Калыкова Сара Кошкуловна
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасының
педагог-психологы
Кеңес
Атақты жаңашыл педагог В. А. Сухомлинский былай жазған: «Ойынсыз бала ақыл-ойының толыққанды дамуы мүмкін емес әрі дамымайды. Ойын – бұл түсініктің, ұғымның жанды ағыны баланың рухани әлеміне құйылатын үлкен терезе.Ойын – бұл ізденімпаздық пен білуге құмарлықтың отын жағатын ұшқын». Марблс тастар эстетикалық тартымдылығы осы ойынға заманауи балаларда жаңа, жоғары технологиялы ойыншықтарға қарсы қызығушылық күшейтті. Марблс шарлары бар ойындар-баланың физикалық және ақыл-ойын дамытады.Мақсаты – екі жастан асқан балаларға арналған көңілді әрі пайдалы ойындар. Баланың бүкіл өмірі-ойын. Сондықтан баланы оқыту процессі онсыз өтпейді. Тактильді сезім, ұсақ моторика, ойлау операциялары балалар ойынында дамиды. «Марблс» тастарын қолдану-балаларға қызықты оқытудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі.Ойын барысында бала босайды, эмоциялық күш алады, түрлі дағдыларға үйренеді. Әдемі, дұрыс, сауатты сөйлеу дағдысын ойын жағдайларында қалыптастыру оңай. Балаларда марблс тастарымен ойнай отырып, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, назар, қиял дамиды.
Жұмыс істеу кезендері
І кезең
Тас жинау
Марблс тастарымен жұмыс істеуді бастау үшін әртүрлі түстегі, пішіндегі, текстурадағы тастар жинау керек. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулардың көп түрін әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сипаттамасы бойыншпа табу», «Ұстап көріп тану», «Тақырып бойынша бөлу», «Түсі бойынша бөлу», «Пішіні бойынша бөлу», «Өлшемі бойынша бөлу», «Мөлдір-мөлдір емес», «Қара — ашық»,
«Тегіс-тегіс емес» ойындарын ойнауға ұсынамыз. Бұл ойындар мен жаттығулар балалардың заттардың белгілеріне қарай жіктеулі туралы түсініктерін қалыптастыруға, ұсақ моториканы дамытуға, сөздік қорларын байытуға, сөйлеу тілін дамытуға, дербестікке, алғырлыққа ықпал етеді.ІІ кезең Иллюстрациялар картотекасын құру Марблс тастарынан сурет құрау үшін иллюстрациялардан картотека жасау – жұмыстың келесі кезеңі. Мұндай жұмыс көркемдік және эстетикалық қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Арнайы иллюстрациялар болмағандықтан, ермексазбен сурет салу үшін дайын иллюстрациялар қолдандық. Иллюстрациялар картотекасы «Жануарлар», «Көлік», «Ертегілер «Ойыншықтар» тақырыптарын қамтуы мүмкін.Марблс тастарымен берілген тапсырмаларды орындау процесінде балалар сезімінің барлық түрі дамиды, әлемді сезімдік тануы жетіледі, ынтасы, санасы, қызығушылығы артады, дербестікке деген ынтасы қалыптасады. Тастардың түстік үйлесімінің алуан түрлілігіне, пішіндері мен өлшеміне байланысты балалардың ынталы қызметіне, эмоционалды және эстетикалық тәрбиесіне деген алғышарттар қалыптасады.Тастар баланың еркін ассоциациясы үшін ынталандырушы материал ретінде қолданылады. Белсенді қиял әдісін қолдану жұмыстың ықтимал бағыттарын айқындауға, сұранысты анықтауға және көп жағдайда қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.Марблс тастарды топтарыңызда ашуланатын, тез жылайтын, қызғаншақ, ойын кезінде басқа балаларға кедергі жасайтын тәрбиеленушіге беруге болады. Ойын түрінде, санамақ түрінде немесе түсін ажырату ойындарын ойнатуға болады. Марблс тастарын ағаш, тас және шыны түрінде пайдалануға болады. Марблс тастары көп сөйлемейтін түйық сөз қоры аз балаларыңа қажеттілігі жоғары. Марблс тастарымен мектеп жасына дейінгі балалар өте жоғары қызығушылықпен ойнайды. Марблс тастармен жұмыс үлкендерге де өте пайдалы.Тастардан энергия алуға болады.Әдістемені қалай қолданамыз.
«Екеуміз бірге кішкене сиқыршы ойынын ойнайық, – деген сөзбен сабағымды бастаймын. – Біз сурет саламыз, бірақ қарындашпен, бормен, бояумен емес, түрлі түсті таспен сурет саламыз». Әр сабақта балалардың жарқын тастарға деген қызығушылығы арта түсетіндіктен, жұмыстың осы түрін күнделікті сабақпен қатар ұйымдасқан оқу қызметіне және балалардың ҰІӘ бос уақытына енгізу шешілді.Қол саусақтарының қимылы орталық жүйке жүйесінің қызметін ынталандырады және бала тілінің дамуын жеделдетеді. Оқу жылы бойы үнемі ұсақ моториканы, логикалық ойлауды, шығармашылық қиялды, зейінді, назарын және тактильдік сезімдерін дамытуға арналған ойындар өткізілді.Ұйымдастырылған іс- әрекетінде бір немесе бірнеше жаттығу түрлерін енгізуге болады. Әр жаттығу бірнеше рет өткізіледі, олар біртіндеп күрделендіріледі. Ұйымдастырылған іс-әрекетінің жиынтығы, жүктелімі мен ұзақтығы тәрбиешімен реттеледі.Осы материалмен өткізілетін ойындар мен ойын тәсілдері белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне қарай қолданылады. Жаттығулардың бәрі баланың жасына, олардың даму деңгейіне, ойынға қызығушылығына қарай өзгеріп отырады.Марблс таспен ойынды шағын топтарда (3–5 адамнан аспайтын, егер бала жасы 3-тен 7 жасқа дейін болса) немесе жекелей өткізген дұрыс.Мектеп жасына дейінгі балалардың осы тастармен жұмыс бойынша білімін жүйелеу мақсатында марблс тастарын қолдану арқылы «Ертегілерге саяхат» ұйымдастырылған іс- әрекеттерді өткізуге болады.Марблс тастарымен ойындар: «Гүл алаңы», «Ғажайып қап», «Әріптер»,«Айна», «Техниктер», «Цифрлар», «Түрлі түсті жолақ», «Үлгі бойынша құрастыр», «Бір шоқ жүзім», «Бұлт және жауын», «Керік», «Судоку»,Саяхат ойындар (сөздегі дыбыстарды автоматтандыруға арналған) Үй жануарларын, жабайы жануарларды, жемістерді, көгөністерді, азық-түліктерді ата және көрсет (заттың картиналары бар парақтар қолданылады). Түсті қабылдауды дамыту үшін түрлі түсті тастарды төсеуге болады.Марблс тастарын қолдану барысында балалардың өзіне деген сенімі қалыптасады және жағымды эмоция көрсетеді. Ұсынылған ойындар балалардың тілдік белсенділігін дамытуға ықпал етеді және кіші топтарда және жеке сабақтарда, сондай-ақ еркін қызметте қолданылуы мүмкін.