Home » Мақалалар » Эмоция әлемі

Эмоция әлемі

Махмудова Галя Оразбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№93 «Айгөлек» балабақшаcы психологы

Эмоция әлемі

Психологиялық сабақ:
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру, бір–біріне достық қарым- қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, тапсырмаларды бірге орындау.
Амандасу рәсімі:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Сабақтың барысы:
Балалар мен сендерді күнде балабақшада көргенде қуанамын. Мен бәріңді жақсы қөремін. Ал сендер бір-біріңді көргенде куанасыңдар ма?
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олар да сендерді көргеніне қуанышты, бізде қонақтарға қуанышымызды білдірейік. Кәне, қонақтармен амандасайык.
Тілек шеңберін құрып, күннің сәулесі арқылы жақсы, жылы, бір-бірімізге тілек айтайық
Балалар мен сендерді саяхатқа «Эмоция әлеміне» шақырамын. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тыңдайық Дайынсыңдарма 1,2,3,4,5
Енді, көздеріңді ашуға болады.
Балалар біз «Эмоция әлеміне» келдік.
Қаншама суреттер, ашып көріп алайық
1-сурет Көңілсіз бауырсақ жылап тұр.
Балалар сендер калай ойлайсындар неге ол жылап тұр
2- сурет Ашулы.
Балалар сендер қайдан білдіндер ол ашулы екенін
Балалар сендер ашуланасыңдар ма? Қашан?
3-сурет Көңілді.
Балалар қалай ойлайсындар суреттегі бауырсақ неге көңілді
4-Ренішті ренжіп тұр.
5-Қорқып тұр.
Бауырсақ не көрді соншама ол неге қорқып тұр? Балалар сендер неден қорқасындар?
Ойын:
«Менің көңілім» Балалар бейнелеп көрсетеді.

  1. Көбелекке ұқсап ұшыңдар,
  2. Бақа сияқты секіріңдер
  3. Кішкентай бала сияқты жүгіріңдер,
  4. Тасбақа сияқты жүріңдер

Жарайсыңдар, балалар енді бізге балабақшаға қайту керек,
Көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындаңдар
Дайынсыңдарма 1, 2, 3, 4, 5. Енді, көздерінді ашуға болады
Біз балабақшадамыз, іс-әрекетімізді әрі қарай жалғастыра берейік
Ал енді балалар қарандаршы үстелдің үстінде қаншама суреттер. Қиылған сол суреттерді жинастырайық.
Ойын:
Добым кетті домалап,
Көше бойын аралап.
Кімде добым қалады,
Сол ойынға шығады. (2-3 рет)
Жарайсындар, ал мен ұмытып кеттім ғой біздің «Снежинка» балабақшасына хат келген еді оқыйын ба?
Құрметті балалар біз ертегі саяхаттан сендерге хат жазып отырмыз. Балалар сендер бізге екі түрлі сурет,
біреуі көңілді, екіншісі көнілсіз сурет салып, конвертпен жіберіңіздерші.
Рахмет
Балалар сурет салып береміз бе?
Жаттығу:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Сурет салып отырсақ
Көңілді бала боламыз.
Балалар сурет салады. Тамаша, балалар ал енді суреттеріңді қолдарына алып оны қонақтармен бірге көріп алайық.
Диана не салдың? Сенің салған суретің көңілді ме, әлде көңілсіз бе?
Жарайсыңдар балалар суреттерді жақсы салыпсыңдар, осы суретерді біз ертегі саяхатқа жібереміз.
Қортынды:
Балалар, біз бүгін қайда барып келдік?
Сендер бүгін «Эмоция әлеміне» саяхатқа бардыңдар, онда қандай суреттерді көрдіңдер?
Көңілді, көңілсіз, ашулы, ренішті, қорқып тұрған бауырсақты көрдік.
Жарайсыңдар балалар осымен біздің бүгінгі «Эмоция әлеміне» саяхатымыз аяқталды. Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап, тапсырмаларды орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге балалар рахмет.
Қане достар күлейік
Күліп өмір сүрейік
Ашуды, кекті, ызаны
Ұмытып тастап кетейік
Достармен ойнап
Өмірді біз кешейік
Қызықты болған күндерді
Осылай біздер өтейік
— Ал, енді қонақтармен қоштасайық
— Сау болыңыздар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.