Home » Ашық сабақтар » сыни ойлау өрнегі

сыни ойлау өрнегі

Ермағанбетова Айдын Кабдрашовна
«Райымбек батыр атындағы
№50  «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Эссе – сыни ойлау өрнегі
(элективті курс бағдарламасы)
(9 -сынып оқушыларына арналған көмекші құрал!
аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағат 

Пікір жазғандар:

  1. Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы доценті Н.М. Қоқышева
  2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жанкелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог- зерттеуші мұғалімі Анапина Орынкүл Айтжанқызы.

Түсінік хат

Элективті курс «Эссе – сыни ойлау өрнегі» бағдарламасы 9-сынып оқушыларына арнап құрылған.  Барлығы 36 сағатқа жоспарланып жасалған. Бұл — көмекші құралы қазақ тілі пәні бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқылым мен жазылым дағдысын қалыптастырады.

Курстың ерекшелігі: білім алушы белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдар мен қажетті ақпараттарды орынды қолдануға үйренеді. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу дағдысы ұшталады. Коммуникативтік құзырлығы жүзеге асырылады. Тілдік құзырлықта білім алушы орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.

Білім алушылар  мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 200-250 сөзден тұратын эссе орындайды. Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы,өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.

Элективті курс мақсаты: Өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді. Білім алушылар мәтін  үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып,170-200 сөзден тұратын  жазба жұмысын  (эссе) орындау.

  • Мәтіндердегі негізігі ойды анықтауға баулу
  • Мәтіндер ақпаратын өңдеу арқылы өз пайымын келтіруге үйрету
  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жазу дағдысын жетілдіру
  • Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Міндеттері : Коммуникативтік құзырлық. Білім алушы:

  • әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей–тегжейлі ақпаратты (мәтіндік) түсініп, интепретациялауы;
  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алып, оларды талдауы және жинақтауы;
  • білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуы;
  • ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (эссе) жазуы тиіс.

Тілдік құзырлық. Білім алушы:

  • орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.
  • Жалпы оқу үрдісінің сипаттамасы, әдістері, жұмыс түрлері
  • оқылым, тыңдалым
  • сөздік жұмысы, сөз тіркестері мен клишелерді анықтау
  • тіл дамыту жұмыстары
  • пікірлесу, талқылау
  • мәтінмен жұмыс, бөлімдерді ажырату
  • мәтін құрастыру, эссе жазу.
  • зерттеу ойларын қорытындылау
  • ынтымақтастық, топтағы бірлескен жұмыстар
  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету («Инсерт», «Синквейн», «Фишбоун», 10 сұрақ т.б)
  • талантты және дарынды балаларды оқыту (флипчартпен жұмыс, постер қорғау т.б )
  • оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту және оқу.

Элективті курс бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже: Білім алушының өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріндегі ақпаратты өңдей отырып, 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындауы.

  • Өз бетінше қосымша мағлұматтарды пайдалана отырып, ойларын, білімдерін саралау;
  • Талқылауда өз ойларын қосу
  • Берілген ақпаратты өңдей отырып, проблемға көзқарасын дәлелдеуі;
  • Проблемалық мәселеге аргумент келтіре отырып жазуы.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Кіріспе 1 сағат

Бұл бөлімде эссе туралы түсінік беріледі. Эссе жазу талаптары мен аргументті эссе құрылымы мен бөліктері, айырмашылық ерекшеліктері түсіндіріледі.

1-бөлім. Аргументті эссе – оқу мен сыни ойлау бастауы – 2 сағат. Бұл бөлімде Аргументті  эссенің құрылымдық бөліктері кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімді  мәтіннен ажыратуда жігі мен ұғымы туралы түсінік беріледі.Мәтін іріктеуде қойылатын талаптардың сақталуы, мәтін тапсырмасы өзекті мәселелерге негізделу керектігі еске салынады.

2-бөлім. Практикалық бөлім. Мәтін тапсырмасымен жұмыстар. 33 – сағат. Бұл бөлімде ұсынылған екі мәтін негізінде  берілген тақырыпты оқу арқылы мәтіндер мазмұнын түсіну, екі мәтінге ортақ проблемалық мәселеге мәтінде берілген дереккөзді өңдей отырып, жеке өзіндік көзқарасын сыни тұрғыда дәлелді уәжбен аша білуге, жазу дағдысы арқылы оқу сауаттылығына баулиды.

3-бөлім. Бағалау өлшемдері. 1- сағат.

