Home » Ашық сабақтар » Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қарағанды қаласы
«№86 жалпы білім беретін мектебі»  КММ
бастауыш сынып  мұғалімі
Нурмаганбетова Сауле Кудайбергеновна

Тәрбие  сағаты:  Қуан,  шаттан!( 1ші сынып бітірушілерге арналған мерекелік шара)

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. Кабинет тақырыпқа сай безендірілген, мақалдар жазылған плакаттар «Еңбек  түбі – береке», «Көптің ісі – мереке»

Мұғалім:1 қыркүйек    мына  балалар кіп-кішкентай  болып  мектеп  табалдырығын аттады. Ал бүгін міне  есейіп өз  білімдерін  көрсетпекші. Жыл  бойы пәндерден не білім, білік алғандарын көрсетеді . «Алтын ұям -мектебім-Рустам»Ана тілі, математика, дүниетану, ағылшын, музыка пәндері.

Диалог  құру  ( Дильназ-ұстаз,  Диас  шәкірт )1Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады? Балалар, Дильназ бен Диас арасында не болды?Диалог

Біздің ана тіліміз қай тіл?  («Туған тілім «Санжар)

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Мемлекеттік тіл туралы  не білдік? Жанерке: «Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі»

Мұғалім:Сөйлеу  үшін сөйлем керек. Сөйлем үшін не керек?  Дыбыс керек

«Әліпби»  өлеңі –Қарақат

Әр әріпті танып ал,

Сөйлеп кетсе,жаны бар.

«Әліппенің» тұтқасы-

Әліпбиді біліп ал.

Әліппиді жатқа айту( бірнеше оқушы)

«Білім» туралы көрініс  «Кітап ескірмейді»Бексұлтан, Мадияр, Дильназ

«Кел балалар, оқылық»Бексұлтан

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры

Бастасаңыз аллалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Отан  туралы  қаншама өлең жаттадық . Отан – Медина

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан үлкен,

Қазақстан-туған ел!

«Туған өлкем» Асуан

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

«Отан «-хор

Табиғат   туралы  қаншама өлең, әңгіме  оқыдық (« Алғашқы қар», « Қыс», «Қыста», «Бурабай», «Ағаштар»

«Жау-жау  жаңбыр»-Санжар

көрініс  «төрт мезгіл» Саян, Бексұлтан, Ислам

Достық  татулық  туралы  қаншама өлең  оқылды!  «Ағайынбыз  бәріміз»

«Әдепті қыз» көрініс  —  Айша, Арайлым, Дильназ

мұғалім:  Сәлем- сөздің  анасы -дегендей  балалар дұрыс сәлемдесуді  үйренді

«Сәлем  берем  үлкенге»Айдар

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

“Ассалаумағалейкум!”, — деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп

Сәлемдесем сол тұста:

“Есенсіз бе, әжей!”, — деп.

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін.

Аға, тәте, көкеге,

“Сәлеметсіз бе!”, — деймін.

 

Аталарың қандай бол дейді? «Атам менің әрқашан»   бауырмал, мейірімді, ынтымақшыл «Адам болам десеңіз»  Саян

Мұғалім:  балалар, бәрінен жақсы  кім?  Ол біздің анамыз. Сендермен бірге аналарың да оқуда көп қуаныш пен қиындыққа кездесті.»Бала, бала,бала деп» Медина.

Ана тілі сабағында біз достық,татулық, мейірімділік, әдептілік,қамқорлық, қуаныш,сыйластық,шыншылдық т.б. қасиеттерге үйрендік.

«Шындық деген ар-ұят» Ернияз

«Қуан,шаттан!»-Даниал

Қуан,шаттан,

Қуан,шаттан,

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

«Біз балдырған баламыз» Аянат

Біз — балдырған баламыз,
Шаттық әнге саламыз.
Қосып, алып сандарды,
Жазу жаза аламыз.
Біз — бақытты баламыз.

Балапан телеарнасы — Қазақстандағы тұңғыш балалар арнасы, балапан онлайн мультфильм

Басты байлық  не?  «Басты байлық -денсаулық»

Мұғалім: Мына сұрақтарға жауап беріңдерші!

Сұрақтар:

Сөз  неден  құралады?Жусан деген не?Бауыржан  Момышұлы  деген кім? Алфавитті жатқа айта аласың ба?Нағашы деген кім?Тыныс белгілерін ата. Кемпірқосақтың  түсі  қандай? Қазақтың  батыр қыздары  кім? Үш биді  ата Ыбырай Алтынсарин туралы  не білесіңдер? Бәсіре деген не? Көктемде алғаш келетін үш құс? Мамыр деп нені  айтады?

«Ынтымақ  күні»  Ақерке

мұғалім :»Ұланы еркін елімнің»

Ұланы епркін елімнің,

Бұлағы  көркем  жерімнің.

Иесі  болып  өсе бер,

Өзен-көл,тау-тас, белімнің.

Үндерің жарқын, көңілді,

Естіген дұшпан түңілді.

қазақтың артқан үміті

Ұланы  сендер  бүгінгі.

Мұғалім : Осымен мерекеміз аяқталды. Назарларыңызға көп рақмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.