Home » Ашық сабақтар » Ғажайып математика

Ғажайып математика

Кайназарова Гулдана Елибаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№93 «Айгөлек» балабақшасы,
тәрбиеші педагог-психолог

Ғажайып математика
Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтау,  жыл мезгілдерін және апта күндерін атау, геометриялық пішіндер, геметриялық денелер туралы түсінік қалыптастыру.
Көрнекілігі:  Геометриялық пішіндер.
Балалар: оқу іс-әрекетіне би қимылдары арқылы кіріседі. Шеңбер болып тұрамыз.
Шаттық шеңбер!
Достарымның барлығын
Сыйлап жақсы көремін
Алақаным арқылы
Жылуымды беремін.
(алақанымызды ашып үрлейміз)
Негізгі кезең:
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Балалар қазір жылдың қай мезглі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс мезгілінің айларын ата?
— Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан
-Бір аптада неше күн бар?
– бір аптада жеті күн бар.-Ретімен атап береміз!
-Бүгін аптаның нешінші күні?

Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін оқу іс-әрекеніне бару үшін, мына тұрған гометриялық пішіндерден зымыран құрастырайықта сол зымыранмен таңғажайып математика еліне  ұшып барайық.  Балалар  шеңбер бойымен тұрып,  көздерін жұмып ұшады.
Бізді НЛО қарсы алады.
НЛО: -Салем балалар! Мен осы планетаның тұрғынымын. Мен сендерге арнап біраз тапсырма дайындадым. Егер тапсырмаларды дұрыс орындамасаңдар осы жерде қаласыңдар. (күледі)
Тәрбиеші:  -Салеметсіз бе, НЛО біздің балалар кез келген тапсырмаларды орындай алады.
НЛО: Олай болса балалар сендер мына допты лақтыру арқылы сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.
Тәрбиеші: Жарайды НЛО біз тапсырмаларды орындауға дайынбыз.
1-Тапсырма:
Логикалық есептер мен қарама-қарсы сөздерді табу.
Допты лақтыру арқылы сұрақ қойылады.
1.Үлкен-кіші, биік-аласа, алдында-артында, жоғары-төмен
2.Бір қоянда неше құлақ бар? Ал, үш қоянда неше құлақ бар?
3.Екі жыланда неше аяқ болады
4.Аспанда неше күн бар?
5.Ағашта 5 құс отыр, екеуі ұшып кетті ағашта неше құс қалды?
6.Екі балада неше құлақ бар?
7.Үш мысықта неше табан бар?
НЛО: Жарайсыңдар балалар. Тағы да тапсырмаларым бар, мына қораптың ішінде.
(тәрбиешіге ұсынады)

Тәрбиеші: -Ал, келесі тапсырманы орындау үшін,  геометриялық пішіндерден жасалған жол арқылы жүріп барайық. (балалар пішіндердің үстімен жүріп өтіп партаға отырады).

2тапсырма:                                                                                                                                                                                            Сендер 1-10 ға дейін санай аласыңдар ма? Ал, 10-1ге дейін кері санай аласыңдар ма? Санап беріңдерші? Тамаша жақсы санайды екенсіңдер.
-Енді алдарыңдағы карталарды алып, санның көршісін табамыз.
Көршісін тап (картамен жұмыс)
Сергіту сәті: Санамақ «Бөрік тіктім»
Балалар мына тақтаға қараңдар, бұл суретте «аз-көп» заттар бар. демек біз алдымыздағы карталарға  «<, >, =»  деген белгі қою арқылы тапсырманы орындаймыз. Ал, кеттік!
Ойын: «Сан мен цифрды сәйкестендіру» ( құрастыру арқылы)
Тәрбиеші:  Үшінші тапсырмада бізге есеп шығару керек, НЛО ( +,-) амалдарын білмейді екен.
Мәселен: НЛО ға сұрақ қояды.
-НЛО! 5 жұлдызға 2 жұлдызды қосса неше жұлджыз болады.
НЛО:   -4 жұлдыз болады.
Тәрбиеші: -Жоқ! Сен қателестің НЛО. 7 жұлдыз болады.
НЛО: -Ой, балалардан ұят болды, енді менде 6 саусақ барғой, сол үшін қателестім.
Қосуға саусақтарым жетпеді. (ұялып қалады.)
Тәрбиеші: -Сен қысылма НЛО біздің балалар саған үйретеді.
3-тапсырма:
Есеп шығару (картамен)
Тәрбиеші:  Балалар біз осы планетаға өзіміздің планетамыздан естелікке бір зат қалдырып кету керекпіз. 4
тапсырмада солай делінген
Келіңдер ортаға 1,2 деп санау арқылы 2 топақа бөлінеміз
4-тапсырма: «Сурет салу.»

