме табыс тілеймін. Алдымыздан түлеп ұшқан әр шәкірт білімді, тәрбиелі болып ер жетсе біздің үмітіміздің ақталғаны.
Құрметті Айдана Беркінқызы сізге алғысым шексіз. Жұмысыңызда табыс тілеймін. Өзекті тақырыптың бірі қазіргі жастарға адамгершілік пен сыйластық ты үйретіп жүрген балабақша ұғымына мың алғыс
Айдана Беркінқызы жұмысыңызға табыс тілеймін. Аянбай қызмет ете беріңіз сәттілік
Айдана еңбек жолында шығармашылық ізденіс, толағай табыстар тілеймін!
.Айдана Беркінқызы еңбегіңнің жемісін көр арман максаттарыңа жетебер тек улкен белестерден көріне беруіңе тілектеспін
Сәттілік тілейміз!
Айдана жарайсың еңбегің елене берсін ісіңе сәттілік әрдайым бйіктерден көріне бер
Айдана Беркінкызы білім саласында еңбегіңіз жаңа берсін,сызған сәттілік
Айдана, жарайсын👍Саттилик
Айдана Беркінкызы білім саласында еңбегіңіз жана берсін, сізге сәттілік
Аидана. Беркін қызы жұмысың алға бассын биік шыңдардан көріне бер еңбегіің елене берсін халыққа жұмысыңа сәтттілік.
Еңбегіңнің жемісін көр, тек Алға!
Керемет !!!
Айдана Беркинкызы жумысыныздын жемисин коребериниз
Айдана Берікқызы Жетистике жете бериз✊✊✊✊
Айдана ханым, Сәттілік! үлкен жетістікке жетіп, Алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!!