Ибатова Гүлмира Қарабатырқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақша тәрбиешісі
Осы салада қызмет еткеніме биыл 7 жылдан асты. Мен балабақшаға, балаларға , ұжымға бауыр басқаным соншалық, өзімді басқа салада елестете алмаймын. Алғашында тәрбиешінің айлық табысы аз болған соң басқа салаға кетемін деп ойлайтынмын. Жылдар өте келе жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, ата-ана ықыласына бөлене бастаған соң өз ойымнан бас тарттым. Әрбір түлектерді ұядан ұшырған кезде қимастық сезімен қоштасатын едім…
Әр күні топтағы балаларымды көргенде еріксіз күлімсіреймін.Олардың мені қуана қарсы алғаны қуанышқа бөлейді. Есіктен кіріп келе құшақтарын жая алдымнан жүгіріп шығады. Бір үйдің бұзығы, еркесі,үміті менің көз алдымда өсіп келеді. Менің негізгі мақсатым-балаларға жақсы көңіл күй сыйлап отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Балалардың өзіне деген сенімін арттыру.Тәрбиеші мамандығының қызығымен қиындығын бала ортасында жүрген тәрбиешіден артық ешкім сезе алмайды. Бүгінгі таңда мұғалім болу,тәрбиеші тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау өте қиын. Біздің мамандық басқа мамандық иелерімен салыстыратын емес, жауапкершілікке, қамқорлыққа ,сүйіспеншілікке толы. Балалардан бөлек әр ата-анамен дұрыс қарым –қатынас орната білу керек.Мен өзгенің баласы болса да, өз балаларымнан артық көремін. Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етіп келемін. Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ол менің ұстаздық борышым деп санаймын.
Өте керемет,білікті тәрбиеші👍👍👍