Home » Мақалалар » Ахмет Байтұрсынов және қазақ жазуы

Ахмет Байтұрсынов және қазақ жазуы

Темірбек Балсезім Ғалымжанқызы
№94 мектеп –гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

       Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбаларынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы қазақпен бірге түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған.V-XII ғасырды қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылды. VIII-IX ғасырда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі-араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. Осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды.

Қазақ жазуының  тарихында VI ғасырда 22 әріпті қамтыса, VIIІ ғасырда олардың саны 28-ге жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазақ баспасөзінің жазу құралы болған араб графикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуына көп септігін тигізген.

Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі- Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тіл ғылымын дамытқан ірі ғұлама. 1990 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған. Қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсау себебі мынада: 1902 жылы қазақ балаларына арнап ашылған үш жылдық бастауыш мектепте шәкірттердің  орыс тілінде сауат ашуы. А.Байтұрсынұлы мен өзге де бір топ зиялы өкілдер болып, 1905 жылы 26 маусымда Ресей Министрлер Советіне хат жазды. Мұнда қойған талаптары «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген болатын. Осы талаптың жүзеге асуы үшін Ахмет Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. «Оқу құралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда басып шығарды. «Тіл құралды» жазды. Мұнда тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген. Сонымен бірге «Тіл жұмсарды»  жазды. Бұдан кейін сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған. Міне, бұлар ұлы тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын зерттеудегі және оқу-ағарту  майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері.

Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған «жаңа емлені» 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде, қазақ-орыс мектептерінде де қолдана бастады. Жалпы Ахмет Байтұрсынұлының  бұл жазу жүйесі ұлттық қазақ жазуы деп аталды. Қолдану барысында Ахмет Байтұрсынұлы  полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқу процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.Ахмет Байтұрсынұлы реформалаған қазақ графикасы ресми түрде 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қабылданды. Осыдан кейін 1928 жылы «Тіл құралдың» қазақ тілінің морфологиясына және синтаксиске арналған бөлімдері  Қызылордада қайта басылып шықты.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін тағы бір ерекше бағаланатын тұсы қазақ тіліндегі  термин жасаудағы іс-әрекеті. Қазақ  тіл грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынуы. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сын есім, етістік, одағай, шылау, бастауыш, баяндауыш»  деген тағы да сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Олардың өте сәтті жасалғанының дәлелі өміршеңдігі. Ғалымның тіл үйретудегі, қазақ жазуына қосқан үлесі  мұнымен шектелмейді. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының іргетасын қалаушы болып табылады. Ол өзінің  он үш-он төрт жыл бала оқытқандағы тәжірибесінен түйген методикасы нұсқауларын  1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен кітап етіп шығарды. Қазақ тіл ғылымының негізіне жататын салаларын түгел қамтып, олардың терминдерін байырғы сөздердің негізінде қалыптастырып, алғаш рет баяндап берген-Ахмет Байтұрсынұлы.

Қорыта келгенде, қазақ жазуы- қазақ тілінің әрбір таңбаларынан тұратын жазу жүйесі.  «Жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқып, онан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деген Ахмет Байтұрсынұлының  өсиеті, қалдырған мұрасы тіл жанашырларының алға ұстар бағдаршамы болуы тиіс. Тіл жанашыры «Ел-бүгіншіл, менікі- ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, бүгінімізбен өмір сүрмей, ертеңімізді ойлайық, Қазақ елі!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н.Уәли Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы, Ұлттық рухтың ұлы тілі. Ғылыми мақалалар  жинағы.

  1. А. Байтұрсынов Тіл тағлымы-Ұлттық рухтың тіні. Ғылыми мақалар жинағы

59 комментариев

  1. керемет.

  2. Балауса

    Керемет! Тек биіктерден көріне бер алтыным! Шығар шыңдарың бағындырар белестерің көп болсын!!!

  3. Толғанай

    Тамаша!!!👏

  4. Ұлбосын.

    Балсезім құдайқаласа, шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі жұмсақ, өнегесі асыл, жаны жомарт, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздардар қатарынан көріне бер!Еңбек жолыңның алғашқы жылы, құтты болсын! Алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын! Тек биіктен көріне бер!!!

