Толаметова Нодира Мирахматовна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабақшасы» ЖШС
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Эксперименттік жұмыс.
Мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, күзгі табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу. Физика, химия, биология негіздерін үйрету. Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.
Көрнекі құралдар: Су, құм колбалар, сүт, мұз ғаламшар, термометр, лимон қышқылы, ас содасы, жайпақ табақ, гуашь және майлы бояулар.
Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.
Билингвальды сыңары: Су-вода, ас содасы-пищевая сода, сұйық-жидкость.
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, Алтын Күн
Амансың ба, көк Аспан
Амансың ба достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?
Балалар: Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.
Тәрбиеші: Табиғат қандай болады?
Балалар: Тірі табиғат және өлі табиғат.
Тәрбиеші: Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.
Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.
Жалт – жұлт еткен,
Жылғадан өткен
Бұл не? (Су)
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бұл не? (Жаңбыр)
Жарайсыңдар балалар, бүгін сендермен ғажайып тәжирибе сабақ өткіземіз.
Бірақ алдымен сендер табиғатты қалай қорғауға болатындығы жайлы айтып өтіңдер.
Дамир: Әртүрлі қоқыстарды кез келген жерге тастауға болмайды.
Мадина: Жануарларға қамқорлық жасау керек.
Диана: Ағаш бұтағын сындыруға болмайды.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Жарайсыңдар. Ал бізде қазір жылдың қай мезгілі.
Балалар: күз мезгілі.
Тәрбиеші: күздік ағашты маған суреттеп беріңдерші.
Балалар: Ағаштың жапырақтары сары, қызыл, жасыл қоңыр түске кіреді. Жарайсыңдар.
Қазір күзгі алтын түсті ағаштың сұлулығын қыс бойы сақтап көзімізді қуанту үшін ғажайып тәжирибе жасаймыз. Ол үшін бізге бос банка, су, ағаш бұтасы және жапырақтар керек болады.
1-тәжірибе. Бос банкаға алдымен су қуямыз, жапырақтарды саламыз содан кейін ағаш бұтасын салып, банка қакпағын қатты жабамыз.
Сендерге тәжірибеміз ұнады ма? Жарайсыңдар.
Әр мезгілдің өзіндік түстері бар, мысалға, қыстың түсі ақ түс, көктемнің түсі жасыл, ал күздің түстерін айтып беріңдерші.
Балалар: жасыл, қызыл, сары, қоңыр.
Ал сол түстерден пайдаланып тағы бір тәжірибе жасаймыз.
2-тәжірибе. Бос ыдысқа сүт құямыз, майлы бояқтарды қылқалам көмегімен сүтке 5 реттен тамызып шығамыз. Барлық түстерді тамызып болған соң, құлақ тазалағыш көмегімен ыдыс жууға арналған гельді сүттің бұрышына саламыз. Қараңдаршы, балалар, табиғаттың сиқырлы түстеріні бізде жасай алдық.
Ал енді сумен жұмыс жасаймыз.
Балалар, жер бетінде су өте көп. Су түссіз болғанымен көп мөлшердегі суға қарағанда судың түсі көк болып көрінеді. Сондықтан, картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі. Мұхиттардың, теңіздердің, өзен–көлдердің түсі көк.
1) Сылдыр-сылдыр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.
1.Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.
3-тәжірибе. 1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?
Балалар: Көрінеді.
1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме?
Балалар: Жоқ көрінбейді.
Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма екен?
Балалар: Болады.
- Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?
Балалар: Әртүрлі.
Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.
— Су қандай зат екен?
Балалар: Су – сұйық зат екен.
- Ал, балалар, ыдысқа құм саламын. Ол да ыдыстың пішініндей пішінге айналады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жайпақ табаққа төгеміз, су жайылып кетті. Яғни, су – сұйық зат.
Ал, енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр. Олай болса, құм сұйық зат емес екен, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әртүрлі заттар екен. Құм — сусымалы зат. Су – сұйық зат.
- Тәжірибеміз мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.
Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бұл бу су тамшыларына айналады.
Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз саябақ.
Балалар, бізде тағы бұлақ суы да бар. Ол табиғаттың адам баласына берген сыйы. Қазір сендермен бұлақ суын қалай қайнап шығатынын тәжірибе жасап көреміз.
3-тәжірибе. Алдымен бос ыдысқа су қуямыз және көк түсті гуаш қосып араластырып аламыз. Ал енді оған лимон қышқылын қосамыз. Ең соңында ас содасын қосып араластырамыз.
Жарайсыңдар. Өте ақылды және еңбекқор болдыңдар. Бүгінгі өткізген тәжірибелеріміз сендерге ұнады ма? Қандай тәжірибелер өткіздік, айтып беріңіздерші. Сендерге ерекше сыйлығым бар.
Балалар: Оқу іс-әрекетін қорытындылап, өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Күздің түстерін ажырата біледі.
Меңгеру: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.
Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.