Сокбакбаева Үміт Абилмашевна
көркем еңбек пәні мұғалімі
№94 мектеп-гимназия, Астана қаласы
Бүгінгі заман жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез-құлықтың заманы. Заманына сай мұғалім де жаңашыл, жан-жақты ұшқыр ойлы, оқушымен жұмыс жасауға ерік-жігері, қабілеті жеткілікті болуы қажет. Әрбір мұғалім оқушының ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс-әрекетке бағыттайтын әдіскер болып табылады. Яғни, оқушының өн бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын егіп, өмірді танып үйренуімен қатар, олардың адами ақиқатты ұғына алатындығына сенім білдіреді. Бұған себеп өзімнің сыныбыммен өткізген «Тәрбиеден – өзін-өзі тәрбиелеуге», «Сенім – менің серігім» атты сынып сағатында оқушылардың ойлау қабілеттерімен дүниетанымдылық қызығушылықтары басым екенін байқадым. Сабақ барысында «Иә, жоқ, өз түсінігінді дәлелде» секілді тіркестерді қолдану барысында балалар өз ойларын өмірмен байланыстырып, дәлелдеуге тырысып бақты. Бұл оқушыларымыздың тереңнен ойлау мүмкіндіктері зор деген сөз, демек, өмірден өз орнын табуы үшін, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсетіні анық. Яғни, білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай ақ оның дүниетанымдылық тұрғыдағы мәнін дамыту болып табылады. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.
Осы орайда сынып сағаты, тәрбие сағатының басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Әрбір сабақта адам баласына қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай болуға тырысады. Адамгершілік рухани тәрбиені білім берумен ғана шектемей, жібек мінез, биязы әдеп, асыл қасиеттің дағдысын игерту үшін рухани-адамгершілікке тәрбиелеу өресін биіктету қажет.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: -оқушылардың сана-сезімін қалыптастыру; -жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып. ұлттық рухын дамыту; -ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеу; -жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастырғанда біз мақсатқа жете аламыз.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту — өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған міндет ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік болу керек. Ол өзінің өсу, есею кезінде ата-анасымен, ұстаздарымен үйлесім таба білуі қажет. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер қалыптаса бастайды. Ұлттық құндылықтар патриотизм, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар көрсеткіші десек, оны қалыптастыратын: отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мектеп. Мектептегі тәрбие көзі мен өзегі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер, біз соны дұрыс насихаттай алсақ жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», -депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін. отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.
Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттап, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керекпіз. Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше. Ізгілендіру принципінің шарттары: -оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау; -оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; -үлгерімі төмен оқушыларды әдептілікпен айыптау, қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; -баланың өзі туралы жақсы бағасын, өзіне деген сенімін, құрметін қалыптастыру; -жеке тұлғаның іс-әректін дұрыс бағалап, теріс әректерге жол бермеу; -баланы түсініп жақсы көру, бірақ талап қоя білу; -оқушының табысына шынайы түрде қуану; -баланың көңіл-күйін ескеру; -баларды басқа балалармен салыстырмау; -баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау;
Оқушылардың оқу материалдарын игеруі мұғалімге байланысты боландықтан, өз пәніне ықыласпен қарайтын мұғалімдердің сабағынан оқушылардың білім сапасы жоғары болады. Білікті ұстаз оқушылар мотивациясын жетілдіріп, өзара тартымды қарым-қатынас құрады, яғни, мейрімді мұғалімдермен аса берік қарым-қатынаста болып, олардың пәніне қызығушылықпен қарап ынтасы артады. Мұғалімнің бойындағы шабыт пен құлшыныс оқушылардың өміріне зор әсер етеді. Оқу үрдісін ізгілендіру арқылы, оқушыны шабыттандыруға болады. Шабыт тереңнен бастау алатын ішкі құбылыс, балалар үшін әрбір әрекет шабытпен өтеді. Шабыт, басқаша айтқанда жаңа тыныс. Шабыт бізге көрінбейтін санадан тыс рухани қордан келеді. Ұстаздар, өмірге нәр беретін шабытты көңіл-күй орнатудың жолын іздеуі керек. Оқушы өзі ізденіп, өз бетінше оқып-үйреніп, ой бөлісіп, білгенін көшілікке жеткізе білсе, ол ұстаздың нәтижесіне қол жеткізгені. Оқушының білім алуға, ізденуге жауапкершілігі артқан сайын мұғалім қиналған тұста кеңес беруші бағыттаушыға айналады. Шабытты шығармашылық — педагогикалық ортаның, мектеп ұжымының білім сапасын көтеру жолындағы еңбегіне зор ықпалы бар.
Әдебиеттер:
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. — Алматы, 2000. 213- 2206.
- Т.Сабьфов. Оқыту теориясының негіздері. — Алматы, 1993. 21- 366.
- Ш.Құдайбердіұлы Шығармалары /Құрастырған: М.Жармұхамбетов, С.Дәуітов.-Алматы, 1988.-560
- Лернер И.Я. Об обучении и воспитании. -М.,1988
- 5. Амонашвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. М.:Амрита, 2012
Шығармашылық табыс тілеймін! Оқушы мен ұстаз ынтымақты болса жетпейтін асу жоқ
Автордын макаласын оки отырып, арине окушы бойына адами кундылыктар мен жагымды да жылы, тусинистиктеги карым-катынасты калыптастыра билсе, мугалимнин креативти шыгармашылыгына карай сапалы билим берилип жатса, окушы билиминин сапалы да , кундылыгында мин болмайды. Ендеше автор Умит Абильмашевнанын ойы мен жумыс багыты оте орынды деп ойлаймын.!!! Шышармашылыгынызга саттилик!!!