  1. Шеңбер, тіктөртбұрыштар пішіндері арқылы күн бейнесін сызып, гуашпен бояу.
  2. Үшбұрыш, шаршы пішіндері арқылы үй салып, ПВА желімімен түрлі-түсті тұз себу арқылы үйді әсемдеу. (сурет салу, шығармашылық)

Тәрбиеші:  -Балалар біз осы салған суретімізді НЛО-ға табыстап кетейік. НЛО Біз барлық тапсырмаларды орындадық, енді өз бақшамызға оралсақ болатын шығар.
НЛО: -Иә, керемет ақылды балалар екенсіңдер. Жер ғаламшарына менен сәлем айтыңдар. Көздеріңді жұмып 10 ға дейін санасаңдар өз жерлеріңе жетесіңлер. Сау болыңдар!
-10-ға дейін санаймыз. Өз ғаламшарымызға ораламыз.
Тәрбиеші: -Балалар көзімізді ашып жан жағымызға қарайық, келдік пе балабақшамызға?
-Иә, (дейді балалар)
Қорытынды:

  1. Балалар біз қайда бардық?
  2. Немен бардық?
  3. Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге несімен ұнады?
  4. Біз қандай тапсырмаларды орындадық?
  5. Жалпы математика бізге не үйретеді екен?

Жарайсыңдар балалар! Осымен біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды. Мына сыйлықтар сендерге, сендер өте белсенді болдыңдар. Түсінбеген жерлер болса кешке дейін сұрасаңдар болады.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!

16 комментариев

  1. Айгерим

    Керемет 👍👍👍

  2. Өз мамандығының иесі 💐

  3. Нургуль

    Керемет Апай

  4. Керемет!!!👍

  5. Самая лучшая воспитатель, Карим вас очень любит , апай апай деп)

  6. Аитқазы

    Мақтан тұтамыз 👏

  7. Нургуль

    Керемет Апай👍👍

  8. Алғысымызды білдіреміз өз отбасымыздан!!! Балаларды тәрбиелеп, мәпелеп, жақсы көріп, ұйреткенінізге көп рахмет!!!🙏🙏🙏:Рабиғамыздан бір сәлем)

  9. Толғанай

    Өз ісінің маманы Қызым таң ертең тұра сала Апайға барамын деп асығады. Керемет кісі тек алғыс айтамын.

  10. Эльмира

    Супер Келіншек! Кәсіби маман!

  11. Өз ісінң майталманы👏👏👏

  12. Анар Кабдылмаликовна

    Керемет ,еңбегіңіз жаңа берсің!

  13. Каракоз 55 балабақшадан

    Өте жақсы, Гүлдана, еңбегіңіз жансын. Алла тек біліміңізбен, біліктілігіңізбен биіктерді бағындыруды нәсіп етсін.

  14. Эльмира Б

    Лучший воспитатель 👍 талантливый человек 👍 за пару месяцев у данного воспитателя, доча знает 10 танцев и песен 👏

  15. Дилфуза

    Керемет еңбегіңіз жансын👍

  16. Тек биіктерден көріне беріңіз😘👏
    Жарайсыз, біз сізді мақтан тұтамыз🥰

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.