Home » Мақалалар » Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагогикалық қолдау

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагогикалық қолдау

Бейсембек Айдана Талапқызы
Алматы қаласы
МКҚК «№ 162 бөбекжай балабақшасы»
педагог логопеді

Әлеуметтік кұрылымның демократиялық қайта құрылуы инклюзивті білім берудің карқынды дамуына ықпал етті, өйткені ол этникалық, тілдік, мәдени ерекшеліктеріне, психофизикалық ауытқуларына карамастан барлығына кедергісіз кеңістік құруды қамтамасыз етеді.                                                                                                                                                                           Бүгінгі танда әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың әртүрлі модельдері бар. АҚШ, Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Канада, Ресей сияқты елдерде инклюзивті білім беру тиімді жүзеге асырылуда. Батыстың дамыған елдерінде ерекше білім қажеттілігі бар балалар қоғамға бейімделу мен әлеуметтенудің жақсы нәтижелеріне ие. Бүгінгі таңда әлемде 190 миллионға жуық мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. 2018 жылғы статистикалық деректер бойынша біздің республикамызда 18 жаска дейінгі 138 513 мүмкіндігі шектеулі бала бар, бұл жалпы балалар санының 2,8%- ын құрайды. Біздің елімізде инклюзивті білім беру мемлекеттік саясатты жаңғыртудың перспективалы бағыты болып табылады. Ол бірнеше қағидалармен өлшенеді. Атап айтсақ:

• Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының сапалы білім алу құқықтарының теңдігі,

  • әрбір азаматтың зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі,
  • білім берудің гуманистік сипаты. Жоғарыда аталған қағидаларды іске асыру жынысына, жасына, физикалық, психикалық, әлеуметтік, этникалық мүмкіндіктеріне және экономикалық мәртебесіне қарамастан, барлық адамдардың қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Еліміздің бірнеше нормативті құжаттары мен актілерінде инклюзивті білім берудің даму перспективасы мен алғышарттары айқындалған. Атап айтқанда, Қазакстан Республикасынын Конституциясы (2022 ж.), Қазақстан Республикасының Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы (2022 ж.), ҚР Білім туралы Заңы (2009 ж.) т.б. Осы құжаттарда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, принциптері, тарихи генезисі, оқыту үдерісінің перспективалық стратегиясы, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқығы, оларды бейімдеудің мүмкіндіктері, арнайы педагог, логопед мамандардың лауазымдық міндеттері мен қызметтері көрсетілген. Осы нормативті кұжаттарда «Барлық адамдар білім алуы кажет» ЮНЕСКО-ның концепциясы негізге алынған. Адамдарды тегіне, дініне, жынысына, физикалық, этникалык ерекшеліктеріне байланысты бөлмей, бәріне бірдей білім және тәрбие беру. Гуманистік трансформация негізінде пайда болған инклюзия еліміздің білім жүйесіндегі жаңа серпіліс, жаңа идея, жана бағыт. Осындай модернизациялық интеграция тенденциясы білім беру жүйесінің дамуына алғышарт болып табылады.      ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында арнайы және инклюзивті білім беру стратегиясын әзірлеу және оны енгізу қарастырылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, инклюзивті білім беруге жағдай мектептердің үлесін 70%-ке дейін арттыру (казіргі уақытта 38%), мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жетімділікті» құрайтын бала бақша санын 20%-ке арттыру, инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесін, дамуында арнайы кажеттілігі бар балалардың жалпы санынан 50%-ке арттыру қарастырылған.

Сонымен қатар осы салада жұмыс жасайтын педагогтердің лауазымдық құзыреттілігі мен біліктілігін айқындайтын талаптар ҚР «Білім» туралы Заңында нақты белгілеген. Осы занда арнайы педагогтің міндеттері мен лауазымдық қызметтері де шартты түрде айқындалған. Осы Заңға сәйкес балабақша логопедтері балалардың коммуникативті дағдыларын, жеке ерекшеліктерін негізге ала отырып, балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында  перспективалық жоспар құру қажеттілігі баса назарға алынған. Сонымен қатар педагогтерді қолдау мақсатында еліміздің стратегиясы бірнеше нормативті құжаттарды ұсынады. Атап айтканда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 ж. бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің міндетті құжаттамсына мыналар кіреді: перспективалық жоспар, циклограмма, баланың жеке даму картасы. Осы құжаттарға сәйкес балабақшада арнайы педагогтер мен лагопедтер ерекше білім қажеттілігі бар балаларды және олардың ата-аналарына педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету қажет екендігі айтылған.

