Home » Мақалалар » Мамандығым – мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым

Дуйсенбаева Айнұр Советовна,
 Астана қаласы
№89 мектеп –лицейінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
8 «Б» сынып жетекшісі

Мамандығым – мақтанышым

Біздің халқымыз да ата-баба аманатына адал болуды тілейді. Осы орайда ел еңсесі еңкеймесін деп ертең үшін еңбек етіп жүрген жандар көп. Солардың алдыңғы қатарында бала тәрбиесі тұрғаны анық. Өйткені жас ұрпаққа білім беріп, оның бойына тәрбиені сіңіру жолында тер төгу –ұстаз деген ұлы мамандықтың миссиясы. Осындай ерекше кәсіптің иесі болғанымды мен де мақтан етемін.

Біріншіден, ерекше ойлайтын бүгінгі жас ұрпақты  тәрбиелеу бәсекеге қабілетті білімі мен кәсіби дағдысы ерекше дамыған маманның  қолынан ғана келеді. Балаларға  белсенді әдістермен сабақ өтіп, көшбасшыларды дайындау арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Оған жол ашатын елдегі татулық, бірлік, тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Өйткені еліміздің заманауи білімге деген бетбұрысы жақсы жолға қойылды. Бұл білімге үлкен серпіліс әкелді. Алаш қайраткерлерінің көсемі Алиханның: «Біз білекпен емес, біліммен ғана жеңіске жетуіміз керек»,- деген сөзі жаңа заманның ұранына айналды.

Екіншіден, егемен елдің ұрпағын отансүйгіш етіп тәрбиелеу өзекті болып тұр. Көгіміздегі көк туымыздың мәңгі желбіреуі үшін жас ұрпақтың да атсалысуына бар күшімді сарп етіп келемін. Олардың бойларына ұлтжандылық қасиетті сіңіруді міндетім деп есептеймін. Себебі бойларында елге деген сезімдері асқақ ұрпақ қана тыныштықтың, бірліктің туын құлатпайды.

Үшіншіден, балаларға мейірім мен қамқорлық бере отырып оларды  мейірімділікке тәрбиелей аламын деп ойлаймын. Мейірімді баладан өнегелі тәрбиелі азамат өсіп шығатыны анық. Мағжан сенген жастарға заман талабындағы білім, тәрбие беру менің міндеттерімді еселей түсетінін айтқым келеді. Бабалардан қалған байрағымызды биікте желбіретер балаларымыз көп болғанын қалаймын. Жұрт аманда ел баласы үшін еңбек ету мені шаттыққа бөлейді. Алдыма қойылған мақсаттар мен талаптардың жүзеге асыру жолында баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Бала бойындағы тәрбие бастауында өзімнің үлесімді қоса алатыныма дән ризамын.

 

 

11 комментариев

  1. Айнұр Советқызы сіз жақсы мақала жазғансыз сіз ағылшын тілінін жақсы маманысыз сізге үміт артуға болады сенуге болады болашақ еліміздің балаларына жақсы сабақ беріп болашақ еілімізді дүние жүзіне паш ететін елімізді көтеретін ағылшын тілін үйрететін мұғалімі маны екеніне сенемін қуанамын үміт артамын сізге сәттілік өмір бойы сау саламаты болыңыз әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін.

  2. Ұзтаздық жолыңызда сізге творчествалық табыс , шәкірт тәрбиелеуде еңбегіңіз еленіп табысыңыз еселенсін !

  3. Айнур Советовна , желаю Вам карьерного роста и процветания ! Вы лучшая

  4. Айгүл А. (БҚО облысы)

    Айнұр Советовна керемет маман, өз ісінің шебері. Жүзі жылы шырайлы, ізденімпаз, айналасына нұрын шашып, көмегін аямайды. Еліміздің мықты патриоты, қазағымыздың мықты қыздары жасай берсін, өркендей, өсе беріңіз. Отбасыңызбен аман болыңыз. Денсаулығыңыз зор болсын. Әрдайымда сәттілік серігіңіз болсын.Айнұр Советовна Тек Алға 👍👏👍

  5. Салтанат

    Айнұр Советқызы ! Білім алушы жас ұрпаққа береріңіз көп болсын!шығармашылық табыстар тілеймін. Алға!

  6. Жұмыстары керемет

  7. Ботагоз

    Ағылшын тілі пәнінің білікті, шебер маманысыз, Айнур Советқызы, жас мамандарға берер тәжірибеңіз өте көп. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!!

  8. Айтолқын Жусипбекова

    Айнұр апай мақалаңыз керемет шығыпты. Қаламыңыз ұштала берсін. Еңбегіңіз жемісті болсын

  9. Перизат

    Айнұр ұстаз, сіз мықты, керемет жансыз!

  10. Керемет. Жарайсың.

  11. Керемет! Еңбегіңіз жансын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.