Home » Мақалалар » Мамандықтың маңызы…

Мамандықтың маңызы…

Жумабекова Майра Еслямовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы
музыка жетекшісі

эссе
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.

Абай Құнанбаев

         Әлемде әртүрлі  мамандықтар бар, және әрқайсысының өз маңыздылығы бар! Бірақ мен жасап жүрген мамандық, менің ойымша  ең маңызды және қажетті мамандықтын бірі деп ойлаймын! Сіздер сұрайтын шығарсыздар: «Қандай мамандық, ең қажетті және маңызды?».
Менің мамандығым – музыка жетекшісі… Бұл мамандық әртүрлі мамандықтарды біріктіретіндігімен ерекшеленеді, музыкант және сүретші, сценарист, режиссер, костюмер, актер, гриммер! Музыка жетекшісі, мерекелік ертеңгіліктерге арналған сценарий жазады, музыка залын мерекеге безендіреді, қызықты мерекелер өткізеді. Балалардың музыкалық және жалпы дамыту процесінде қаншама іс- әрекет түрлерін меңгеру керек. Бұл ән айту, музыка тындау, театрландырылған қойылым, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау. Менің мамандығым және  сүйікті ісім бір болғанына қуаныштымын. Абай атамыз айтқандай, «неге арналсаң, соны істе»! Бұл менің сүйетін ісім!

Кішкентай кезінен мен ән айтуды, би билегенді жақсы көретін едім! Менің нағашым баян, домбыра, гитара аспаптарында ойнайтын, ән айтатын. Сол кісі маған домбыра тартуды үйретті, бірге ән айтатын едік! Қанша уақыт өзімді білсем, сонша уақыт мен домбыра тартып ән айтып жүрмін! Мектеп бітірген соң, музыкалық колледжге түсіп оқып музыкалық білім алып шықтым! Жылдар өтіп, тағдыр мені балабақшаның қабырғасына әкелді. 22 жыл бойы балаларға ән үретіп, өнер және музыка жолында жүрмін!  Музыка жетекші —  менің сүйетін және өмірлік ісіме  айналды!
Мен балаларды жанымдай жақсы көрем… Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Әр бала жеке тұлға. Педагог ретінде, мен де, баланың жеке тұлға қалыптасуына өз үлесімді қосқым келеді. Біз болашақ баланың іргетасын қалаймыз, бұл нәресте қаншалықты дұрыс дамитыны бізге – педагогтарға байланысты.  Менің басты міндетім, педагог ретінде, балалардың патриоттық сезімдерін, Отанға және туған жерге деген сүйспеншілік пен құрмет, ата – анаға деген махаббат пен силастыққа тәрбиелеу. Өз елінің лайықты азаматтарын, нағыз патриоттарын тәрбиелеу – менің алдыма қойған маңызды міндеттерімнің бірі. Менің ойымша тек музыка арқылы осының барлығын жеткізу, түсіндіруге болады. Кез келген бала билегенді, ән айтқанды, ойын ойнағанды ұнатады. Мен үшін үлкен бақыт, балалардың жүзінен күлкі қуаныш көрген кезде, олармен бірге ән айтып би билеп ойын ойнап өзім де кішкентай бала секілді сезінемін. Музыка іс әрекетінде балалармен Отан, туған жер, ана, әже туралы әндер айтамыз, Қазақстанның композиторлармен танысып, олардың шығармаларын, күйлерін тыңдаймыз, музыкалық аспаптарда ойнаймыз. Осылайша ән, би, ойын, музыка тыңдау арқылы балалардың болашақ тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік жағының қалыптасуы жүреді. Мен таңдаған мамандық ерекше! Ол жарық береді, жанашыр болуға, сезінуге, білдіруге, өз сезімдері мен эмоцияларын, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятады, ата – анаға деген сыйластық, қоршаған әлемге қатынасын жеткізуге үйретеді.
Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін ата — аналарына көрсетуге асығады.  Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде тәрбиешілердің де  орны ерекше. Барлығы тәрбиеші мен  музыка жетекшісі бірлесе жасайтын жұмыс. Алдына ала сценарий құрастырамын, тәрбиешілермен  бірге балаларды дайындаймыз, ойнайтын кейіпкерлерді рөлін тәрбиешілермен жаттаймын, музыка залын безендіріп, кейіпкерлердің киетін киімдерін ойластырып, әр персонажға музыка іздестіремін.  Жұмыс барысы шығармашыл, креативті, және  ұйымшыл болуды талап етеді. Қалай қиын болса да, менің жасап жүрген ісім маған ұнайды.

