АСТАНА ҚАЛАСЫ № 94 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ
тарих және география
пәнінің мұғалімі:
Байконырова Бахытгуль Тургуновна
“Ұстаз” жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешқайсысын ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жаттарына да әділ…., жұрттың бәріне… жақсылықпен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Елiмiздің стратегиялық мақсат-міндеттерін шeшу жолында қоғамның дaмушы қaтaр білім беру жүйесі де жетіліп, дамып отыруы керек. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру мақсатында мектеп реформасына өзгерістер енгізілуде. Әp елдің даму деңгейі оның табиғи байлықтарымен емес, оның интелектуалдық және шығармашылық потенциалымен, ғылым мен өндірісте технологияларды жете меңгеріп оны ендіре білуіне байланысты.
Қазіргі кезде білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылaрдың білім сапасын көтеру әрбір сабақта қолданатын оқытудың жаңа формалары мен техникаларыоқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ізденімпаздығын байқау қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды оқытудағы негізгі
мақсат баланың ашылмаған қабілетін ашу дамыта оқыту белсенділігін, арттыру өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру қосымша пәнге қызығушылығын арттыру. Мұғалімнің міндеті пәннің ғылыми сипатын арттырып , білім беруде тек мәлiмет жиынтығын меңгертумен шектелмей, терең білімді, ізденiмпаз, баpлық іс-әpекеттерде, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрін жүзеге асыратын мұғалім сабақтың сапалы болуының толып жатқан шарттары, әдіс тәсілдері бар. Соның бірі — оқушылармен жүргізетін шығырмашылық жұмыс. Шығармашылық дегеніміз — адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғары формасы. Ж. Дистервег «жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» — дейді.
Шығармашылық іс әрекеттерді дамыту арқылы оқушылар бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі.
- Бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі.
- өз білімімен жолдастарының білімін саралай бағалай білуіне толығырақ мүмкіндік туады.
- Оқушылардың өзіндік шығармашылығын байқатады.
- Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
- Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, баланың мінез-құлқына, яғни тиянақтылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады.
Шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық ұлттық танымдар
іс-әрекетті дамыту зерттеу жұмысына баулу
әдістері. Топтық жұмыстар
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру əр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу
əрекетінің субъектісі, əр түрлі мəдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс əрі шебер жеткізе білетін, мəдениетті тұлға.
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –əр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мəселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып жəне үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мəселені анықтау, əр мəселеге байланысты өз пікірін айту, оны дəлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дəлірек қарастыруды жəне сол дəлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол əрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шəкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тəжербиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
— Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік жəне жеке ойлау болып табылады.
— Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дəлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
— Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мəселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумасынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Мұғалім қолданатын стратегиялардың бірі — сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.
Сондықтан тілдік пәндер бойынша сабақ қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Əлемді шарлау» т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті
талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V – «білемін», ― «мен үшін түсінікті»,
+ — «мен үшін жаңа ақпарат»,
? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді. Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Əр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге
қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ əр түрлі əдіс-тəсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
ə) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мəселені зерттеу;
б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мəселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дəлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тəрбиелейді.
7-сыныптың «Табиғи аумақтық кешендер» тарауындағы, географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер деп аталатын оқу мақсаты берілген. Осы оқу мақсатын ашу үшін, оқушының қызығушылығын арттыра отырып тиімді белсенді әдіс тәсілдерді қолданып, тапсырмалардың оңайдан қиынға қарай жылжуын қарастырып, ойлануына мүмкіндік беріп көрейік.
Сабақ барысында ең алдымен сыныптың психологиялық атмосферасын жақсартып, көңіл-күйінің дұрыс болуы мен қызығушылығының артуына жағдай жасау. Мысалы: оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне жылы лебіз білдірту. Белсенді әдісті пайдаланып оқушыларды топқа бөліп отырғызу, оқушылардың өздеріне топтың ережесін құрғызу.
Әр тапсырма барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, топтық, жұптық, жеке жұмыстар және қалыптастырушы бағалау мен ынталандыру қоса жүретініне түсінік беру.
Сабақтың білу кезеңінде «Джигсо» әдісін қолданып мәтінді оқыту арқылы оқылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға ықпал ету. Мұнда оқушылар өз білетіндерін ортаға салып толықтырады, ойын жинақтап айтуды үйренеді және сыни тұғыдан ойланып, жауаптарын дәлелдермен келтіріп, өмірмен байланыстыра алады.
Тағыда бір белсенді әдістердің бірі «Мені анықта»деп аталады. Осы тапсырмада мұхиттар мен теңіздерді айтып картадан көрсету арқылы
оқушыларды қызықтыру және есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағыттап, өз бетінше ізденуіне көмектесу.
Келесі қолданатын «Сұрақ-жауап» әдісі оқушыларға сұрақ қою және олардың жауабына қарай әрекет ету, алған білімдерін тексеру үшін сұрақтар қойып, жауап беруге ынталандыру қажет.
Сабақ соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жүргізіп, келесі сабақта жоспарланатын жұмыстарыма не өзгертуім қажет, қандай
тиімді әдістерді қолдануға болады, сабақ барысында неге назар аудару қажет деген сұрақтарға жауап аламын.
Қазіргі кездегі білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылық пен қызығушылығын қалыптастыруға бағыттап оқыту болып табылады.
География пәні көбіне ауызша жауаптары талап ететін болғандықтан жұптық, топтық, жеке жұмыстар арқылы табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында зерделеуге, зерттеуге жұмысын жүргізуге, болжамдар жасауға, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына мүмкіндіктер береді. География ғылымы-өте қызықты да күрделі ғылым. Жаңартылған білім мазмұнын география пәнінде жүзеге асыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.
Назарларыңызға рақмет!
Ауқымды жоспарлар, іс-шаралар, керек ақ! Талмай қанаттана беріңіздер. Еңбектеріңіз жана берсін!
Өте керемет! Жарайсыз!👍👍👍 Өте жақсы жазылыпты. Сізге сәттілік тілеймін!
Шығарма өте жүйелі әрі мазмұнды жазылған. Тақырып ашылған.»Өте тамаша» деп бағалар едім және мазмұнды, мағыналы әрі сауатты жазылыпты.»Керемет» деп бағалаймын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін!