Жусупбекова Гульсая Жангылышевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы
тәрбиешісі
Туған жер — ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер.
Туған жер — әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Менің туған жерім Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Көктау ауылы. Әркімге өз туған елі, кіндік қаны тамған жері ыстық болады. Менің ойымша, әр адам баласы үшін туған жерден артық еш нәрсе жоқ. Өйткені осы жерде ата бабамыз ата-анамыз, туған-туыс кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз.
Қасиетті туған жерімде Арқалық қаласы №6 Абай Құнанбаев білім нәрін сусындаған мектебімді бітірдім. Қасиетті туған жерімен табиғатымен мақтан тұтам. Көктау ауылында асқар тауы, өзен–көлі, қалың орманы, шөл даласымен ауасы таза. Туған жердің табиғаты да бір ерекше! Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады.
Қостанай облысы, Арқалық қаласы жерінен шыққан ақын жазушылар Ы. Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Кейкі батыр, Амангелді Иманов т.б ақын жазушылар батырлар шыққан. Туған елі мен жері үшін жанын құрбан еткен батырларымыз.
Бейбіт заманда өмір сүріп жатқан біздер, өскелең ұрпақ бақыттымыз. Туған жер әрқашанда ыстық. Мен туып-өскен жерімді шексіз жақсы көремін.
Менің туған жерім Қазақстан.
Білімді,жауапкершілігі өте жоғары тәрбиеші Гүлсая.Еңбегің жемісті болсын!
Керекмет! Гулсая апай енбегиниз жана берсин!!!