Мұхтар Әуезовтің: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген. Бұл сөз бекер айтылмаған, музыка баланың сезімін оятады. Музыка әлемі — адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор. Сондықтан менің мамандығым – музыка жетекшісі, маңызды деп есептеймін!

23 комментария

  1. Кенжегул муз

    Майра апай өтте білімді талантты еңбегіңіз биіктей берсін 👍😍

  2. Айнагуль

    Керемет!Майра ханым!

  3. Гүлдана - педагог-модератор, музыка жетекші

    Майра Еслямовна өте білікті, жоғары дәрежедегі музыка жетекшісі, өз ісінің маманы, жоғары бағаға өте лайықты, еңбегіңіз жана берсін, өнерлі шәкірттеріңіз көп болсын!

  4. Майра ханым! Сіз балаларды тәрбиелеуде үлкен орныңыз бар. Қажырлы еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  5. Арайлым

    Керемет.Майра Еслямовна өзі ісінің маманы.Керемет ұстаз.

  6. Керемет Майра👏👏👏

  7. Керемет!❤️

  8. Майра Еслямовна жарайсыз, еңбегіңіз жанаберсін, жұмысыңыз алға жүрсін

  9. Тамаша!!👏👏👏👏

  10. Багила апа

    Жарайсың Майра. Еңбегің жанып, соның қызығын көр.

  11. Гульнара

    Майра Еслямовна тамаша ұстаз,өз ісінің шебері. Шығармашылық табыс тілеймін!

  12. Наталья

    Майра, молодец! Дальнейших творческих успехов!👍👍👍

  13. Керемет Майра Еслямовна💐

  14. Майра, тамаша, керемет! Сіз өте мықты, білікті мамансыз!

  15. Айгерім

    Майра Еслямовна тамаша!Жарайсыз!Еңбегіңіз бағалана берсін!

  16. Майра апай жұмысыныздын жемісін көрініз. Биік шындардан көрінеберініз. Сіз мықты мамансыз! 💐👍

  17. Майнур Умирзаковна

    Майра Еслямовна керемет, тамаша мақала! Сіз білікті, мықты мамансыз, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  18. Гульбаршин

    Супер Майра

  19. 👍👍👍👍👍

  20. Керемет, сәттілік, жұмысыңыз жемісті болсын 🤲

  21. Майра Еслямовна керемет ұстаз! Өз ісінің маманы. Өте қарапайым адам, еңбекқор ұстаз, жоғары бағаға лайықты! Өте сыйлаймын!

  22. Жанар Ильясовна

    Майра Еслямовна өте керемет. Білгенге маржан демекші, қанатты сөздеріңізден үлгі аларлықтай. Алда шығармашылық бағытыңыз, шыңдала берсін. Сәттілік серік болсын!!!

  23. Гүлбану Аркабаевна

    Майра Еслямовна өте білімді, еңбекқор өз маманының иесі.Үлгілі ұстаз. Өз білгенін бүлдіршіндерге үйретуден жалыққан емес. Нағыз өз ісінің маманы ретінде танимын.Қолынан келгенше кез келген адамға көмектесуге дайын тұратын шыншыл адам.Майра сізге тек қана сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.