Home » Ашық сабақтар » Берекелі — Жаңа жыл

Берекелі — Жаңа жыл

Наркулова Дилором Эргашбаевна
Шымкент қаласы
«Жамалай ана» балабақшасы» ЖШС
 тәрбиешісі 

Мақсаты: балаларға жаңа жыл туралы ұғым беріп,  жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салуға үйрету. Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, басқа да ертегі кейіпкерлерінің киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

(Жаңа жыл әуенімен билеп екі-екіден залға кіріп, кейін орындарына отыру.)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы тәрбиешілер және біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміз! Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа 2023 жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ- береке келсін! Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем,беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ , бүлдіршіндерімізге амандық тілеймін.

Жаңа 2023 жылың жаңа нұр ала келсін.

Қуанышқа құшағың толы берсін.

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп қала берсін!-дей келе Жаңа жыл мерекесіне арналған «Берекелі-Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Қандай керемет бүгінгі кешімізде ертегі кейіпкерлері мен сантаклаустар және әдемі ақшақарларымыз да бар екен. Ал,бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып , қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Балалар ортамыздағы жарқырап тұрған не нәрсе?

Балалар: Шырша

Жүргізуші: Жарайсыңдар (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, ашып көрейік. (көңілді музыка ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал мұнда сондай тамаша екен! Біз мұнда жай отырып үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.

Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі! Қараңдар айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бірақ ….,шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Балалар: Қуант, бізді, таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет.

Жүргізуші: Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл!

Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.

Есік ашық, дастарқаным жаюлы,

Қарсы алуға не керектің бәрі әзір — дей келе ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз.

Би. «Ёлочка»

Жүргізуші: Жаңа жыл, қош келдіңіз, құтты жыл болыңыз. Ал, балалар, енді бізге жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақша қар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аяз ата, Ақша қар (2 рет айқайлайды)

(Әуенмен бірге ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз ата:                                                                                                                                                

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдары

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз,ұлдарым

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармен арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Ха-ха-ха хи-хи-хи» Хоровод

«Раз два три » би

Жүргізуші: Жаңа жылда балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Ал балалар тақпақтарыңды айтып сыйлықтарыңды алыңдар.

Тақпақтар:

  1. Красота красота

Наша ёлка высока

Вышей папы вышей мамы

остаёт до паталка (Имран)

  1. Ёлочка ёлочка

Вот она какая

Стройная красивая

Яркая большая (Малика)

  1. Снег идёт, снег идёт

Значит скоро Новый год

Дед Мороз к нам придёт

Он подарки принесёт (Асад)

  1. Папа ёлочку принёс

В комната роставил

Чтоб подарок Дед Мороз

Мне под ней оставил (Севинч)

  1. Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса (Одина)

Жүргізуші: Әуелді әніміз,

Жаңа кірді сәніміз,

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз.

Би: «Дед мороз»                                                                                                                  

Жүргізуші: Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Тақпақтар:

  1. Новый год Новый год

В гости ёлочка придёт

Дед Мороз и зайки

Принесут подарки (Давлат)

  1. Дед Мороз Дед Мороз

Деткам ёлочку принёс

А на ней фонарик

Золотые шарики (Мубина)

  1. Добрый Дедушка Мороз

Борода и красный нос

Я тебя так сильно ждал

О мешке конфет мечтал!

  1. Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рақмет.

Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,

Ой-мақсаттар жүзеге асатын,

Арман-үміттер ақталатын жыл болсын.

Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.

Қоян жылы құтты жыл болсын. Қош сау болыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.