Home » Мақалалар » Жалпы орта білім бойынша қорытынды аттестат беру рәсімі өтті

Жалпы орта білім бойынша қорытынды аттестат беру рәсімі өтті

Жансая Құрманғалиқызы,
Жамбыл облысы Тараз қаласы
BILIM AINASY

Биыл маусымның 21 күні Жамбыл облысы Тараз қаласының №56 орта мектебінде «Болашақ – жастардыкі» тақырыбында негізгі және жалпы орта білім бойынша қорытынды аттестат беру рәсімі болып өтті. Аталған білім ошағында 11 сыныпты бітіруші түлектердің жалпы саны 33, оның ішінде Бөпетай Диана, Азимхан Бота, Оралбай Ұлдана үздік аттестат иегері атанды.
Ал, 9 сыныпты тәмамдаған 69 оқушының ішінен Мейрамбек Аяулым, Мейрамбек Аяжан үздік аттестат иеленді. Мектеп директоры Н.Ә.Әбдіқалық:

— 2023 жылғы түлектер өздерінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен, өмір-өзенге қанаттандырған сүйікті ұстаздарымен қоштасып, алдағы үлкен сынға аяқ басқалы тұр. Барлықтарың армандаған оқу орындарына түсіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін! Еліміздің болашағы – Сіздердің қоларыңызда. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздар! — деп ағынан жарылды.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға 2002 – 2003 оқу жылының түлектері мейман ретінде келіп, тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебіне және кейінгі жас ұрпаққа 300000 теңге көлеміндегі ескерткіш тақтасын сыйға тарту етті. Бұл әрекетті дәстүрге айналдыру мақсатында келген 20 жылдық түлектер өздерінің ақ тілектерін айтып, жастарға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Т.Ынтықбаева: «Ата-аналарыңның, ұстаздарыңның үмітін ақтап, еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініңдер! Қадамдарыңа сәт-сапар!» — деп түлектерге құтты қадам тіледі. Ал, кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Б.Жетпісбаева: «Көздеген мұрат-мақсаттарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!» — деп мектеп бітірушілерге ақ жол тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.