Жаһандану кеңістігінде қоғамның жедел дамуы инклюзивті білім беру жағдайында балаларды педагогикалық қолдауға үлкен септігін тигізеді. Осы орайда, Қазақстанның инклюзивті білім мәселесі жаңа реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан біздің еліміз үшін инклюзивті білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылатындығын атап өту қажет.

Әрине, өскелең ұрпақка, олардың физикалық, интеллектуалдық, этникалық мүмкіндіктеріне тәуелсіз сапалы білім беруді, тәрбиелеуді, дамытуды және әлеуметтендіруді қамтамасыз етуде практикада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын және кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешетін, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімдерді терең менгерген педагогтар кажет. Сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды және олардың ата-аналарын педагогикалық қолдау мәселесі өзекті болып табылады. Себебі, бұл процесті жүзеге асыру барысында педагогтар көптеген жағдайларда, объективті кедергілерге кездесуде, атап айтқанда (материалдық базаның әлсіздігі, дефектолог, логопед, мамандардың жоқтығы, әртүрлі деңгейлік бағдарламалардың болмауы, ерекше қамқорлықты қажет ететін балалармен өзара әрекеттесуде арнайы педагогтың кәсіби құзыреттілігінің төмендігі, инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық үрдісті жоспарлау, ұйымдастыру, жобалау және дамыту сияқты субъективтік себептердің нығаюына байланысты әдістемелік дайындықтың жеткіліксіздігі және т.б.).

Біздің елімізде бірнеше жылдан бері тіл мүкістігі бар балаларды оқыту мен айналысатын логопед жұмыс жасайды. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес лагопедтің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспауы тиіс. ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты кұрайды. ҚР Білім туралы Заңына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір лауазымға шаққанда логопедке, арнайы педагогке 12-14 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала санынан аспауы қажет.

Осындай санаттағы балаларды педагогикалық қолдау бағыты пайда болды. Осы орайда инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқу процесінде, әлеуметтік коммуникацияда, социумда әлеуметтенуде, өзара әрекеттесуде педагогикалық колдау көрсету маңызды.

Педагогикалық қолдау балаларды қарым-қатынас жасауға, оқу процесінде еркін ұстауға, жалпы белсенді әлеуметтенуге ықпал етеді.

Білім беру ұйымының педагогтері оқу бағдарламаларын бейімдейді, оку процесін дараландырады және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың жетістіктерін бағалайды, білімдеріндегі, біліктеріндегі, дағдылардағы олқылықтарды толтырады, оқулықтарды, оқу материалдарды таңдайды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың даму жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады, физикалық, психикалық және моральдық денсаулығын сақтау мақсатында сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда эмоционалдық жайлылық атмосферасын құрады.                                                                                            Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала) сабақтарын өткізу үшін арнайы педагогтер жеке әзірленетін бағдарламалардың жалпы мазмұны принципі бойынша ерекше білім беруге кажеттіліктері бар балаларды біріктіреді. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар үшін аптасына жеке, топтық сабақтардың саны олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып белгіленеді.

Әлеуметтік-педагогикалық қолдау негізінде баланың білім беру ортасына психологиялық конфорттық жағдай жасау. Топтағы барлық баланы бірдей қабылдау. Олардын физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, этникалық, діни ерекшеліктеріне қарамай, колдау көрсету. Ерекше білім қажеттілігі бар балалардың даму аймағына сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу. Ерекше білім кажеттілігі бар оқушылардың әлеуметтенуіне әсер ете отырып, тәрбие шараларына қосу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ерекше балаларды педагогикалық қолдау маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Себебі, мектепке дейінгі жас, баланың қарқынды даму кезеңі, уақытында дұрыс сөйлеуді меңгеру, соның ішінде оны белсенді пайдалану баланың қалыпты психофизикалық дамуының, толыққанды тұлғаны қалыптастырудың, мектепке дайындаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.                   Осы орайда, баланың шығармашылық, зияткерлік, танымдық қабілетін дамыту тілден басталмақ. Себебі, тіл адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын негізгі құралы. Сондықтан балалардын дұрыс сөйлеуі, дыбыстарды сауатты айтуы, сөздерді дұрыс құрастыруы сәби кезінен басталмақ.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі 5 кыркүйек, — 2012.
  2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. — Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. — 1526.
  3. Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной процесс. Алматы: Эверо, 2019-231c.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.