Элмуратова Жанат Сегизбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақша тәрбиешісі
Мазмұны:
- Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Ойын-балалардың тілін дамыту құралы.
2.2 Ойын арқылы балалардың логикалық қабілетін дамыту жолдары.
2.3 Математика сабағында ойын технологиясы арқылы балалардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыру
2.4 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.
3. Қорытынды
КІРІСПЕ
«Ойын дегеніміз ұшқыш, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» В.А.Сухомлинский
Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан егемендігіміздің баянды болуы, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру – парыз. Яғни, Ел боламын десең, бесігіңді түзе»! Сондықтан балаға бала деп қарамай, кішкентай күнінен оның ел сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақтанышымызға айналар отаншыл азамат болып қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен ата-анасы болса, одан кейін, балабақшасы. Тіптен есін білер-білмес шағынан бастан күн ұзаққа балабақшада жүретін бала үшін балабақшаның ықпалы басымдау десек те болады.
«Ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуды. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әдебиеттану салалардың көкейкесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы баланы білім алуға қалыптастыруға болады.
Негізгі бөлім
2.1 Ойын – балалардың тілін дамыту құралы
Халқымыздың ұлт перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы
М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінүімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен — тегін айтпаса керек.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін,қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
2.2 Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту жолдары
Балабақша- бұл балалардың ойын дамытуға, оқуға құлшыныстарын арттыруға, өзін ( мінез-құлқын) көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілетін дарынын дамытып, жан-жақты жетілдіруіне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт.
Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл- балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері көрінген сүйкімді бала. 3-5 жастағы баланың ағзасындағы болып жатқан өзгерістер 1-ден 3-ке дейінгі жастығы балаға қарағанда барлық процесстер баяу жүреді. Ми өсіп, ми қабығы күн сайын мидың жаңа иірімдері пайда болады. Баланың басқа мүшелеріне қарағанда миы тезірек дамиды. 5-6 жаста ми 90 пайыз қалыптасқан болады.
Қарапайым математикалық және құрастыру ұғымдарын дамыту негізгі бес бөлімнен ( сан, көлем, пішін, кеңістікті, уақытты бағдарлаудан ) құрылады. Осы бөлімдер бойынша төрт жасқа қараған балалар математиканың қарапайым ұғымдарын меңгереді.
Сан. Санауға үйрету осы топтан басталады. Балалар бірден үшке дейін санау тәсілдерін үйреніп, көп, аз, тепе-тең деген ұғымдарды біле бастайды. Ұсынылған үлгі бойынша жекелеген заттардан топ құрауға, топтан жеке заттарды бөліп алуға, бір және көп затты ажырата бәлуге үйрету. Бөлмедегі қай заттың көп немесе жалғыз екенін табу. Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттармен салыстыра білуге, заттардың санына қарай топтарының өзара тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету. Қанша, сонша, тепе-тең, бір-бірден, онда қанша болса, мұнда сонша тәрізді сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, дұрыс жауап беруге үйрету.Мемлекеттік Стандартқа сүйене отырып сабақ кезінде бірден-үшке дейінгі сандарды үйрете отырып тура және кері санауды меңгерту. Сабақ барысында дидактикалық ойындар ойнатамын, санамақтар, тақпақтар үйретемін:
Бір дегенім – біреу
Екі дегенім – егеу
Үш дегенім – үскі
1. «Қай сан жоқ?» ойыны 1-3 дейін сандар орналастырады, көздерін жұмған кезде бір санды тығып қоямын, қай сан жоқ екенін табады.
2. «Көршісін ата» ойыны. Қай санды көрсетемін, сол санның көршілерін атау керек .
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі. Ойын – әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде көңіл-күйі, баланың тілін дамытумен қатар сабаққа деген қызығушылығын қалыптастырады: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдырады, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестілігін жетілдіреді, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын баланың ойлау қабілетін арттырады. Осы арқылы балалар әлем есігін ашады,шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Ойын ойнау кезінде мына кеңестерді естеріңізде ұстаңыздар:
1.Ойын балаға да үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет.
2.Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларын ашуға қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы ренжітіп алмаңыз.
3. Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді. Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді қимылдарын тоқтатпаңыз.
Қорытынды
Ойынымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалды, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын біршама арттырды- деп ой түйіндейміз
Толыктай косылам
Оте дурыс айтылган
Косылам оте тусиникти жинакы айтылган
Оте жинакы тусиникти.
Ия , ойын арқылы балалардың л ойлау қабілетін дамыту өте тиімді тәсіл
өте жақсы жазылған
Жарайсыз ойыныз толык жеткизилген
Баланы сойлеу тамырлары саусактын ушында орнвласады ойын ойнап барысында саусактын жумыс истец манызды. Сыздын методиканыз отец дурыс
Ойын баланың миын жаксы жумыс истетеды
Тамаша жазылган ойынызды толык жеткиздиниз аудиторияга.
Толық қосыламын🙌
Керемет жазылган
КЕРЕМЕТ 👍
ЕҢБЕГІҢІЗ ЕСЕЛЕНЕ БЕРСІН
Толығымен келісемін
Оте дурыс косыламын
Дурыс айтасыз сизбен косылам
Оте тусиникти жеткизилген
Тамаша жазылған мақала, толықтай келісемін👍
Өте орынды айтылған мақала,тәжірибелі тәрбиешінің методикасы
Өте жақсы, орынды мақала. Еңбегіңіз бағалана берсін.