Home » Мақалалар » Баланы ойын арқылы оқыту

Баланы ойын арқылы оқыту

 Менлибаева Акмарал  Сланбековна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы   тәрбиеші


Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.  Баланың өмірі, қоршаған ортаны тануы  ойын үстінде қалыптасады. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары,  көптеген ерекшеліктері болады. Ойын – баланың ақыл — ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, онда  бала білімді дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Балабақшада бала психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы білеміз.Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою арқылы байқалады.Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану қажет. Мысалы, «Ақсүйек», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Сақина салу» Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр ұйымдастырылған іс әрекет сайын жүйелі пайдалану  керек. Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Ойынмен ұйымдастырылған іс- әрекет балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан  ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн болады деп ойлаймын.

22 комментария

  1. Өте керемет,баланы ойын арқылы оқыту!!!

  2. Нағыз өз ісінің маманы екені көрініп тұр.

  3. Балалармен жұмыс жасауы өте жақсы

  4. Акмарал апай, біздін сүйікті апайымыз. Тәжірибесі мол, өз ісінің маманы. Балаларга өте мейрімді жан

  5. Оте керемет

  6. Нургуль

    Оте керемет!

  7. Ақмарал апай, біздің сүйікті, ардақты тәрибешіміз. Өз ісінің маманы, шебері, нағыз ұстаз деп айтсам көптік етпейді. Балаларға өте мейірімді, кішіпейіл, Аяулы жан ❤️

  8. Қарлығаш

    Керемет Тарбиеші

  9. Өте жақсы ұйымдастырылған ойындар үлгісі!Өзіме аларым көп! Ақмарал апайдың әр сабағы ашық сабақтардай дайындықпен жүргізіледі.Сіздей ұстазы бар шәкірттер бақытты!

  10. Ақмарал

    Керемет! Нақты, түсінікті етіп жеткізе білдіңіз. Сіздердей ұстаздардың көп болуын тілейміз!!!

  11. Ақмарал апайымыз өте керемет жан. Өз ісінің маманы, балалармен қалай қарым — қатынас жасап, сөйлесу керек екенін өте керемет ұғады. Ақмарал апай әр ашық сабақтарына неше түрлі ойындар ұйымдастырып күшті өткізе білетін тәрбиеші. Сіздей ұстаздан білім тәрбие алған шәкірттер бақытты!

  12. Жарайсыз!!! Оте керемет! Оз исинин шебер устазы!

  13. Ақмарал апай жарайсыз, еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
    Ең керемет тәрбиеші, ұстаз!

  14. Жулдызай

    Акмарал апай очень нравится нам ! С большим опытом , знает подход к детям , всегда встречает детей с хорошим настроением, очень благодарны ей за все

  15. Акмарал апай, баламен жұмысыңыз ерекше, керемет

  16. Ақмарал Сламбекқызы өз ісінің шебері. Қанша қызықты дамытушы ұыймдастырылған іс әрекет көрсетті қалалық семинарда . Тек алға

  17. Бала өмірінің алғашқы тәрбиелік қадамы ол балабақшада өтеді сол себепті тәрбиешілерге алғысымыз шексіз тек алға дами беріңіз !

  18. Өте керемет ,жақсы жұмыс Ақмарал апай өте білімді ,керемет тәрбиеші. Ақмарал апай жұмысымыз табыс,отбасыңызға амандық тілеймін.

  19. Назерке

    Оте кереметтт !!! Енбегиниздин жемисин коринизззз

  20. Өз ісінің нағыз шебері!!!

  21. Керемет Ақмарал әпке. Жұмысыңыз өрлей берсін.

  22. Нурбакыт

    Акмарал мықты педагог тәрбиеші , нағыз өз ісінің шебер мамаңы ! Тек биіктердең көріне беріңіз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.