Гаппарова Каншаим Абдурахманкызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы тәрбиешісі
Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді әрі тереңірек ұғындыру жолдары Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»-деген Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы бар.Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік – балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын артыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
- Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
- Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Балалардың сөздің қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады. Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын – ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
- Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
- Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
- Ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау
- Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
- Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау.
- Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барасында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдалынған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп тапсырманы ықыласпен әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар ересек, ортаңғы топтарда қолданылады.
Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ата- бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді таныстырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.
Қазіргі ұрпаққа ана тілін үйрету балабақшадан басталады. Ұстаздарымыздың бұл ұстанымдарын қолдаймын!
Ана тілді әр түрлі жолдармен үйрету, балалардың тілін дамыту бағытын қолдаймын
Тәрбие тал бесіктен басталады.Басқа тілдің бәрін біл -өз тіліңді құрметте. Мектеп табалдырығын аттап басқанша бала бақша дән тәлім тәрбие алады күнделікті уақыттарын өткізуде ,барынша қазақы тәрбиелеп қазақша сөздерді әдеби тілде үйретуді қолдаймын
Тәрбие тал бесіктен басталады! Ана тілің арың бұл! Ана тілімізді қалыптастыруда осындай тәрбиешілердің еңбегі орасан зор!
Қазіргі ұрпаққа ана тілін үйрету – болашаққа қосылған үлкен үлес. Ханшайым сізге үлкен рақмет.
Ханшайым апай дұрыс айтылған