Алжанова Лазат Алиакбаровна
Астана қаласы әкімдігінің
№52 «Еркетай» балабақшасы
МКҚК қазақ тілі маманы
Кіліт сөз :
«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты»
В.А.Сухомлинский
Кіріспе.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа ойын технологиясы маңызды бөлік болып табылады. Орыс ғалымы, педагог К.А. Пакровский «Ойын- күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» деген. Ойын баланы қимыл-әрекетке төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады. Мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімін тексеру, қызушылығын ояту, белсенділігін арттыру, ойын бірлестігін құру, жалғыз және топпен ойнау дағдыларын қалыптастыру. Серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, ересектермен жағымды қатынас жасауға қабілетті әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Танымдылық, баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2.Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны адамгершілк қасиеттерін қалыптастыру.
3.Шығармашылық:қиялдау қабілеттерін дамыту;
- Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру, өз қалауы бойынша ойындар құру, таңдау іскерліктерін қалыптастырып, ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру.
- Ойындарды жүргізу түрлерін үйрету: ойыншықтармен, қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет заттарды таңдау, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарының ережелерін сақтап ойнау.
- Ересектердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыру. Ойыншықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай ажырату, заттардың аттарын дұрыс атау, топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.
- Басқа балалармен қатар отырып, бірлесіп ойнату арқылы бір-бірімен жылы қарым –қатынас орнату. Бірбіріне кедергі жасамау, таласпай, бір тоқтамға келу, ойыншықпен кезектесіп ойнау сияқты тәртіптерді орындау арқылы үлкенмен де, құрдасымен де жақсы байланыс жасау дағдыларын үйрету.
- Тәрбиеші ұйымдастырған топтық ойындарға қатыстыру.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойынның негізгі ерекшелігі- ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынасының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны арттырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез құлқы мен өзара қарым –қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұймдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым –қатынасын бағыттап отырады. Өзіде сол рөлге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны мен сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай желілі-рөлді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс, қимылды, ұлттық, сенсорика- моторика, логикалық ойындар болып табылады.
Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап ақ, бала өзінің қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтынын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып –білу үшін бүлдүршіндер түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылысына (формасына) көңіл бөледі. Сондықтан бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін шындау үшін, олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде біздер (тәрбиешілер) бір –біріне киілетін ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді қолданамыз.
Логикалық ойындар- логикалық ойлау қабілетін дамуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің әр-түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.
Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды. Яғни, логикалық ойлау қабылетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл ойы дамиды.
Желілі-рөлді ойындар— мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Желілі-рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Желілі-рөлді ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекетіне , ал «Дәріхана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізетін тәрбиелік ықпалын бағалауға өз тобындағы желілі – рөлді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Драматизациялық ойындарда- мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. желілі мен мазмұнына шарттас болады. Желілі-рөлді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны — балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан желілі –рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі болып қаралады. Олардың қайнар көзі біреу — қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар , цирктер т.б. ірі құрылстар салады. Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерін өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын- балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл –ой қызметін дамытуда, өзара қарым –қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін, қиыншылықтарды жою керек болады.
Драматизациялық ойын- балалар өз рөлдеріне кіріп, ертегі арқылы, ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту. Сахналау сабақтарында жазбаларында қандай да бір мәтінді жандандыру мақсатында педагогқа шығарманы кейіптендіру немесе сахналау жағдайы туғызылған. Сол себепті, ертегі, болмаса өлеңді оқыған алғашқы минуттарда –ақ, оның мазмұнына орай шағын спектакль ұйымдастырып жіберу тиімді. Балаларды бірнеше топқа бөліп рөлдерді ойнатуға болады. Ал педагог қолындағы бет перделер арқылы уақытын үнемдеп, сабақтың әсерлі болуына ықпал етеді.
Дидактикалық құрылыс ойыны- Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар ойнауға үйрету. Заттардың сыртқы белгілеріне қарай үйрету. Заттардың функционалды қызметтеріне қарай заттарды топтастыру, іскерліктерін дамыту, ыдыс-аяқ, шай, асхана, ас үй, жазғы және қысқы аяқ киім. Бірдей заттар мен әр түрлі заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен орналастыру, іскерліктерін дамыту, ойынға жүргізуші ретінде қатысуға ынталандыру.
