Home » Мақалалар » Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі

Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі

Мергенбаева Жанат Сапаргалиевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақша тәрбиешісі

   «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.    
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білімді, еңсесі биік денсаулығы мықты өкілдер болады….» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере қарап, олардың ертеңінен үлкен үміт артып отыр. Елбасының балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша саны күн санап арта түсуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті. Балабақша «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша өз мақсат, міндеттерін орындап келеді. Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы-ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

17 комментариев

  1. Керемет!!Бала тәрбиесінің негізгі бір бөлігін сендер қалыптастырасыңдар.Сондықтан сенің қолыңнан бәрі келетініне кәміл сенемін!

  2. Жанат Сапаргалиқызы жазған эссе мақала өте орынды тиянақты жазылған.Керек жерін түртіп алдым.

  3. Салтанат

    Керемет мақала

  4. Тәрбие тал бесіктен… Керемет мақала

  5. Өте дұрыс бала тәрбиесі ең өмірдегі маңызды құндылық 👍😘 өте жақсы жазылған жазба екен

  6. Керемет жазылған! Жанат Сапарғалиевна біздің балаларымыздың тәрбиешісі болып , балалардың жолы болды деп білемін, бұдтүлкен сәттілік осындай өте білімді керемет ұстазбен табысқанымыз, әрдайым жұмысыңызда абыройлы , табысты болыңыз, деніңіз сау болсын !

  7. Макала керемет жазылган👍 ,

  8. Оте керемет тәрбиеші,ризамын!

  9. Алғашқы бала бойына берілетін тәрбиенің отаны жайындағы мақалаңыз өте мағыналы екен. Сізге сәттілік тілеймін!

  10. Балаға деген ыңғайы, сөйлесуі өте ұнайды, апайды жақсы көреміз
    Өте мағыналы мақала

  11. Гулмира

    Жанат баламен жаксы тил табысады.

  12. Өте мағыналы мақала екен Шығармашылық табыс тілеймін

  13. Керемет мақала!

  14. Жеңіскул

    Керемет. Сәттілік

  15. Керемет, жазба!
    Жанат, қаламың ұштала берсін. Жазарың көп болсын. Бала тәрбиесінің майталман бағбаны бола бер

  16. Баршагул

    Керемет !Бала тәрбиесі үлкен жауапкершілік

  17. Бақытгүл

    Керемет, жазарың көп болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.