Умербаева Ляззат Ережеповна
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
«№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернатының »
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты алған білімдерін парктикамен ұштастыру, логикалық ойлау, есте сақтау, шешендік, шапшаң ойлау қабілеттерін шыңдау. Мемлекеттік тілдің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Өз ойын жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.
көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс, қазақ тілдері, шешендік өнер.
Сайыстың барысы: Армысыздар қадірменді қонақтар, білім қуған дарынды оқушылар!
Сәлеметсіздер, мейірімі мол ұстаздар мен ұшқыр ойлы, шешен тілді сайыскерлер!
Қазақтың ұлы ақыны қазақ тіл білімінің негізін салушысы, қазақ әліпбиін жазған алғашқы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай тілдер мерекесі қарсаңында 5-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбындағы зияткерлік сайысқа қош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда оқушылардың жан-жақты алған білімдерін парктикамен ұштастыру, есте сақтау, шешендігі, логикалық, шапшаң ойлау, өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттерін шыңдау. Мемлекеттік тілдің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, оны дамыту үшін өз үлестерін қосатын азамат болуға тәрбиелеудей мақсаттармен сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыз төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1 – кезең Ұлыларды ұлықтайық. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына толық шолу. (Дарындылар тобы өмірбаяны, шешендер тобы шығармашылығы туралы айтады 5ұпай)
2 — кезең Тапқыр болсаң, тауып көр. (А. Байтұрсыновтың өлеңдерін мультипроектордан үзінді оқып, жалғастырады. Дұрыс жауап 5ұпай)
3 – кезең Жүйрік ой, шешен тіл. (Онда оқушылар мультипроектордан көрген бейнероликтан түсінгенін таратып айтып береді. А. Байтұрсынов бұл мысалдарда нені айтпақ болды. Оқушылардың сөз саптауы, ойын толық, еркін)
4 – кезең Полиглот. (Оқушылар проектордан көрсетілген суреттерге мақал айтады, сол сурет атауын үш тілде атайды. Онда оқушылардың шапшаңдылығы, тапқырлығы бағаланады. Дұрыс жауап 5ұпай)
5 – кезең Қысқа сұраққа, нақты жауап. (Оқушылар алған білімдері дәлелдейді. Әр топ берілген 10 сұраққа кідірмей дұрыс әрі жылдам жауап беру керек)
6 — кезең Логикалық сұрақтар. (оқушыларға берілген сұраққа тез ойланып, дұрыс жауап беру керек)
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!- дей келе сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
Қазылар алқасының төрайымы директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары
Л. Хамзаева
Қазылар алқасының мүшелері – қазақ тілі пәні мұғалімі — А. Сайфуллаева
Орыс тілі пәні мұғалімі – У. Рашидова
Ағылшын тілі пәні мұғалімі – М. Раимов
Қазақ тілі пәні мұғалімі – Г.Хамзаева
Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп отырады.
Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда. Тіл – қарым — қатынас құралы. Әлемде 3000 астам тіл бар. Ағылшын, орыс тілдері халықаралық қатынас тілдері. Бұл тілдер біздің аса сүйіп оқитын Пушкин, Шекспир, Лермонтов, Байрон, Бернст тілдері болып табылады. Ал қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Оқушыларымыздың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенінің куәсі болайық, ағайын.
Бірінші кезең Ұлыларды ұлықтайық деп аталады. Онда оқушылар биылғы жылы 150жылдығын тойлап отырған қазақтың көрнекті ақыны А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы шолу жасалады. Қазылар алқасы оқушылар тарапынан айтылған ақпараттардың дұрыс бұрыстығын байқап бағалап отырады.
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өмірімнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.деп сайыскерлерге кезек берейік.
1-топ «Шешендер»
Ұраны: «Қырандай боп самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз.
Шешен тілді ұл-қыз боп,
Болашақты жалғаймыз»
2-топ: «Ойшылдар»
Ұраны: «Біз ойшылдар боламыз,
Жарыста да озамыз»
Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!