Султаналиева Жансая Нурболовна
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай»балабақшасы
тәрбиеші
Өзінен кейін өнегелі өсиет қалдырған ұрпақтан болу үшін, жас ұрпақтың білім мен тәрбие атты қос қанатын қатайту жолында қызмет етемін.
Білім бала туғаннан бастап қалыптасатын үрдіс. Балабақшаға келгеннен бастап бала уақытын білім беру мекемесінде өткізеді. Сол ортадан мәдениет, тәртіп, мейірімділік, сүйіспеншілікті үйренеді. Өзінің әлемі жайлы түсінігі қалыптасады.Тәрбиеші сонымен қатар баламен қоса ата-анасын да «тәрбиелейді».
Тәрбие берудің негізгі мәйегі- мейіріммен сүйіспеншілікте. Әсіресе балар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны зор.Махаббатқа бала әрдайым шөліркеп тұрады. Жас бала тек сүйіспеншілікпен өсіп жетіледі. Бала кімнен мейірім көрсе сол адамды жақсы көреді. Жақсы көрген адамын ренжітпей соған еліктеп өседі.
Балалық шақта алған әсер ержеткенде адамның ақылының, ой-пікірінің және мінезінің қандай дәрежеде болатынына негіз салады. Балалық шағында әрдайым жағымды әсер алса, адам өмір бойы шат-шадыман көңілде болады. Бала кезеңінде жағымсыз әсер алса, қорлық жоқшылық көрсе адам өмір бойы қасіретке бейім болады.
Баланы жазалаудан бұрын мейрімге толы насихат айтқан жөн. Өйткені бала өзінің жасаған қателігінің дұрыс емес екенін түсінбейді. Мұндай жағдайда балаға ұрсып зекудің пайдасы шамалы.
Баланы маңдайынан иіскеп, құшақтап арқасынан қағу-оң әсер етеді. Бала үлкеннің жылы ілтипатын, қорғаушысы бар екенін сезеді. Ұдайы ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі, басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлде қайда әсерлі, сөзбен жеткізе алмайтын қаншама сезімдер тағы бар.
Қарым –қатынас баланың өзегін қалыптасады. Көбіне болмашы, аз ғана бір ілтипат жасауды көзге ілмей жатамыз. Ал шындығына келсек, сол азғантай нәрселердің астарында үлкен мән жатады. Балам бақытты болуына не кедергі?Тек балаға уақыт бөліп оны құшақтау, тыңдау баланың қасында болу бақытты етеді. Бірақ біз соны жасамаймыз өйткен үй шаруасы, төленетін берешек бар, сол дүниелік мәселерді шешуге тырысамыз. Бала солай шетте қала береді. Мейірім мен жылулық көрмеген бала психологиялық ауыруларға душар болу ықтималдығы жоғары екенін ғалымдар дәлелдеген.
Баланы ерте жастан баулу керек. Баулу-нақты бір әрекетке махаббатын ояту, бойындағы қабілетті ашу. Басқару,түсіндіру, таңдап беру арқылы емес өз бойындағы өзектің дәнін қалыптастыру.Баланың махаббатын ояту арқылы оның қателесуіне де сабырлық таныту. Егер бала бойында ғылымға құштарлық болса оны ары қарай дамыту және махаббатын ояту кез-келген бойындағы іске баланың махаббаты оянса орта жолда тастамайды оны махаббатпен жасап өміріне айналдырады. Баланы баулуды данышпан Абай атамыздың мына бір сөзінен тапқандаймын. Ол- «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек иесі» болу.
Ыстық қайрат деп қазіргі қарыштап дамып жатқан заманда тәрбиеші үнемі ізденісте болу керек. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деген екен қытайдың дана ойшылы Конфуций.
Сол себепті де балабақшаның ұжымымен бірлесе отырып, өз тәжірибесінде жетістікке жетуге талпынатын тәрбиешілермен тығыз қарым-қатынас жасаудамын. Мен бір жаңа дүниені үйренерде Абай атамыздың өлең жолдарына амал етемін.
Сізге айтамын, қаупім-бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес сен білсең,
Білгеніңнің бәрі-тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай
Әр нәрседен құр қалма.
Тәрбиеші- баланы адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы біліммен ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиетті сіңіруші, ең жақыны әрі жанашыр ақылшысы. Сондықтан да нұрлы жүрек иесі де тәрбиеші деп білемін.
Өмірде жасаған жақсылық бос кетпейді.Тағдарда біз білмейтін сырлар да сыйлар да көп.
Сиздер сиякты тамаша мейримди тарбиешилер коп болсын!
Өте тамаша тәрбиеші
Менің жеңгем- керемет тәрбиеші, мінезі ашық керемет жан
Өз ісінің білікті маманы. Еліміздің дамуына өз септігін тигізіп жүрген жақсы жан
Жансая апай балаларымызды мейіріміңізге бөлеп, тәрбиелеп жатқаныңызға алғысымыз шексіз!!! 💐
Жан-жағына күн сияқты нұрын шашып жүретін Жансая😘
Сiзбен мақтанамыз 💐💐💐
Жансая еңбегің жана берсін! Өте керемет, ашық-жарқын адамсың. Сен тәрбиелеген ұрпақтарда өнегелі болатынына біз сенеміз! Тек алға!!!
Керемет! Еңбегің жана берсін!
Керемет енбегініз еселене берсін
Жарайсыз тек қана алға !