Home » Ашық сабақтар » Алтын күз

Алтын күз

Мусаева Улбосын Темуровна,
Астана қаласы әкімдігінің
№93 «Айгөлек» балабақшаcы тәрбиешісі

Алтын күз

Мақсаты:Күз мезгілі туралы түсініктерін нығайту, оның ерекшеліктері мен әдемілігі, әсемдігін сезініп мерекелік көңіл күй сыйлау. Өлең тақпақтар айту, ән шырқау арқылы сөздік қорларын молайту. Сыйластық, құрмет, қамқорлық ізгі қасиеттеріне тәрбиелеу.

Әсем әуенмен балаларға  залға кіреді
М.АЙЗЕРЕ:
БЕРЕКЕСІН СЫЙЛАУҒА
ӨЛКЕМІЗГЕ КҮЗ КЕЛДІ
ЖЕМІСТЕРІН ЖИНАУҒА
ШАҚЫРАДЫ БІЗДЕРДІ

ЖӘННАТ:
БЕРЕКЕСІН СЫЙЛАУҒА
ӨЛКЕМІЗГЕ КҮЗ КЕЛДІ
КЕЛ ЖЕМІСТІ АЛТЫН КҮЗ
КЕМЕЛДЕНСІН ХАЛҚЫМЫЗ 

БАРЛЫҚ БАЛА:
ШОҒЫ ТОЛҒАН ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАП
ШАҚЫРАДЫ ЖАРҚЫН ЖҮЗ
САЙРАҢДАҒАН КҮЛІП-ОЙНАП
КЕЛДІ МІНЕ, АЛТЫН КҮЗ!

ӘН «КЕЛДІ МІНЕ АЛТЫН КҮЗ»
Жәннат:Айзере білесің бе, неге Алтын күз деп айтатынын?
Айзере:Иә, білемін. Себебі айнала барлығы алтындай жарқырап тұрады. Жапырақтар сары түске боялады.
Жәннат:Қандай керемет! Ендеше «Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар.

БИ «ЖАПЫРАҚТАР»
ӘМІРЕ:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

КӘУСАР:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

ЕЛНҰР:
Сап сары қылып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен

АЙГЕРІМ:
Соңғы шуақ төгіліп
Салқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып
Жапырақтар жүр ойнап

АСЫЛБЕК:
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жерімеКүз дейтін мереке

Данара:Балалар, жапырақтармен ойын ойнайықшы?
Нұртуған:Ойнасақ ойнайық! Біз  «Жігіттер» тобы боламыз
Данара:Ал, біз «Қыздар» тобы боламыз! Жапырақтардан 1ден10ға дейінгі сандарды жазайық! Келіңдер қыздар!
Нұртуған:ОО керемет! Жігіттер, ойынға шығыңдар!
Тәрбиеші тарапынан ойын ережесі түсіндіріледі.
ОЙЫН «ЖАПЫРАҚПЕН ЖАЗ»
М.Айзере:Күз мезгілін біз Жомарт күз деп те атаймыз. Оның себебі…
Жәннат:Мен білемін, себебі жеміс-жидектер, көкөністер барлығы күзде піседі.
М.Айзере:Егін пісіп, халық мол өнім жинап алады.
Жәннат:Біздің де жігіттер биыл мол өнім жинап алды…
ЕКЕУІ БІРГЕ:Қарсы алыңыздар «Егіншілер биі»
БИ «ЕГІНШІЛЕР»
ЕРАСЫЛ:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

С.АЙЗЕРЕ:
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз

НҰРИСЛАМ:
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!

АЯУЛЫМ:
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

 М.АЙЗЕРЕ-ЖӘННАТ:
НҰРҒА БӨЛЕП ӨМІРДІ,
ЖЫРҒА БӨЛЕП КӨҢІЛДІ
ЖАРҚЫРАҒАН СӘУЛЕЛІ
КҮЗ ӘУЕНІ ТӨГІЛДІ!
ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР  ӘСЕМ ӘН «АЛАҚАЙ,КҮЗ КЕЛДІ!»

 ӘН «АЛАҚАЙ, АЛАҚАЙ»
Тәрбиеші:Балалар керемет ән айтып,ойын ойнап тақпақ айтып жатырсың. Қазір сендерге әрі қонақтарға арнап Айару достарың тамаша би билеп береді. Қол соғып қарсы алайық!

БИ «БАҚЫТ ҚҰСЫ»
НУРИКАМАЛ:Жансель, Айару керемет биледі!
ЖАНСЕЛЬ:ия,мағанда ұнады
НУРИКАМАЛ:бірақ қонақтардың іші пысып отырған сияқты…
ЖАНСЕЛЬ:менде бір идея бар?
НУРИКАМАЛ:қандай?
ЖАНСЕЛЬ:қонақтармен ойын ойнайық!
НУРИКАМАЛ:Тамаша! кеттік, қонақтарды ойынға шақырамыз.

БИ «КҮЗГІ ВАЛЬС»
ТӘРБИЕШІ:Осымен мерекелік ертеңгілігіміз соңына таяп қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет. Ал, балалар күз мерекесіне арналған  әнімізді орындап берейік!
ӘН «Күз келгенде балалар»
БАРЛЫҚ БАЛА:
БЕРЕКЕЛІ БАҚ ДӘУЛЕТ
АРТА ТҮССІН ТОЙЛАНЫП
САУ БОЛЫҢЫЗ БӘРІҢІЗ
КЕЛГЕНШЕ ЖЫЛ АЙНАЛЫП!

АНЫҚТАМА
Тобы: «Жомарт» мектепалды даярлық тобы
Ертеңгілік тақырыбы: «Аяулы күз-алтын күз»
Өткізілген күні: 01.11.2023 ж.
Қатысқан балалар саны: 32 бала
Ертеңгілік тәрбиеші мен музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен жоспарлы түрде уақытылы өткізілді. Құрылымы жағынан мектепалды даярлық

One comment

  1. Гулдана

    Жарайсыз ,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.