Хусанжанова Дилафруз Икрамовна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабақшасы» ЖШС
тәрбиешісі
Тобы: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын көкөністер мен жеміс түрлерінің атаулары арқылы дамыту, оларды ажырата білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап,слайд.
1.Шаттық шеңбері:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
1.Күз мезгілі туралы сұрақ- жауап.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз.
— Күз мезгілдерін атаңдаршы?
— Қыркүйек, Қазан, Қараша.
— Балалар, біз дәрумендерді қайдан аламыз?
— Көкөніс пен жеміс-жидектерден.
— Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса біз бүгінгі ұйымдастырылған қызметімізде көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз, оларды ажырата отырып адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтамыз.
— Балалар, жемістер қайда өседі?
— Жемістер ағашта өседі, оларды су құйып, баптап өсіреді.
— Олар қайда өседі?
— Олар ағашта бақта өседі.
— Ал көкөністер қайда өседі?
— Олар қай уақытта жинап алынады?
— Күз мезгілінде.
— Көкөністер бау-бақшада өседі. Оларға су құйып қопсытамыз.
Жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы өте көп, балалар, оны тазалап, жуып жеуіміз керек. Оларды жеп жүрсек адамдар еш уақытта ауырмайды. Оларды күз мезгілінде жинап алып, дүкендерге сатуға шығарады, олардан адамдар әртүрлі салаттар жауып, қыстыққа дайындап алады.
3.Слайд арқылы әңгімелесу:
Слайдта күз мезгілімен, жемістер, көкөністер туралы көрсетіліп, әңгімелесу. Олардың түр түсін, пішінін, пайдасын, дәмін балаларға менгерту.
3.Жаңылтпаштар:
Ата мен әже, ана да
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырған Арман бала да
Арбамен тасып береді.
Асан бақша жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді.
Басқа жақтан,
Басқарақ асқабақ әкелді.
Дидактикалық ойын. «Көлеңкесін сай тап»
- Ал енді «Кім күшті» атты ертегімізді тыңдаңыздар.
Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.
Алыстағы бір ауылда үлкен бір бау-бақша бар екен. Бақша ішінде әртүрлі жемістер тату-да тәтті өмір сүріпті. Бір күні ызылдаған аралардың бақшада тартысып жатқанын шабдалы естіп қалады. Аралар ең дәмді және ең пайдалы жемістерді ажырата алмай тартысып жатқан еді. Шабдалы – шынында да ең пайдалы кім екен, мен болсам керек. Достарыма айтып көрейін, оларда мені таңдайтын шығар, — депті. Келіп достарына айтса, бәрі де өзін мақтай кетіпті.
Алма-Ислам
Мен — алмамын, алмамын
Таңдай тәтті бал дәмім
Витаминға толамын
Ең пайдалы мен боламын
Умар-алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Витаминға толамын
Ең пайдалы мен боламын.
Сол сияқты барлық жемістер өзін мақтай кетеді.
Аспаннан барлық әлемге бірдей шуағын аянбай шашып тұрған күн күліп былай депті: -менің тәтті де пайдалы дәрумендерге толы жемістерім. Сіздерді сиқырлы гүлдерден, аралардың тәтті балынан, кемпірқосақтың түрлі түстерінен жасалғандығыңызды күзеттім, жаңбырдың тұнық суларымен шомылдырылып артынан көбелек қанатының көмегімен сүртілдіңіздер. Әрбіріңізге табиғаттың ерекше адам ағзасына пайдалы дәрумендері сыйға берілген. Барлығыңыз да бірдей дәруменге бай, пайдалы жеміссіздер,-депті.
5.Д/О: көкөністер мен жемістерді ажырату.
Тәрбиеші: Балалар, ортаға жемістер мен көкөністер шашылады, соны ажыратып себетке жинап салу керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.
6.Мнемо кесте арқылы жұмбақ жасыру:
(Әр сөздер айтылған сайын суреттері көпсетіліп тұрады)
Көктемде ақ гүлге оранады
Күзде қолға доп боп оралады. (Алма)
Алма дерсің қызыл түсіне қарап
Жүгері дерсің ішіне қарап (Анар)
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
7.Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Жидектері көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Көкөніс пен жемісті
Қарғалардан қорғайық.
- Қорытынды.Балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізде қандай тақырыпта әңгімелестік, нелер туралы айттық? (сұрақ жауап арқылы түсінгендерін, білгендерін қайталату)