Астана қаласы,
№6 ”Көктем” балабақшасының менгерушісі
Капарова Венера Серкешбаевна
Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілікке тәрбиелейді. Сондай балабақшаның бірі Астана қаласында орналасқан №6 «Көктем» балабақшасы.Бүгінгі таңда балабақшаға 85 жыл толды. Бұл ғимарат 1937 жылы қыркүйек айында балабақша үшін пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін балабақшаның атауы өзгерді, жөндеу жұмыстары жүргізілді, балабақша ұжымы ауысты өзгермеген тек –балаға деген сүйіспеншілік пен махаббат.
Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Балабақшада білімді де білікті мамандар жұмыс жасайды.Көктем балабақшасында 20 педогог қызмет етеді оның ішінде 2 жоғары санатты, 3 бірінші санатты. 4-екінші санатты педогогтар еңбек етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай, бар күш жігерін жұмсап келе жатқан ұстаздарымызды үлгі етеміз. Өз істеріне жан-тәнімен берілген. Балабақшаның болашағы үшін маңдай терін төгіп, жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде ақылымен де,біліктілігімен де еңбек етіп келе жатқан педагогтарымызды мақтан тұтамыз.
«Білім –даналықтың алтын алқасы» деп халқымыз тегін айтпаса керек. Тәрбие нәрі балабақшадан басталады. Сол ортадағы мейірім мен қамқорлыққа толы қызмет көрсетуші тәрбиешілердің сәбилердің саналы да тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Жалпы, балабақшадағы тәлім –тәрбие — барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр азаматтың салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуының негізі балабақшадан қаланады. Осындай тәрбие орнын басқарып отырған балабақша меңгерушісі Капарова Венера Серкешбайқызының бүгінгі Балабақшада Ұлттық құндылықты насихаттау» атты қалалық семинарда жат қалып кеткен ,ұмыт болған асыл мұраларымызды балалардың бойына сіңіре отырып ой өрісінің даму мақсатында келген педагогтармен тәжірибе алмасты.
Балабақшада ұлттық құндылықты насихаттау.
2023 жылғы 24 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің № 6 «Көктем» балабақшасында мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Шара ұлттық құндылығымызды жаңғырту мақсатында жеті қазына көрінісімен ашылды. Семинарда бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру үшін жүргізілетін жұмыстар түрі көрсетілді.
Атап айтқанда Ұмыт қалған ұлттық қазыналарымыз «Алтыбақан», «Қамшы өру», «Айтыс» өнері ұйымдастырылды.
«Меморис» бағдарламасын ұйымдастырылған іс әрекет барысында қолданды.
Инновация әдіскері «Балабақшада ұлттық құндылықты наксихаттау» атты презентациясын жасады.
«Үштік одақ» жұмысын жандандыру бағытында ата — анамен қарым
қатынасын нығайту мақсатында қазақ тілі маманы ата-анамен бірлесіп
ертегіні сахналады.
«Ұлттық ойынмен шынығамыз» ұйымдастырылған іс-әрекеті ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойындары «Ай мен күн», «Атбақыл», «Бүркіт», «Түйілген орамал» ойындар негізінде жүзеге асырылды.
Семинар соңында жас маман педагог-психолог «Ұлттық құндылықты сақтай білейік» тақырыбында педагогтермен топтық жұмыс жүргізді. Айналмалы ғажайып киіз үйдің тапсырмалары: ұршық иіру, жүн түту, сандықты ұлттық оюмен безендіру арқылы іс – тәжірибесімен бөлісіп, оның пайдасын атап өтті.
Семинарға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарынан 20 педагог қатысты.