Home » Мақалалар » Баланың  сөздік  қорын дамыту  жолдары

Баланың  сөздік  қорын дамыту  жолдары

Сагынканова Арай Нурлановна ,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы тәрбиеші

Баланың тілі үш жасынан бастап қалыптасады. Баланың сөз сөйлеу мәнеріне зер салу, оны жетілдіру ісі асқан ыждахаттылықты қажет етеді. Сол үшін сөздің дыбысталу, естілу ерекшелігін байқап, үн ырғағына, дауыс екпініне мән беру керек. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, қоршаған ортадағы құбылыстарды, түсініктерді дамыту қажет. Тәрбиеші балаға ана тілінің әсерлігін, әсем әуездігін меңгерту керек. Балалармен жеке және ұжым ішінде қарым – қатынас жасау кезінде сөздік қорын молайтып, ана тілінде айтып беруге жаттықтыру. Тәрбиеші арнайы ойын – сабақ өткізу қажет. Ойын ойната отырып, ойлануға, заттың атын есінде сақтап қалуға, ойынға қызықтыра отырып, зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.Балалардың сөздік қорын дамытуда ойындармен тапсырма жаттығулар қолдану үлкен нәтиже береді. Балалардың ойын арқылы сөздік қорлары дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, ақыл – ойы өсіп жетіледі, таным белсенділіктері қалыптасады, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту әдістері:
Баламен әңгімелесу, күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп, сөйлесу;
көрген-білгені туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру;
сөздік тапсырмалар орындату;
әңгімелесуден соң, балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығарма оқып беріп, тыңдату;
түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы тиіс. Бар жақсысын ұрпақ тәрбиесіне аямаған халық – баланы  өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін сіңірген. Нәресте есейген сайын ана сүтімен  тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке,сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу – әрбір отбасының арманы болған. Оған дәлел – халық даналығы, санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлеңдер, ертегі-аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізбей қоймайды. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүддесінен туындаған. Тілге жеңіл, мазмұны түсінікті ойната сөйлететін шығармаларды тыңдаған бала оны қиналмай жаттап алып айта береді.

13 комментариев

  1. Гулмира

    Оте керемет

  2. Керемееет! Көп рақмет

  3. Пайдалы акпаратпен болискенинизге рахмет!

  4. Орынды котерилген мәселе. Казиргы кезде көп булдиршиндердын тили жай шығады.. маңызды акпаратынызга рахмет, Арай Нурлан кызы.

  5. Жанерке

    Тамаша рақмет

  6. Гульнара

    Арай Нұрлановна — өте білікті маман! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! ?

  7. Өзекті тақырып,керемет?

  8. Бибигуль

    Қазіргі таңда өте пайдалы мәлімет!!!

  9. Рахмет, өте пайдалы ақпарат!

  10. Aйгерим

    Дұрыс айтасыз!

  11. Дұыс айтасыз

  12. Арай Нурланкызы керемет айтылған, рахмет

  13. Дұрыс айтасыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.