Home » Мақалалар » АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ.

Ерсултанова Айгуль Серикбаевна
Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLITECHNIC»
жоғары колледжі ШЖҚ МКК
Ағылшын тілі пәні оқытушысы

Аңдатпа. Бұл мақалада білім беруді цифрландырудың маңыздылығы және білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін оқытушылардың кәсіби маңызды цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі өзектендіріледі. Оқу үрдісіндегі цифрлық ресурстарды тиімді қолдану ерекшеліктеріне аса назар аударылады. Әр түрлі цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, ағылшын тілін оқытуды жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық дағдылар нақтыланады.

Зерттеу нәтижелері білім алушыларға оқу барысында заманауи технологияларды және мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы өздігімен білім алуларына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігі айқындалды.

Кілттік сөздер: Цифрлық ресурстары, қолжетімді орта, интерактивті білім беру ортасы, виртуалды орта.

Қазіргі заманауи білім беру кезеңі әртүрлі ақпараттық технологияларды кеңінен қолданумен, интернет мүмкіндіктерімен және оқыту әдістері бағытының ерекшелігімен сипатталады. Оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту бойынша ағылшын тілі – оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Ұлы педагог Ушинский «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан жаңа замандағы жаңашыл ұстаз ақпараттық-коммуникациялық  технологиялармен қаруланған болуы тиіс! [1].

Шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты – өзге тілдерді үйренуге дағдыларын қалыптастыру және дамыту, білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін, қарым-қатынас пен негіз болып табылатын мәдениетаралық өзара әрекеттесу қабілеттерін қалыптастыру [2].

Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Дәстүрлі оқыту мен заманауи оқытудың да айырмашылығын жоққа шығара алмаймыз. Оны мына фактілермен талдау жасасақ: Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құру, білім беруді виртуализациялау, білім берукде сандық технологияларды қолдану болып табылады. Ол тұлғаның жан-жақты дамуына, өздігінен білім алуына жетелейді. Оқытуды заманауи әдістермен, құралдармен, коммуникациялық технологиялармен меңгертуде, барлығы дерлік дәстүрлі оқыту жүйесін негізге ала отырып беріледі.

Осыған байланысты мынадай тұжырымға келсек, білім беруде цифрландырудың жаңа жобалары әзірленіп, ауқымды жұмыстар жүргізілуде, білім саласындағы сандық ресурстар, оқыту платформаларды автоматтандыру қарқынды даму үстінде.

Жаңашыл замандағы ұстаздың бейнесі — өздігінен білім іздейтін, шығармашыл, өзгеруге бейім екенін нық сеніммен айта аламыз!

Педагог ретінде алға қойған мақсатым қазіргі заманға сай ағылшын тілі пәнін оқытуда  цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың білік-дағдысын дамыта отырып, Қазақстанның болашағы үшін сауатты шешім қабылдай алатын қазіргі заманауи кәсіби мамандарды даярлау.

— интерактивтік әдістермен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

— инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білімнің сапасын көтеру;

— интерактивтік, мультимедиялық программаларды, мультияжды анимациялар арқылы қамтамасыз ету;

Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың көмегімен оқыту барысында түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға, оқу дағдыларын қалыптастыруға, заманауи оқыту құралдары платформаларының көмегімен білім алушылардың сөздік қорын кеңейту, ағылшын тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Шет тіліндегі сөздерді тыңдауға арналған, енгізген мәтінді онлайн дыбысқа айналдыруға арналған көптеген мультимедиялық білім беру ресурстары бар.

Цифрлық білім беру контенті – бұл интерактивтік формадағы оқытуды қамтамасыз ететін пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдар: яғни, фотолар, дыбыс- және бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілері, т.б. Бұл бағдарламаларды қолдана отырып, білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады.

Цифрлық білім беру ресурстары:

Hand animation – цифрлық қолмен жазу әдісі, білім берудегі жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты ерекшелігі білім алушыларға жаңа тақырыпты ең жақын анимация жанрында жасалуы.

