Сартбаева Жанар Қуанышбекқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақша тәрбиешісі
Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді.
Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, Сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшақ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.
Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыздың айғағы.
Жанар апай керекмет! Такырып жаксы ашылган. Саттилик!
Құтты болсын. Тек қана алға!
Керемет ?
Устаздык еткен жалыкпас уиретуге балага демекши енбегинз жанаберсин.
Керемет жарайсың текалга2023 1124 at 20 40
Еңбегыныз жана берсын
Апай саттылык тек алга
Саттылык тек алга
Саттылык??
Саттілік???
??????
Былымды шакрттерныз коп болсын
Саттылык ????
Саттылык?????Алгаа
Аллгаа жараисын???
Саттылыык????
Ұстаздан шәкірт озар деген жақсы шәкірттеріңіз көп болсын.
Тек қана сәттілік ?
uskenbaevaaiman373@gmail.com
Саттылык????
Керемет! Тек қана сәттілік
Салем бердим женше. Сизге саттилик тилеймин.
Керемет! Ең керемет ұстаз ?
Өте тамаша Жанар апай күшті өтты.
Керемет, мақала екен.Алға Жанар апай.
Жанар апай лучшая???❤️
Жанар Қуанышбекқыз өте жүрегі мейірімге толғар керемет ұстаз!Ұлымның қызығушылығын ояатып ,мақтауын асырып,ашық өз ойын жіткізе алатын етіп жақсы жақа өзгерткеніңіз үшін сізге мың алғыс!Мәртебеңіз асқақтай берсін ұлы ұстаз!?