Білім алушының жазба жұмысын бағалаудың балл өлшем критериясы ұсынылған.

36 сағат, аптасына  1 сағат

1Оқытылатын басты тақырыптарСағат саныОқыту әдісіОқыту формасы
1.Кіріспе    1ТүсінуБілім алушы құрал, мұғалім
2.Аргументті эссе – оқу мен сыни ойлау бастауы    1Түсіну Білім алушы құрал, мұғалім
3.Эссе жазу талаптары    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
4.Қазақ радиосы. Ұлттық сана    1Оқу, талдауТоптық
5.Эссе жазу    1ЖазылымЖекелей
6.Ғасырлар тоғысында. Сындарлы саясат    1Оқу, талдауТоптық
7.Эссе жазу    1ЖазылымЖекелей
8.Өнер туралы. Балуан Шолақ    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
9.Эссе жазу    1жазылымЖекелей
10.Қызыл қоңыр домбыра. Айша бибі    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
11.Эссе жазу    1жазылымЖекелей
12.Ұрпағымын ұлтымның. Отан қорғау – азаматтық борышың    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
13.Эссе жазу    1жазылымЖекелей
14.Сәлемдесу. Ақордада жайылған дастарқан    1Оқу, талдауҰжымдық, топтық
15.Эссе жазу    1жазылымЖекелей
16.Қазақстанның қазіргі дамуы. Алып химиялық реактор    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
17.Эссе жазу    1ЖазылымЖекелей
18.Рымкеш Жұмаділова. Өнерлі отбасы    1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
19.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
20.Түймедақ гүлі. Жас шаңырақ   1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
21.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
22.Барлығы сенің қолыңда. Алтын сапа – үздіктерге берілетін сыйлық   1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
23.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
24.Білім де бәсекеге түседі. Бүгінгі маман келбеті   1Оқу, талдауҰжымдық, топтық
25.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
26.Журналист мамандығы. Алғашқы қазақ журналист қыздары   1Оқу, талдауҰжымдық, топтық
27.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
28.«Мен оқыған бір кітап…» оқырманға ұсынудың орны қандай?   1Оқу, талдауҰжымдық, топтық
29.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
30.«Мамандық таңдауда қателеспеген жөн …» осы қағидаға айтарың бар ма ?   1Оқу, талдауҰжымдық, топтық
31.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
32.«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан…» қандай мамандық иесі болғанды қалайсың?   1Оқу, талдауҰжымдық,топтық
33.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
34.Табиғат жанашыры мен қорғаушысы болайын.   1ТалқылауҰжымдық
35.Эссе жазу   1ЖазылымЖекелей
36.Бағалау өлшемдерінің сипаттамасы. Қорытынды сабақ   1ТалқылауҰжымдық

Білім алушылардың жазба жұмысы үшін балл қою сызбасы негізінде жүзеге асырылады.

Жазба жұмысының

балдары

Балдардың проценттік

құрамы %

Баға
0-70-392 (қанағаттанарлықсыз)
8-1240-643 (қанағатарлық)
13-1665-844 (жақсы)
17-2085-1005 ( өте жақсы)

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. https://melimde.com/astana-alasi-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebi-aldiiz-esbolatizi-b.html
  2. А.Әменова. Кванттелген мәтіндердің және тест түріндегі тапсырмалардың әзірлемесі Бесқарағай , 2017. -71-бет.
  3. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
  4. Жағыпарова М.М. Кәсіби қазақ тілі.2015,-264-бет
  5. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық «Аруна» баспасы Алматы, 2005
  6. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2018,№ 6,№10,№ 4,№11,№1.
  7. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2019, №1.
  8. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
  9. Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаудан өткізу туралы нұсқаулық
  10. Орманды сақтау // NATIONAL GEOCRAPHIC — 05.2022 – 15-бет.
  11. Пластик өзені // NATIONAL GEOCRAPHIC — 05. 2022 -71 – 76-бет.
  12. Тілдерді оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері З. Қожакеева, Ж. Елесбаева,      М. Болысбеков – Талдықорған: 2017. – 88-бет.
  13. Тіл болашағы – жас ұрпақта. Астана,2011  Әдістемелік нұсқаулық.      Мәтінін дайындаған О. А. Асанғазы. Е.Е. Тілешов.
  14. Эссе жазу жөніндегі әдістемелік нұсқау. Астана 2013.
  15. Физика-математика бағытындағы НЗМ қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі, мұғалім-эксперт  Бешімбаева Қ.Е. «Эссе жазу әдістері» дәрістері 2016.ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.