Джолдасбаева Амангүл Сайлаубайқызы
«Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты: әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету.
Бұл акция №193 жалпы білім беретін мектебімізде әдеттегідей ұйымдастырылуда. «Мектепке жол- Шекарасыз Жақсылық» ұранымен бастау алды. Аталған жоба аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталды.
Биыл жалпыға білім беру оқу қорынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай — ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 41 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді. 2023 жылдың 17 тамызда «Mr.Barts» компаниясы спонсорлық көмек ұйымдастырып, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаға оқу-құрал жабдықтары мен сөмке берді.
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері «Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық» акцясы барысында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына мектеп формасын, аяқ –киімдер және сөмке, оқу-құрал жабдықтарын алып берді.
Акция туралы стенд түрінде ақпараттық бұрыш жасалынды. Кәсіпорын, шаруашылық басшыларына аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жөнінде үндеу- хат таратылды. Акцияға белсене қатысқан мектеп ұжымына және ат салысқан спонсорларға ризашылығымызды білдіреміз!