Home » Мақалалар » Тәні саудың-жаны сау

Тәні саудың-жаны сау

Жексенбаева Гүлдана
№193 жалпы білім беретін  мектеп

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт-барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Спорт-ең алдымен бәсеке. Осы бәсекеде тек алғырлары ғана соңына дейін аяғында тік тұрады.  Үнемі алға ұмтылуға,үйренуге,тер төгуге баулиды. Тәулік бойы жаттығуды талап етеді. Спорттың саясатта орны бар . Бейбітшілік елшісі-спорт. Елдің елдігін,ердің ерлігін танытатын, ұлттар достастығын да анық байқататын  осы спорт. Спортпен шұғылдану бір қараған адамға соның төңірегінде жүрген кәсіби адамдар үшін ғана қажет сияқты көрінері сөзсіз. Дене қимылының денсаулыққа келтірер пайдасы және оның кімге болсын жақсы көңіл күй сыйлайтыны туралы жазылған немесе айтылған ақыл кеңестерге көп құлақ аспайтындығымызды несіне жасырамыз?!Спортпен шұғылдану деген кейбірімізге еріккеннің ермегі сияқты көрінетіні рас. Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру оның ішінде спорттың бұқаралығын арттыруға ат салысу әрбір азамат үшін қажет.

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.