Home » Мақалалар » Lesson study: оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту

Lesson study: оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту

Елюбаева Гүлнәр Тоқтарбекқызы
Нұр-Сұлтан қаласы
Астана қаласындағы Халықаралық мектеп
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Жұрсынқанова Жадыра Жұмағалиқызы
Нұр-Сұлтан қаласы
Астана қаласындағы Халықаралық мектеп
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Оқу – бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек – ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында.

К.Д.Ушинский.

Оқушыларымыздың тіл үйренудегі жетістік деңгейі қаншалықты көңілімізден шығады? Оқыту әдістерін қалай жетілдіруге болады? – деген сұрақтарды өзімізге қойған кезде  кәдімгідей ойланып қалатын кездеріміз жиі кездеседі.

Қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретудің өзіндік қиындықтарын тіл үйретуші мамандар жақсы біледі. Себебі, көп жағдайда оқушылармен қарқынды жұмыс жасалса да,  өзіміз күткен нәтижеге қол жеткізе алмай қалатын кездер болады. Мұның себебін анықтап, шешімін табу мақсатында біз, Астана қаласындағы Халықаралық мектептің мұғалімдері,   Lesson study зерттеу тобына біріктік.  Lesson study арқылы оқушыларымыздың білім деңгейін көтеріп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды, сонымен қатар, әдістемелік тәжірибемізді жетілдіруді мақсат еттік.

Бүгінгі күні бар назары телефон мен интернетке ауған оқушыларды кітапқа, көркем шығармаларды оқуға қалай қызықтырамыз? Кітап оқымаған, төл әдебиетіміздің нәрімен сусындамаған баладан рухани жан дүниесі бай, ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын, отансүйгіш тұлға шыға ма? Бұл ата-ананың да, ұстаздар қауымының да, қоғамның да өзекті мәселесіне айналып отырғаны белгілі.

Біз өз тарапымыздан бұл мәселенің шешімін табу мақсатында жүргізген зерттеу сабақтарымыздың нәтижелі болғанына көзіміз жетті.

Бар болғаны баланы бақылау арқылы жас ерекшелігі мен мүмкіндігіне сай оқытудың әдістерін түрлендірдік. Оқырмандарға оқушының оқу дағдысын дамытқан үздік тәсілдерді ұсынғымыз келеді:

ЭПИЗОДТЫ СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС

  • Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі.
  • Көркем шығарманың эпизодына байланысты тиісті суреттерді табады.
  • Бөлім мен суреттің сәйкестігін дәлелдейді.

«ДИКТОГЛОС» ӘДІСІ

  • Мұғалім мәтінді 3 рет оқиды. Оқушылар тыңдап болған соң жұппен бірігіп, мәтін бойынша зерттеу сұрақтарын құрастырады.
  • Деректі сұрақтар: кім? не? қашан? қайда?
  • Концептуалды сұрақтар: неге? не үшін? неліктен? қалай?

Пікірталасты сұрақтар: келісесің бе/жоқ па?  дұрыс па/бұрыс па?
Жоғарыдағы әдістер оқушылардың көркем шығарманы қаншалықты түсінгенін және визуалды қабылдау деңгейін көрсетеді.

КІЛТ ҰҒЫМДАР: СӨЗ, ТІРКЕС, СӨЙЛЕМ

  • Мәтін мазмұнын ашатын 5 кілт сөзді анықта;
  • Мәтін идеясын анықтайтын 4 сөз тіркесін белгіле;

 Мәтіннің түйінін білдіретін 1 сөйлемді тап.

ЭЙЗЕНХАУЕР МАТРИЦАСЫ

І. Шұғыл және маңызды мәселеІІ. Шұғыл емес, бірақ маңызды мәселенақты орындалу уақытын қойып, кейінге қалдыруға болады.
ІІІ. Шұғыл, бірақ маңызды емес.

— Үлгеріп орындауға болады, бірақ маңызды емес.

IV. Шұғыл емес және маңызды емес мәселе

— орындамауға болады.

Бұл әдістер мәтінді талдауға жетелейді. Мәтінді оқып-түсінген оқушы оның идеясын меңгеруге бағыт алады.

«КЕЙС» ӘДІСІ

  • Оқушыларға шынайы өмірмен байланысты проблема беріледі;
  • Оқушы мәтінге және өз тәжірибесіне сүйене отырып, проблеманың шешу жолдарын ұсынады.

«Шығармашылық шеберхана» әдісі

  • Оқылған мәтін негізінде өзекті мәселені анықтайды;

 Анықталған мәселені тұжырымдап, шаршы топтың алдында не өлең, не үндеу, не жарнама т.с.с. шығармашылық өнімін ұсынады.

Бұл әдістер — оқушының кітапты өз еркімен оқып, шығармашылығының шыңдалуына үлес қосатын бірден-бір тәсілдер.

Әдіс-тәсілдерімізді өзгертумен қатар, бір сарындағы мәтіндер ғана емес, оқуға қызықтыра түсу үшін алуан түрлі жанрдағы мәтіндермен  жасалған жұмыс оқушының оқылым дағдыларына тиімді әсер етті.  Сөзімізді нақтылайтын болсақ,

  • масс медиа мәтіндері (блог, сұхбат, мақала, брошюра, хабарландырулар, жарнамалар, афишалар);
  • көркем шығармалар (әңгіме, новелла, миф, аңыз, поэма, поэзиялық туындылар).

Мұндай мәтіндер оқушылардың алған білімдерін шынайы өмірмен ұштастыра отырып, тілді меңгеруге деген ынтасын, оқуға деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.  Қазіргі білім берудің мақсаты мектепте алған білімді оқушы өмірде қолдана алуы қажет. Тәжірибедегі зерттеу арқылы біз де жас буынға бағыт-бағдарды қалай тиімді беру керектігін пайымдадық.

Осы сияқты, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушының оқылым дағдыларын дамытуға болатынына көз жеткіздік.  Бұл бірлесе жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп білеміз. Бірлескен зерттеу жұмысы өзімізге шабыт әкелді әрі шығармашылығымызды шыңдады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
  2. Дадли П. Lesson Study: нұсқаулық. – Кембридж, 2011.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.