Home » Мақалалар » Дидактикалық ойындардың балалар үшін пайдасы мен маңызы

Дидактикалық ойындардың балалар үшін пайдасы мен маңызы

Рзалиева Сауле Жеткергеновна
Астана қаласы әкімдігінің
52 «Еркетай»  балабақшасы
тәрбиеші

Ұлағатты ұстаз үшін сауатты, көзі ашық, жан-жақты және өнегелі ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Сондықтан елімізде баланың сапалы және қолайлы білім алуы басты назарда. Балабақша қабырғасынан бастап бала қоршаған ортаны танып, білім жолына қадам басады. Баланың бұл кезеңдегі әрбір адамы ата-ана үшін де маңызды. Сол себепті де ата-ана қайтсем баламды жақсы, білікті мамандардың ортасына берсем деп талпынады.
Жақсы ұстаз өз шәкірттеріне ең жақсы деген дүниелерді үйретеді. Сондықтан баланың сана-сезімінің жетілуіне бүгінде түрлі тапсырмалар желісі мен ойды шынықтыратын жаттығулар көмектеседі. Сондай жаттығулардың бірі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық жаттығу – баланың сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі, ойы мен бойын сергітеді, есте сақтау қабілетін арттырып, пайдалы кеңестерді үйретеді. Баланың ұжымда, топта жұмыс істеу қабілетін жетілдіреді. Сөйлеу аясын кеңейтеді. Логикалық тапсырмалар арқылы баланың психологиясымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондықтан бала үшін мұндай жаттығулардың пайдасы орасан зор.  Бұл тәжірибе елімізде ғана емес, шетелде де кеңінен тараған. Бүгінгі ақпарат пен технологияның заманында баланың интеллекті жоғары болуды талап етеді. Әрине, бұл баланың миына көп күш түсіріп, салмақ салу керек деген сөз емес.
Дидактикалық ойындар көбінесе балабақшада қолданылатын тәсіл.  Ол математикаға, қазақ тіліне, жаратылыстануға және басқа да негізгі пәндерге қатысты құралады. Жоғары да оның мақсаты мен пайдасын атап өттік. Енді оның түрлеріне тоқталып өтсек, дидактикалық ойындар сәбилерге және 4-6 жастағы балаларға арналып бөлінеді. Яғни, жас ерекшелігіне қарай тапсырманың күрделілігі артады. Бұл баланың ойлау қабілетінің қандай деңгейде жетілгенін анықтауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындар кезінде балалар ақыл-оймен ғана жұмыс істемейді. Олар физикалық жаттығуларға да үлкен ден қояды. Мысалы, картон қағаздармен, жапырақтармен және тағы да басқа керекті құрал-саймандарды қолдануы мүмкін. Бұл бір жағынан баланың еңбекке деген қабілетін жетілдіреді де септігін тигізеді. Балабақшаның күнделікті күн тәртібінде дидактикалық тапсырмалар бар. Әр күннің жеке тақырыбы болады. Тақырып аясында балалар өздері үшін жаңа дүниелерді ашады. Дидактикалық тапсырмалардың негізгі тетігі – қысқа әрі түсінікті, қызық және оңай болуы шарт. Себебі, бала ойына салмақ түскен кезде артық ақпаратты қабылдағысы келмей, тез шаршап қалады. Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар ойнайды. Мысалы, бала ойнып отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане «сен кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» деген сияқты тапсырмалар балалардың кеңістікті бағдарлауды үйретеді. Сонымен қатар, дидактикалық ойындар кезінде барынша ашық түстерді көбірек қолдану керек. Себебі, ол балалардың назарын өзіне аударуға көмектеседі. Бұл да бір әдіс пен тәсілдің түріне жатады. Балалар көбінесе ашық және жарқын түсті заттарды есте тез сақтап қалады. Сондықтан балалармен жұмыс кезінде материалдың түсі мен пішіні де маңызды екенін естен шығармаған жөн. Ойын – әлемді танудың дағдысы. Балалар үшін ойнау да еңбек. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілін, өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңіл жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондықтанда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әрбір ойын іс-әрекетін, дидактикалық жаттығулар, сонымен бірге сөздік қорын жетілдіру де ойын арқылы асады.

One comment

  1. Айтолкын

    Сауле апай керемет❤️❤️❤️

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.