Home » Мақалалар » Арт-терапияның ерекшеліктері және оның бала өміріндегі рөлі

Арт-терапияның ерекшеліктері және оның бала өміріндегі рөлі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ,
МКҚК “ЖАЛЫН” БАЛАБАҚШАСЫ
ОШАКБАЕВА ПЕРИЗАТ ТЕМИРБЕКОВНА

Арт-терапияның ерекшеліктері және оның бала өміріндегі рөлі

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болыптабылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.

Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт- терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі танда арт-терапия болып табылады.

Сондықтан бұл терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие болуда. Алғашқы арт-терапияның осы бағытындағы түсініктерді енгізген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп,оларды ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «бейнелеу арқылы емдеу» деген мағынаны білдіреді .

Арт-терапияның көптеген түрлері бар. Соның ішінде: музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, куыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер- сюрприз, кұм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.

Музыкалық терапия. Музыка трапиясы — бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретіндетерапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістін әр адамға ынғайлы әрі колайлылығын көрсетеді. Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету аркылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.

Екіншіден, әр музыканын өзіндік белгілері бар. Адамнын белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоциянын пайда болуына әсер етеді.

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі максаты- баланын немесе ересек адамның кандай да бір кимылды тандауына карамастан, баланын өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

Сурет салу- ешкандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінін ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із калдыруды жаксы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.

Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланын әрбір саусағын әр түске матыру аркылы парак бетіне әртүрлі сызыктар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы коркынышты жену үшін қолданылады.

Бейнелеу терапиясының түрлері:

I.Поролон бөліктерімен сурет салу.

2.Сабынмен сурет салу.

  1. Щеткамен сурет салу.

4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу

үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жену үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен катынасса емдеу әсерлі болады

Ойын баланын психологиялық ахуалын сақтауға, онын коғаммен қарым- қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады:

Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңыздға өз еркімен қатысып, ойыннан куаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақыланыз. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік кимылда қолданылады әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.

Арт-терапиясы шығармашылық әрекетте баланың өз-өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым-қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Өзі туралы айтуға тырысатын өзінің сезімдерін қуанышы мен мұңын білдіретін өзіндік «тілі». Арт-терапияның элементтері мен жаттығуларының негіздері: өзі жайлы танымын калыптастыру сезімі мен эмоциясын білу және өзгеге білдіру позитивті қабылдауды қалыптастыру коммуникативтік дағдыларын дамыту отбасының эмоционалдық жақындастығы психоэмоциялық кернеуді шешу

Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасау барысында арт-терапия әдістері неліктен кеңінен қолданылады? Осы сұраққа жауап беруден бұрын алдымен арт-терапия дегеніміз не дегенге талдау жасайық. Арт-терапевтердің Британдық ассоциациясының анықтамасына сәйкес ол коммуникацияның негізгі тәсілі ретінде арт-материалдарды пайдаланатын психотерапияның түрі болып табылады. Оны көбіне балалармен, жас және қарт адамдармен жұмыс істейтін лицензиясы бар білікті Арт-терапевтер тұрақты қолданады.

Арт-терапия терапияның салыстырмалы жаңа түрі болса да әр түрлі саладағы мамандар арасында кеңінен қолданыс тауып отыр. Мұның бірқатар себептері бар:

Біріншіден, арт-терапия ол тиімді. Әсіресе, ол балалар мен жасөспірімдер арасында тиімді болады. Осы әдісті бұрыннан қолданатын психолог М.В.Киселева ойын ойнағанда бала шындық пен қиялдың шегінің қайда екенін ойланбастан барлығын шынайы қабылдайтынын, және соңында не болатынын ойланбайтындығын, тек сол процестен көңілі көтерілетіндігін, сол себепті бұл процесс ол үшін терапиялық болып табылатындығын атап көрсеткен.

Екіншіден, арт-терапия ол қолжетімді тәсіл. Арт-терапия көп қаржы шығынын қажет етпейді. Арт-терапиядан сабақ кез келген кабинетте, топпен де, жеке де өткізіледі.

Үшіншіден, арт-терапия ол өте қызықты! Ересектер де, балалар да өз қолдарымен жасаған дүниеден рақаттану сезіміне бөленеді, олар оны беріліп жасағандықтан, көбінесе қорқыныш сезімінен, отбасында болатын жанжалдардан және басқа да психологиялық қиыншылықтардан қалай арылғандарын байқамай да қалады. Шетелдік және отандық мамандармен бекітілген оң феномендердің арасынан ғылыми дәлелденгендері мен ең маңыздыларын атап шығайық.

Арт-терапия:

  • Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды;

Құрдастарымен, мұғалімімен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді, Көркем өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау, эмпатия қарым- қатынасын жасауға мүмкіндік береді;

  • Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, әсіресе көп ұлтты мектептерде жеңіп шығуға мүмкіндік береді;
  • Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді;

Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді; Ішкі бақылау сезімін дамытады.

АРТ — сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы эксперимент жасауға жағдай жасайды, сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсік пен бейімделуге жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді;

 

3 комментария

  1. Батыржан

    Дұрыс екен

  2. Бауржан

    Ошақбаева Перизат Темірбекқызы секілді парасатты жан-жақты,белсенді әдіскер және педагог-психологтың еншісінде. Бүлдіршіндерді Перизат Темірбекқызына сеніп тапсыру,капиталды Швейцариялық банкке сеніп сақтаумен бірдей.

  3. Гульжан Аскер.

    Бала өмірін мына заманда адам баласына сеніп тапсыру өте қиын. Ал Перизат Темірбекқызына немерелерімізді ойланбай ақ тапсыра алатын адам. Еңбектің еленгені өз ісінің шеберіне берілген үлкен құрмет. Еңбегің. жемісін көре бер Перизат Темірбекқызы!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.