Home » Мақалалар » Инклюзивті білім беру жұмысын жүзеге асыру мақсатында іс- тәжірибесін тарату

Инклюзивті білім беру жұмысын жүзеге асыру мақсатында іс- тәжірибесін тарату

Бейсембекова Айгерим Абилхасимовна
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы
 мектепалды тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Жеке тұлғаның әлеуметтік өзінімдік танымға қабілеттілігі және оның бағытталу, қызығушылығы қалыптасуы мен даму, оқыту іс- қызметіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік z
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
  • түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
  • мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК –ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.

3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті  (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

✓ Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

✓ Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

✓ Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

  1. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

«Білім туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;». Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ . Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық — педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Багажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004ж
  2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000
  3. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
  4. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
  5. Дефектологиялық сөздік .
  6. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г
  7. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
  8. Саламан Декларациясы ЮНЕСКО 1994 ж

18 комментариев

  1. Керемет жазылған! Биіктен көріне беріңіз!

  2. Өте жақсы,ісің алға баса берсін

    aselbeisenbekova@gmail.com

  3. Арайлым

    Керемет жазылған мақала.Еңбегіңіз жана берсін.

  4. Асемгуль

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз💐

  5. Керемет кутты болсын 👏👏👏🌺🌺🌺

  6. Ардак 2023ж 23.11

    Мақалаңыз өте керемет жазылған.Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін!

  7. Жүмысын жемісін көр , биіктерден көріне бер . Жарайсын!

  8. Керемет.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  9. Жақсы жазылған мақала екен.Сәттілік

  10. Гулмира

    Жаксы жазылган!

  11. Жаксы! Керемет!!!

  12. Сәттілік. Тек алға!!!

  13. Сәттілік тілеймін.

  14. Өте керемет .Айкерім апай өте білімді,жаңашыл,іздемпаз,тәрбиеші.Жұмысыңызға табыс тілеймін. Отбасыңызға амандық.Шаршамаңыз,талмаңыз, Алға жарайсыз.

  15. Өте керемет жазылған, білікті маман екені көрініп тұр. Қазіргі заманда өте өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Қазір көп балалардың тілінің кеш шығуы- инклюзивті білімді қажет етеді және осы балаларды оқытатын маманның да білімі маңызды. Көп рахмет

  16. Өте керемет мақала! Кәзіргі уақытқа өте керекті мәселені көтеріп отырсыз.Жұмысыңыздың жемісін көріңіз!

  17. Мақала өте жақсы жазылған.Керемет тәрбиеші. Айгерим сізге сәттілік.

  18. 👍👍👍Керемет!)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.