Padlet тақтасы – онлайн тақтасын құруға арналған тегін платформа. Мұндай басқарма тақырыпты тереңірек зерттеуде, қашықтықтан оқыту формасында да қолдануға тиімді. Бұл ретте білім алушылар берілген өзіндік тапсырмаларын, яғни тақырып бойынша материалдарын ортақ жинау үшін электронды тақтаны пайдалануға мүмкіндік алады, барлық ресурстар бір жерде жинақталады және жоғалмайды.

QR коды. Бұл қосымшаның көмегімен кез – келген ақпаратты кодтауға, тікелей тануға болады, мысалы: мәтін, сайтқа сілтеме, сурет, түрлі тапсырмалар жүктеуге болады.

Жанданған видео жасау бағдарламасының көмегімен тақырыпқа байланысты кез – келген материалдарды жандандырып көрсетуге болады. Бұның көмегімен кез – келген фото, видеоларға жан бітіруімізге болады. Оны ашық сабағымызда, семинарларда, оқытудың әртүрлі формасында қолдануға болады. Бұл меморис программасының (Goole-ден тегін жүктеп алу арқылы) көмегімен іске асады.

Plickers – заманауи интернет сервисі. Бұл сабақты қорытындылау бөлімінде білім алушылардың жұмысын бағалауға, сұрақ жауап әдісінде, сауалнама нәтижелерін экранда көруде мүмкіндік беретін қосымша.

Flippity технологиясы бұл сервис оқытуды ұйымдастыру барысында білім алушыларды автоматты түрде топқа, жұпқа бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сабақтың көрнекілігіне қызмет ететін worldwall жаңа платформа, интерактивті тапсырмалар құруда қолданған тиімді.

Жоғарыда атап өтілген цифрлы технологияларды ағылшын тілі пәнін оқытуда қолдану білім алушылар үшін де, оқытушыларға да жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.

Ағылшын тілін оқытудың маңызды бөлігі оқыту материалдарын (тілдік жəне сөйлеуге арналған), білімін, дағдысын, біліктілігін, тақырыптық сөйлеу жағдаятын жəне мəтінді ұйымдастыру мен үйретуді жүзеге асыруда өтетін сабақтарды оқыту негізінде білім жəне түсінік орын алатыны белгілі. Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде: түрі-аудио құралдар, адамдардың сөзі, сұхбаттар жазылған үн таспалар сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болады.Үн таспаларды біраздан бері оқыту барысында қолданылып келеді. Бірақ əрбір оқытушы оны өз əдістемесіне қарай қолданады.

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім алушылардың әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды.

Заманауи цифрлық білім беру ресурстарын ағылшын тілінің әртүрлі аспектілерін оқыту үшін ғана емес, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін, оқытушының тікелей бақылауымен өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар ағылшын тілін үйрену кезінде оқыту сапасы мен тілді меңгеру деңгейін арттырады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану — бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Электрондық оқыту ортасында педагогтардың құзырлылығын қалыптастыру» Ахметова Г.К., Мұхамбетжанова С.Т. Алматы, 2012
  2. «Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері» Құдайбергенева К.С. Алматы, 2012
  3. Галскова Н.Д., Гез Н.И. Шетел тілін оқыту теориясы: Лингводидактика және әдістеме. М.: «Академия» баспа орталығы, 2012. 336 б.
  4. Китайгородская Г.А. Шет тілдерін қарқынды оқыту: теория және электронды ресурс тәжірибесі. М.: Орыс тілі, 2013. 254 б.
  5. Пассов Е.И. Шетел тіліндегі қарым-қатынасты оқытудың коммуникативті әдістерінің негіздері. — М.: орыс. т. 2009. 276 б.

One comment

  1. Ия, қазір цифрлық технологиясыз адамның болашағын елестету мүмкін емес. Сондықтан оқытудың ең тиімді, және жылдам жолы болып табылады. Оқытуда цифрлық технологияны қолдану дұрыс деп есептеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.