Home » Мақалалар » Интебелсенді технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы

Интебелсенді технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы

Жаксыбаева Раушан Мирашевна
 Астана халықаралық университеті
Педагогикалық  институт
Шетел тілі: екі шетел тілі
4 курс студенті

 Интебелсенді технологиялардың оқыту процесіндегі маңызы

 Заман талабына сай  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын  менгермей сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Интербелсенді оқыту технологиясының   тиімділігін мұғалімнің оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болады.

Шығармашылық формасы –  білім алушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.

Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен білім алушы байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, білім алушының  өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.

Интербелсенді  технологияларын  қолдану  әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға ( мұғалім – білім алушы, мұғалім – сынып, білім алушылар – сынып, білім алушы-білім алушы, топ – топ, топ- білім алушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

  • пассивті – білім алушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);
  • активті (белсенді)  білім алушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);
  • интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Білім алушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интербелсенді оқыту  методикасын пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді.

Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл  коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр мұғалім  өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

«Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауй жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық әдіс болып саналады.

Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде  білім алушылардың шығармашылық  қабілетін және дербестігін жетілдіру.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

  • Орта қалыптастыру
  • Өмірмен байланыстыру
  • Құзыреттілік дағдыларын қалыптастыру.

Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге  мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр білім алушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.Қазір дәстүрлі білім беруде студенттерге тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.

Еліміздің білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге студенттің әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
      Интерактивті әдіс кезінде:

-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.

Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

Сонымен, интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бесова М.А Позновательные игры для младших школьников от А до Я Иркутск,2004 -272 с2.
  2. Загурская Е.Л использование активных форм и методов обучения в работе с младшими школьниками.-Мозырь,2006-58.с.3
  3. .Гальскова Н.Д Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа: методическое пособие / Н.Д. Гальскова, З.Н. Никитенко. — М.: Айрис-пресс, 2004 — 240 с.
  4. Жайлауова М.К Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері. 2008 — 25-27 с.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.