Шаазимова Гулчехра Абдазимовна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабақшасы» ЖШС
№1 «Балапан» тобының тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншықтардың атын айтуға үйрету. Дидактикалық ойынның шартын түсініп, тапсырманы орындау, дұрыс айту. Ойыншықтарды күтіп, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: ойыншықтар, суретер, топты безендіру.
Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Қос тілді компонент:ойыншықтар-игрушки, қуыршақ-кукла,
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. (Балалар қимыл жасай отырып, шаттық шеңберін жасайды)
Шаттық шеңбері
Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл болып жанамыз
Біз жаттығу жасаймыз
Сергіп бір сәт қаламыз.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(Көктем)
— Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? (Күн жылынады, ағаштарда жапырақтар пайда болады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.)
— Балалар, мына жаққа қараңдаршы? Көктем ағаштарының жапырақтарының арасында біреу ұйықтап жатыр.
— Бұл кім болды екен? (Балалар қызығушылық танытады)
— Қонағымызбен амандасайық. (Амандасады)
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің ойыншықтар әлеміме қош келдіңдер! Тек, әттеген-ай, бүгін ойыншықтарым ұйықтап қалыпты. Балалар, оларды ояту үшін менің жасырған жұмбақтарымды шешіңдер:
Жұмбақ
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(Балалар жұмбақтарды шешеді.)
— Дұрыс айтасыңдар. Кәне, аю дұрыс па екен? (Жауабы:доп)
— Дұрыс екен.
— Балалар, доп неге ұқсайды?
(Дөңгелек, домалақ.)
Допты сипаттап, түсін, неден жасалғанын сұрау.
— Допты үйде, топта ойнауға бола ма?
(Жоқ онымен далада ойнау керек.)
Жұмбақ
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, сөйлемейді.
Көзі бар көрмейді.
-Ол не? (Қуыршақ)
Қуыршақты сипаттап айту. Неден жасалғанын анықтау.
— Балалар, қуыршақпен кім ойнайды? (Қыздар ойнайды)
Жұмбақ
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талдандап (ол жұмыртқадан жарып шығады)
(Жауабы:балапан)
— Балалар, мыналар не: доп, қуыршақ, балапан.
Олар – ойыншықтар.
Аюымызға төрлет дейік, біздің қонағымыз болсын.
-Балалар, ойыншықтар қайда сатылады? (Дүкенде)
Олай болса, біз автобусқа отырып, ойыншықтар дүкеніне барамыз ба? (Иә)
— Балалар, сапқа тұрып жүрейік.
— Қане автобус қалай дыбыстайды?
Балалар, біз қайда келдік? (Ойыншықтар дүкеніне)
— Біз не үшін келдік? (Ойыншықтар сатып алу үшін келдік)
— Ал енді біз дүкенде сатушы болатын баланы тандап аламыз. (балалар арасынан таңдап алу)
— Ал, балалар, сатушыдан қандай ойыншық алатындарыңды айтындар?
— Сатушыға ақша беруді ұмытпандар.
— Балалар өз ойыншықтарынды алған соң, оның неден жасалғанын айту, түсін, ол қандай ойыншық екенін айту.
— Балалар, сатушыға рахмет айтып, автобуска отырып топқа барайық.
— Балалар, біз ойыншық дүкеніне барғанда, онда ұл мен қыз қуыршақ киімдерін шатастырып алыпты.
Оларға көмектесеміз бе? Иә
Балалар, сендерге ойыншықтар ұнады ма?
Балалар, мен сендермен қоштасамын, сау болыңыздар!