«Жеңіс алауы» —тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар топқа «Ән салшы, сарбазым» әнінің әуенімен кіреді.
Құрметті, Қонақтар!Ұлы Жеңіс күнінің 77 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниет адамзатты тағыда бір қуантады. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
Арылтып жаулап жерлерді,
Танбаға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді.
Кептерлер қалқып, көкте ойнап,
Туымыз шалқып, көк байлап,
Мәре де сәре, мәз-мейрам,
Отанымыз той тойлап.
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар,
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған ел үшін.
Бастаушы: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады.Бұл сөздер қаза тапқандар ескерткіштерінде тастан қашалып жазылған.
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Хор : «Жеңіс күнін тойлаймыз»
Бастаушы: Халқымыздың зердесін бұл дата 9 мамыр мәнгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Бұл күні – Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні – Жеңіс күні.
Дегенмен соғыс басталған 1941 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбінде қар жамылған далада бір табан кейін шегінбей Отанымыздың жүрегіне жауды бір қадам бастырмай қорғап тұрды.
Олар барлығы 28 еді, олардың саяси жетекшісі В.Клочков еді, олар төрт сағатқа созылған соғыста жаудың 44 танкісін қиратты.
Олардың көкейінде «Артымызда Москва – шегінуге жол жоқ» дегенді ұрандатып ұстанды. 28 батырдың 22-і Қазақстандық еді.
Ән: «Катюша» Ұл балалар орындайды.
Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ,
Жауға үрей туғызған
Жайнап түсер жалын боп.
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап
Жиырма сегіз батырды,
Жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды,
Жеңе алмады жау бірақ.
-Еліміздің талай батыр ағаларымыз бен қатар аналарымыз да жаумен алысып, ерлікпен қаза тапты.Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова апаларымыз да ерлігін, батырлығын, қайсарлығын кейінгі ұрпақ мақтанышпен әнге қосып шырқап жүрміз.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кеттіӘлия, Мәншүк аналар.
Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған,
Әлия, Мәншүк-қос жұлдыз көкте жайнаған.
Хор. «Мәншүк» әні
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Жүргізуші: Сондықтан да соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі ,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар, дей келе,еліміз де тек
тыныштық, балаларымыздың күлкісі жарқын, тәуелсіздігіміз
тұрақты болсын демекпіз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» әні .
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төребай би ауылы
№15 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы КМҚК
тәрбиеші
Бұқпан Алмагүл Айбергенқызы