Home » Мақалалар » «Балабақшада ұлттық құндылықты насихаттау»

«Балабақшада ұлттық құндылықты насихаттау»

Темирбекова Айнур Максутовна
Астана қаласы №6 «Көктем»  МКҚК
балабақшасының әдіскері

 «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, ұлттық құндылықтарымызды  оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұраcын, қазынасын қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған  міндет мына біздің мойнымызда деп ойлаймын.. Біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-дәстүрлеріміз бен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.

Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Балабақша қабырғасынан бастап  Отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу,  салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарымызды  бойына сіңіріп өсіру – ең басты қағидат.

Биылғы оқу жылында «Құндылыққа негізделген білім беру балабақшада» атты инавациялық жобамен жұмыс жасауда. Жобаның  басты мақсаты: Үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Осыны негізге ала отырып , біз өз тәрбиеленушілерімізге ұлттық құндылығымызды сақтап  қалуда бірнеше іс шаралар  жүргізіп отырмыз.

Себебі  балаларға отансүйгіштік, азаматтық  тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, ұлттық  аспаптармен әндер, ұлттық салт-  дәстүрлер басқада іс шаралардың  маңызы зор. Сол іс-шаралардың  бірі салт дәстүрді насихаттау.

Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттауға арналған   балалармен «Сиқырлы киіз үй» айналмалы деманстрациялық ойын түрін ұйымдастырдық.

Ой өрісін ,танымын, логикалық ойлауын, ұсақ қол моторикасының дамуына арналған ойын түрі болып саналады.

Қамшы өру, шаш өру, ретімен санау, ою өрнекті сәйкестендіру, қазақтың ұлттық ер баланың , қыз баланың киімдерін танып білу, ою кестелеу т.б тапсырмаларды  орындау арқылы ойналады.

Ұлттық салт – дәстүрімізді насихаттауға арналған  әр топ жас ерекшелігіне қарай дидактикалық ойындар дайындап жасалды.

Киіз үйдің жиһаздары мен жабдықтарын ата.

Қазақтың ұлттық ер адамның, қыз баланың киімдері.

Ұлттық қазақ қыз баланың әшекей бұйымдары.

Ұлттық аспаптар.

Жеті қазынаны ата.

Ұлттық ыдыс аяқ турлері.

Сүт тағамдары т.б.

Халқымыздың  тарихи-мәдени мұраларының  түрлері өте көп. Солардың қай қайсы да адам игілігіне  қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің  бірі ұлттық ойындар болып  табылады.

 

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті , өжеттілігі, батылдықты, дененің  шынығуын қажет етеді. «Асық ату», «Түйелген орамал», «Қыз қуу» , «Ұшты-ұшты» т.б ұлттық ойындар баланың сөздік  қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін  жетілдіруге  өз әсерін тигізеді.

«Асық ойыны» — қазақ халқының ежелгі  өте кең тараған ұлттық  ойын  түрлерінің бірі. Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т.б, жатады Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. Асық атаулары:

  • Құлжа — арқардың аталығының асығы
  • Сақа — арқардың асығы
  • Жабайт – еліктің асығы
  • Асық — қой мен ешкінің асық жілігінен
  • Шүкімайт — қозы мен лақтың асығы

Балабақшада  көрмелер, театрландырылған қойылымдар ұйымдастыру дәстүрлі өткізіледі. Сондай ақ ертеңгіліктер мен мерекелік іс шаралардың да маңызы зор. Қазақ этнапедогогикасы  негізінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұйымдастырылған   оқу, серуендер,саяхаттар, ойын-сауықтар, ертеңгіліктер т,б  бұл істің арқауы саналады. Балалар

іс-шаралардың барлығында белсенділік  танытады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»  демекші ,ел болып, ұлт болып  қаламыз десек , «Ұлттық тәрбие» балабақшалардан  бастау алары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.