Home » Ашық сабақтар » «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

Моминходжаева  Дилбар  Сафаматовна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабакшасы» ЖШС
№10  «Айгөлек» тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқылы  тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білуге, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажыратуға үйретеді. Ертегіні мәнерлеп, дауыс ырғағына келтіре отырып сөйлеу, рөлге бөліп ойнау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілі: ертегіні сахналау, өлең, диологты сөйлеу.

Қажетті құрал жабдықтар: атрибудтар, үй, ағаш.

Дөңгелене тұрайық, шаттық шеңберін құрайық.

Армысың асыл күн,

Армысың көк аспан,

Армысың ба, достарым,

Армысыздар, қонақтар

Біз сіздерді сағындық.

Сөздік жұмыс: қасқыр-волк, лақ-козленок.

Іздену-ұйымдастыру:

Сұрақ-жауап:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз мезгілі

— Күз туралы не білеміз? Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

— Жапырақтар сарғайып, жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ауа райы

бұзылып, жаңбыр жауады.

-Күз мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі?

— Қыс мезгілі. Қыста қар жауады.

Кіріспе: Енді балалар сабағымыздың жаңа  тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.

— Балалар, қасқыр туралы не білесіңдер? Қандай жануар?

— Жабайы жануар. Қауіпті аңдар қатарына жатады.

— Лақ қандай жануар? Ненің төлі?

— Үй жануарына жатады. Ешкінің төлі.

— Лақ туралы қандай өлең білеміз?

Лағым-ау, лағым,

Ерке тотай шұнағым.

Ағаштарды кемірсең,

Құлағыңды жұламын

Аю туралы кім тақпақ біледі.

Ормандағы аюдың,

Құлпынай көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Көрініс:

Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып ақылын айтады:

-Шырақтарым, есікті ешкімге ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде «Лақтарым – шырақтарым, аналарың келді, сендерге сүт әкелді, есікті ашыңдар»-деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр есікті қағып, жуан даусымен:

— Лақтарым – шырақтарым, аналарың келді, сендерге сүт әкелді, есікті ашыңдар,-дейді

Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін естіп, есікті ашпайды.Қасқыр бір айналып келіп, есікті кайта қағады. Жіңішке дауысқа салып, әлгі әнді қайта айтады.

— Лақтарым – шырақтарым, аналарың келді, сендерге сүт әкелді, есікті ашыңдар. Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге кіріп келгенде, лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалады. Қасқыр  лақтардың бәрін тауып алып, жеп қояды. Тек біреуін ғана байқамай қалады, ол сағаттың артына тығылған екен. Қарны тойған қасқыр, ағаш көлеңкесіне жатып, ұйықтап кетеді.Ұзамай ешкі үйіне оралады. Ешкі үйіне келіп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ алдынан шығып болған жайды айтып береді:

— Бауырларымды қасқыр жеп кетті. Ешкі мен аман қалған лақ қасқырды іздеуге

аттанады. Көп ұзамай ағаш көлеңкесінде жатқан қасқырды көріп қалады. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарынын жарып, балаларын  құтқарады. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек жоқ. Қасқыр ешкіден жәнелақтардан кешірім сұрайды. Ертегінің соңында қасқыр, ешкі және жеті лақ дос болып қалады.

Қорытынды: — Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе?

-Қызықты болды ма?

— Енді сергіту жасап жіберейік;

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Қасқыр қалай жүреді,

Қасқыр былай жүреді.

-Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз  құрайық.

Көріскенше күн  жақсы ,

Cау-саламат болайық.

Осымен ашық сабағымыз аяқталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.