Астана қаласы
Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Жумагуль Абилкакова
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі-сабақ болып қалыптасқан.Сабақтың ең басты белгісі-оның дидактикалық мақсаты.Ал, дидақтиқалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді.Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуы.
Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесі.Адамның ақыл-ой мәдениетін қалыптастыра отырып дамыту осы жеке тұлғаны дамытудың ең негізгісі болып табылады.
Бүгінгі өмір талабына сай, баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы зор.Қазіргі кезеңде заман ағымы білімді талап етуіне сай, көп тілдерді салыстыра оқыту арқылы оқушының оқу мен білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық көзқарасының қалыптасуына негіз болу – пән мұғалімдерінің басты міндеті болып қала бермек.
Әрбір уақыт кезеніңде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс.Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өңдірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.Сол себепті біздер де әр қыз үлкен ізденісте жүріп, әр сабаққа жан-жақты дайындалуымыз қажет.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады.Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу»,- деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады.Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы, көп нәтижеге жетуге болады.
Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі және тіл қай ұлтта қай өлкеде болса да қасиетті, құдіретті. Ол адамға ана сүтімее еніп, қалыптасады, сондықтан болар, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Мен әрбір сабағыма дайындықты баланы осы мұраны көзінің қарашығындай қорғауға бағыттаудан бастаймын.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен білім арқылы жақсы қарым-қатынас жасауы керек. Педагогтар оқушылардың әрқайсысына олардың білім сапасына, келешекте алған теориялық білімін практикалық әдісін қоса ұштастырып, орынды пайдалануға мүмкіндік туғызады.Осы тұрғыда оқушы теория мен практиканы ұштастыра білуі керек.Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, шығармашылығын дамытудың басты мақсаты.
Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Оқушылардың ойын дамыту, белсендігі, мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше.Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – ұстаз шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын да мұғалім берген тапсырманы өз біліктілігімен қойылған міндетті орындап, өздері қорытынды пікір жасай білетін нәтижелі жұмыстар бар.
Оқушылардың іскерлік дағдысы мен алған білімді меңгеруі нәтижелі болуы үшін ол сабақты тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болады. Сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысына елеулі уақыт бөлінеді.Жоғары сыныпта бұған көбірек уақыт бөлінсе, оқушы белсенділігі артып, кітаппен жұмыс, пікірталас туғызу қызығушылықты арттырады.
Мұғалім сабақты сабақта, сабақтан тыс тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырып, оқушы қабілетін, ойын жүйелеуге, ізденуге, қорытындылай білуге бағыттауы қажет.