Home » Мақалалар » Бақыттың баспалдағы, тәрбиенің бастауы балабақшада

Бақыттың баспалдағы, тәрбиенің бастауы балабақшада

Ашикова Лаззат Худиратиллаевна
  Астана қаласы әкімдігінің
№52 “Еркетай” балабақша
тәрбиешісі

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір баласы- ертеңгі еліміздің жарқын болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтайтын, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасайтын алғашқы орта балабақша. Өмірге енді ғана бейімделіп келе жатқан әр баланың екінші үйі. Бала бойына берілетін тәлім мен тәрбие, алғашқы білімнің баспалдағы балабақша екені де сөзсіз. Қаншама ерік жігермен, күшпен келген тәуелсіз еліміздің кеңге қанат жаюы, дамыған елдердің арасынан өз орнын табуы, гүлденуі мен өркендеуі болашақ өскелең ұрпақтың қолында. Осы күннің айдарындағы актуалды мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы ешқашан үзілмейтін процесс. Егемен еліміздің ертеңіне өзіміздің кішкентай болса да үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту біздің басты міндетіміз. Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты ең міндеті болып саналады.

Адамның бойына ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен бесігіңді түзе – деген қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы керек. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.

Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни біздің қолымызда баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім – тәрбие алып 2 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақша әкеліп тапсырады. Сол орайда ананың орнына ана бола білетін ол — балабақша тәрбиешісі. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті біздерге жүктелген. Бақшадағы оқу қызметтері бес сала бойынша іске асып барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады. Тілін дамытып ортаға бейімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын қысқа үлкен кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі ұшан теңіз. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасы деп білуіміз керек.Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:

  1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
  2. Тәй — тәй технологиясы
  3. Монтессори технологиясы
  4. Зайцев технологиясы
  5. Дамыта оқыту технологиясы

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

11 комментариев

  1. Қазіргі ұрпаққа дұрыс өніп, өсу үшін ең бірінші ата ананың, екіншіден ұстаздың беретін тәлім тәрбиесі өте маңызды. Сондықтан балабақшамыздың ұстаздарының бұл ұстанымдарын қолдаймын!

  2. Балабақшадан бастап тіл дамытуына байланысты әр түрлі технологияны пайдалану арқылы балалардың тілін жаттығады. Бұл ұстанымды қолдаймын

  3. Салтанат

    Білімді, жан жақтылы тәрбиеші-тәрбиелі ұрпақ. Керемеи✊

  4. Мен колдаймын .

  5. Керемет.Осындай білімді мамандар көбейе берсін.Жақсы тәрбиелі ұрпақты көбейту көбейтуге ат салыса беріңіздер!

  6. Айгерим

    Мен қолдайтын.

  7. Рамазан

    Главное Правильно Воспитание Это Дети
    Как Вы Воспитали Дети Так Ани И Вырастут
    А Учителям Желаю Крепкого Терпения
    И Всем Крепкого Крепкого Здоровья

  8. Тәрбие тал бесіктен басталалы!Еңбегіңізге тек сәттілік тілейміз!

  9. Гульнар

    Қеремет, болашаққа өте керек және пайдалы. Ұстаздарымыз баланы үйретуге жалықпасын.

  10. Керемет ! Сәттілік!

  11. Темирлан

    Мен қолдаймын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.