Эшанкулова Феруза Алимжановна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабақшасы» ЖШС
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған кәмпиттер»
Мақсаты: Балаларды ермексазды шымшып үзіп алуға және домалақ жұмыр мүсіндер сомдауға жаттықтыру; оларға домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету; қызығушылықтарын арттыру, қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын жетілдіру; қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: дастарқан толы кәмпиттердің суреті бар демонстрациялық көрнекіліктер, қызыл, сары, жасыл және ақ түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, үлестірмелі материалдар, қуыршақ.
Алдын ала орындалатын жұмыс: қуыршақпен және ыдыспен ойындар ұйымдастыру.
Сөздік жұмыс: сыйлық
Билингвальді компонент: қуыршақ — кукла
Шаттық шеңбері:
Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.
-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
-Ол неге ұқсайды?
-Ендеше, біз шеңберімізді шар сияқты үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
-Жақсы, енді өзара: «Денеміз сау болсын!» — деп, бір-бірімізді емдейік.
-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң, саусақтарым, сендер де ояныңдар!
-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?
Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты.
Ғажайып сәт:
-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Айгерім келді.
Қуыршақ: Саламатсындар ма балалар?
-Бүгін менің туған күнім
-Мені ешкім келіп құттықтаған жоқ
Педагог: Біз сенің туған күніңе сыйлық береміз
-Балалар, бізде туған күнге сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.
-Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай аламыз ба?
-Ендеше барлығымыз өз қолымызбен кәмпит жасап, оны әдемі қорапқа салып қуыршақ Айгерімге сыйлайық.
Сөздік жұмыс: сыйлық
Билингвальді компонент: қуыршақ — кукла
Педагог балаларға тақпақ оқиды:
Кәмпиттер бар көп бізде,
Шоколадтан жасалған.
Сорғыш кәмпит, мұз кәмпит
Чупа-чупс аталған.
Бар кәмпит пен мармелад,
Желе, ирис тағы бар,
Бәрі біздің Алматыда
«Рахатта» жасалған. (Ф.Омарбекова)
Педагог үлестірмелі материалдағы суретке балалардың назарын аударады.
Оларға қуыршаққа арналған кәмпитті жасаудың ретін көрсетеді. Ермексазды ала қанарасына салып домалақ тау керектігін айтады. Осылайша кәмпиттің үш түрін жасап, балаларға көрсетеді.
Сергіту сәті:
Қуыршағым келе ғой,
Менен кәмпит ала ғой.
Өкпелемей, келсеңші,
Өлең айтып берсеңші. (Г.Бектұрова)
Педагог жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Жасаған кәмпиттерін қорапшаға «салуды»
-Балалар, қуыршақ Айгерімге беретін сыйлығымыз дайын болды.
Жасаған тәтті кәмпиттерімізді қуыршақ Айгерімге берейік.
Қуыршаққа тәттіні көп жеуге болмайтынын ескертейік.
Балалар, кәмпитті көп жеуге болмады ма?
Көп жеген баланың тісі ауырады.
Қуыршақ Айгерім балаларға рақмет айтып, балалармен қоштасады.