Қимылды ойындар- Секіру, жүгіру, лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытатын доппен, шармен, секіртпемен ойнауға қызығушылығын арттыру. Ептілікті, шапшандықты, тақырлықты, кеңістікті, бағдарлауды қажет ететін ережелері күрделірек қимыл түрін өзгертіп отыратын ойындарды ойнау, іскерліктерін дамыту. Ойын ережелерін бұзбауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
Дидактикалық және логикалық ойындарды ұйымдастырғанда мынандай талаптарға сүйенген жөн:
- Ойынның ережелері дұрыс және қарапайым құралған, балалардың түсінуіне қол жетімді болу тиіс.
- Дидактикалық құралдар дұрыс пайдаланбаса ойын кезінде келеңсіздіктер тудырса, ойын қажетті нәтижені бермейді.
- Ойын барысында әр бала белсенді екенін сезінсе, ойын өте қызықты болады.
- Егер ойын — сабағы әр түрлі үш ойын түрлерінен: қозғалысты және танымдық мазмұндардан құралатын болса, олардың арасында міндетті түрде ойлау қабілетін дамытатын ойын болуы тиіс.
- Егер сабақта бірнеше ойын түрлері қолданса, математикалық мазмұны жағынан оңай ойынменен қиынырақ ойынын кезектесіп өтілуі тиіс, оның ішінде ең оңайымен жылдам сабақтың соңында өту тиімді.
- Қозғалысты ойын баяу ойынмен кезектесу қажет.
- Топпен жарыс ұйымдастырғанда ойынның нәтижесін бақылауды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойын нәтижесі әділ, әрі анық болу керек.
- Математикалық мазмұнына қарай ойын оңайынан қиынға қарай ауысу қажет.
- Ойын барысында белгілі бір аяқталған әрекет, тапсырманың шешуі болуы тиіс. Ойынды аяқтаусыз қалдыруға болмайды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Вахрущев А.А., КочемасоваЕ.Е., АкимоваЮ.А., БеловаИ.К.. — Здраствуй мир. – Москва, 2000.
2.«Ребенок в детском саду» №3, 2009
- «Ребенок в детском саду» №6, 2007
- «Бала мен балабақша» 2011 ( 3, 11) ж.,2012(7,9) ж.
bekarysmyrzabek5@gmail.com
beks56220@gmail.com
Биіктен көріне бер
Биіктен коріне бер
Лаззат нағыз өз ісінің маманы. Қаншама шәкірт тәрбиелеген нағыз педагог
Өте тұжырымды жазылған!Балаға ас беріп емес,ойын ойнатып өсіру керегін дәлелдегендей!
Нагыз маман Оз жумысын 💯 билетин тарбиеши!
Жұмысынызға тек сәттілік ,шығармашылық ізденістер тілеймін, Жарайсын.
Күшті мықты қазақ тілі мұғалімі
Ісіңізге сәттілік,
Жұмысыныздың жемісін көрініз!Шәкірттерініз көп болсын!
Нағыз мықты тәрбиеші. Өз мамандығының иесі. Сізге тек сәттілік
Мектепке дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде атқаратын маңызы зор. «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» деген дана халқымыз. Жоғарыда атап көрсеткен ойын түрлері баланың дамуына, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Еңбегіңіз жемісті болсын!
Алжанова Лаззат тәрбиеші әдіскер, сыпайы, өнегелі керемет жан. Ісітеріңізге тек сәттілік
Альжанова Ляззат нағыз патриот, Қазақ тілінің жанашыры және маманы. Сәттілік тілеймін.
Алжанова Лаззат нағыз тіл жанашыры, ана тіліміз осындай сыпайы, өнегелі, білімді керемет жандар арқылы көркеюде. Тек алға
Керемет маман тілдің жан ашыры ұрпакка жаксы тәрбие беруші осындай мамандар көп болсын
Алжанова Лаззат урпакка жанашыр тарбиеши. Оз маманын иеси. Саттилик!
moldir. Uljan@mail.ru
Алға .жарайсын
Өте керемет! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Сен мықтысың!
Әпке биіктерден көріне беріңіз! Тек алға!
Сен керемет мамансың! Жұмысыңа адал жансың!