Home » Мақалалар » Перифраз – тіл дамтыудың тиімді тәсілі

Перифраз – тіл дамтыудың тиімді тәсілі

Тулебаева Бахтигуль Насруллаевна
Астана қаласы
№ 60 мектеп-лицейінің
 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Перифраздар қазақ тіл білімінде тоқсаныншы жылдардан кейін ғана қарастырыла бастады. Перифраз деп бір нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекетті олардың бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз.  Сөздердің келтірінді мағыналарының тек перифраз арқылы емес, басқа да тәсілдер арқылы іске асатыны белгілі. Ол бірде метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы жасалса, енді бірде эвфемизм мен табу тәсілдері арқылы беріледі. Көп жағдайда бұлар перифразбен тұтасып, органикалық бірлікке айналады.

«Көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрлері — перифраза мен эвфемизмдер. Затты не құбылысты бұл жолдармен бейнелеудің соны үлгісі Абай шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы, надандық — қараңғылық пердесі, саналылық — жүректің көзі, сүю — жүрегіне от салу, жігерлік — көкірек оты т.б. болып бейнеленген»

Қолданыс аясының тұрақтылығына қарай перифраздардың екі түрін көрсетуге болады: тілдік перифраздар — жалпы халық арасында танылып, қабылданған, көпке түсінікті тұлғалар. Мысалы: көгілдір отын, аспан денесі, жыр алыбы, халық қалаулысы, ел ағалары, қара көздер, т.б.

Контекстік перифраздар — белгілі бір жағдайда, көңіл-күйге байланысты мәтінде қолданылатын, жеке автордың өзіндік қолтаңбасы ретінде танылатын тұлғалар. Мысалы: Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан. Дүлдүліме әлі, қамшы басқам жоқ. (М. Мақатаев), мұндағы «бұлбұл», «дүлдүл» сөздері авторлық қолданыста «шабыт», «ақындық қасиет» мағынасында жұмсалып, сигнификаттық белгілерді референттің белгісі арқылы таңбалау ретімен перифраздық мәнде жүмсалған.

Перифраз — сөздердің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраз — затты, процесті, құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың, процесстің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образцы түрде сипаттау, анықтау деп көрсетіледі, ендеше тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш қүралдардың бірі — эвфемизм мен перифраз сөздер.

Эвфемизм — көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрі. «Эвфемизм, сыпайы сөз — мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған. Мысалы, біреу өлді деудің орнына жүріп кетті, қайтпас сапарға кетті, демі бітті дейді. Сондай-ақ адамның дене мүшелеріндегі кем-кетікті (саңырау — құлағының мүкісі бар), ауруды қылтамақ — аты жаман ауру) жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады. Тіліміздегі фразеологиздердің көпшілігі эвфемизм негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты, сөзге келді, тіл тигізді, жүз шайысты сияқты тұрақты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.

Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолданғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым болып келеді. (Қоздыру — жел беру, шаршау — ит сілесі қату, ақымақ — көк ми)». Осы берілген мысалдар сөздің тура мағынасын бейнелі түрде жеткізудегі перефраздар болып табылады.

Сондай-ақ перифраз сөздердің мағыналық құрылымының өзіндік ерекшелігіне қарай айқындалатыны да зерттеу еңбектерінде қарастырылады. «Болмыстағы денотатқа не сигнификатқа қатысты алғанда екіншілік мағыналы атау ретінде танылатын, нысанды ерекше номинативтік белгісі арқылы таңбалайтын сөздер не сөз тіркесі — перифраздар деп танылады. Перифраздар шындық болмыстағы заттар мен қүбылыстардың ерекше бір белгісі арқылы суреттей атауда, ауыспалы мәнінде көрсетуде лебізде жиі қолданылатын стилистикалық құрал. Перифраз тұлғалық жағынан тұрақты қолданады, мағыналық жағынан бір бүтін, тұтас тұлға ретінде жүмсалып, атауыштық, бейнелілік қызмет атқарады.

Сабақ барысында перифраз жасауға дағдыландыру мақсатында мынандай тапсырмалармен жұмыс жасауға болады:

 Жас Мұхтар

Арадан айлар, жылдар өтті. Түсінігі о бастан кең Мұхтар сыныптас балаларының ішінен дараланып оқшау шықты. Мұхтар үнемі байсалды, тәртіпті әрі ұстамды. Сол үшін болса керек, үнемі сабақты жақсы оқыды. Бала Мұхтардың бойында тағы бір ерекшелігі бар. Ол – жаңалыққа құмарта, қызыға қарайтындығы, орыс балаларының жүріс-тұрысына зер салып, үлгі ала қояды.

Қазақ балаларын орыс әдебиеті баурап алды. Ендігі жерде сабақтан тыс орыс пәні мұғалімінің көмегімен әдебиетпен жете таныса бастадық. Енді Мұхтар бұрын тек атасынан ғана естіген Толстой, Пушкин, Крыловтардың кітаптарын алдына жайып қойып, өзі оқитын дәрежеге жетті.

Әлі есімде, Мұхтардың үлесіне «Түс» әңгімесінің 16-шы тарауы түсті. Арада бір күн өткен соң Мұхтар әлгі әңгімені сыныпта, мұғалім алдында әңгімелеп берді. Мұхтар орыс тілінде жақсы сөйлейтін. Орыс тілінде жақсы, сенімді сөйлейтініне оқытушы да дән риза болған еді.

Ол әрқашан байсалды, әдепті мінезінің ұстамдылығымен оқытушылары алдын да, жолдастары алдында да қадірлі саналатын, тіпті өз сыныбында ерекше көзге түсетін, бір курстағы оқушылар арасында да аса беделді болатын. Орыс тілін өте жақсы игергені үстіне, сол тілдің жай-жапсары жайындағы білімнің кеңдігіне бізді таң қалдыратын еді.

1-тапсырма

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыздар

Сол сәттен  ———————————————————————————

Ерекшеленіп ——————————————————————————

Баяндап беретін—————————————————————————

2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Түпнұсқасы: Түсінігі о бастан кең Мұхтар сыныптас балаларының ішінен дараланып оқшау шықты.

Перифраз: Мұхтар сыныптастарынан ——————————————————————————————————————————————————

Түпнұсқасы: Енді Мұхтар бұрын тек атасынан ғана естіген Толстой, Пушкин, Крыловтардың кітаптарын алдына жайып қойып, өзі оқитын дәрежеге жетті.

Перифраз: Мұхтар атасынан айтқан———————————————————————————————————————————————————

3-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

Сізді Мұхтардың қандай қасиеті таң қалдырды?———————————-

Мұхтардың бойындағы ерекше қасиеттерді ата————————————

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.