  5. Тек биіктен көрін. Талабына нұр жаусын. Беделді ,мықты маман бол жаным

  6. 14066156@gmail.com

  7. Гулбира

    Жарайсың тек алға! Тек биіктерден көріне бер!

  8. Оспанов Раушан

    Балсезім білімнің шыңына өрлей бер! Арман жолыңда қанатың талмасын.

  9. Тамаша жарайсың

  10. 👍👍👍👍👍

  11. Керемет👍🏻

  12. Қаламқас

    Жарайсың! Биіктерден көріне бер

  13. Керемет👍🏻

  14. Күштіііі👍🏻👍🏻👍🏻😍😍

  15. Гүлмирас

    gabitkyzyinabat4@gmail.com

  16. Балсезім, жарайсың!

  17. Керемет Балсезім !Тек биіктен көрініп бізді қуанта бер. Білімді ұстаз бол.

  18. Жарайсың Балсезім !

  19. Еңбегің жемісті болсын.Шығармашылық табыс тілеймін👍

  20. Еңбегің жемісті болсын.Шығармашылық табыс тілеймін👍

  21. Несібелі

    Керемет 😍😍

  22. Мұқағали

    Жараисыз әпше

  23. Керемет! Тек алға!!! Биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін! Еңбек жолыңа сәттілік!

  24. Сіңілім Балсезім жарайсың Алар асуың көп болсын жұмысыңда беделді бол Білім берген әр шәкіртің биіктен көрінсін Тек қана алғаа ұмтыл❤️❤️❤️❤️❤️

  25. Керемет биіктерлен көріне бер

  26. Тек биіктерден көріне бер! Жарайсың👏👏👏

  27. Балсезім апше, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре біліңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат етіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалады. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, бізге сіздің жолыңызды беруді Алла нәсіп етсін деп тілейміз.

  28. Күшті жазылған😍

  29. Күшті жазылған😍

  30. Керемет тек алға

  31. МашаАлла сенімен мақтамазыз әпше ♥️

  32. Карашаш

    Жарайсың, Балсезім! Тек алға!

  33. САЯТ ТӨЛЕШ АСЫЛХАНҰЛЫ

    👍👍👍👍👍👍👍👍өте керемет

  34. Өте тамаша

  35. 👍керемет

  36. Бақберген

    Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
    Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріңді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
    Әрдайым білім жолыңда, ерекшелігіңмен көзге түсіп, тек биіктерден көріне бер!!!!

  37. Керемет 😍

  38. Асылзат Нұғман

    Керемет! Биіктерден көріне беріңіз❤

  39. Керемет😍👍👍👍

  40. Қарақат

    Бұдан да биіктерден көріне бер жаным ❤

  41. Өте керемет баса беріңіз😘

  42. Өте керемет жазылған!Күшті!👏👏👏

  43. Арайлым

    araylym.asan.21@bk.ru

  44. Almat300122@gmail.com

  45. Керемет жазылган. Алга баса берініз.

  46. Жумабек Ержан

    Керемет👍🏻

  47. Керемет👍
    Тек биіктерден көріне беріңіз. Еңбек жолыңызға сәттілік тілеймін Тек алға

  48. ggg73837372@gmail.com

  49. Мейірім

    Өте керемет жазылған 👍💞тек алға

  50. Ғалымжан

    Қызым,мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырыңды осы салаға арнап, шәкірттеріңді биік шыңдарға жетелеп жеткізе бер!Шәкірттерің жетістікке жетіп,еңбегің дана берсін!!!

  51. jaziraergal18@gmail.com

  52. Балсезім әрқашан биіктерден көріне бер!Осынау ұстаздық еңбек жолыңа тек шығармашылық табыс тілеймін!Еңбегің жана берсін! Шәкірттердің тек биіктен көрінсін.Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып , жұмысың алға бассын!

  53. Абдуллаһ

    Өте тамаша

  54. Балсезім ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарың, бастауларың құтты болсын жаным❤Тек сәттілік пен бақыт тілеймін. Еңбегіңнің жемісін көр😘❤

  55. Сенімен мақтанамыз әпше
    Алдыңғысы қате жазылып кетіпті)😂

  56. Ақторғын

    Керемет! 👏👏👏

  57. Керемет жарайсыз!!! Биіктерден көріне беріңіз!!!

  58. Жарайсын 💫биіктерден корін

  59. Жарайсың! Еңбегің дана берсін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.